Ет экспорты: Қазақстан мүмкіндігін толық пайдаланбай отыр

23.10.2019, 08:55

47

Ет өндірісі –Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында жетекші орынға ие шаруашылықтың бірі.Қазақтың етті жақсы жейтінін ылғи айтамыз ғой, бірақ, ет өндірісі қазандабүлкілдеп қайнайтын, табақ-табақ болып қонақтың алдына тартылатын етпенөлшенбейді. Ет өндірісі – өзінің әр түрлі саласымен және еттен алынатынөнімдердің көптігімен де қызық. Сол себепті, Қазақстандағы ет өндірісі дегендетек ет саудасы немесе ет экспорттау, мал сою, мал бордақылау алаңдарын айтаберу аздық етеді. Бұл өзі бірнеше бағыт бойынша бір-бірімен тығыз байланыстыүлкен салалардың басын қосатын маңызды шаруашылық.

Ет дегенденегізінен төрт түлікті алдымен атайтын қазақ қазір түрлі құс шаруашылығын дажоғарғы деңгейде меңгеріп келеді. Соңғы жылдары үкіметтің ауыл шаруашылығынакөңіл бөле бастағаны, мал бағам, жер жыртам, дән себем, қора салам дегеншаруаларға түрлі бағытта жеңілдіктер мен қолдаулар көрсете бастағаны белгілі.Мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несие ұсынып, субсидиябөліп дегендей, көптеген шаруалар мен кәсіпкерлерге дем беріп-ақ жатыр. Соныңарқасында соңғы кездері құс, мал өсірушілер мен ет өндіретін орындардыңашылғанын жиі еститін болдық. Бұған дейін мал өсіруге таулы аймақ оңтайлы дегентүсінікпен, мал шаруашылығы десе шөбі шүйгін, өрісі бітік өңірлерге қарайлайберетінбіз. Оның өзіндік пайдасы болғанмен қиындықтары да жоқ емес. Өзіңде азболған соң алыстан тасуға тура келеді, сол себепті, оңтүстік жақтан ет тасусолтүстіктегі ағайынға оңай болмайтын. Жолға кететін шығыны бар, басқасы бар,тасымалдау шаруаға да, тұтынушыға да оңай тимейтін. Қазақстанның бір бұрышынанекінші бұрышына тасып жүргенше деп кейді солтүстіктегі ел Ресейден әкелесалғанды құп көретін. Кедендік одақ құрылып, шекарадан ары-бері өту оңайланғалыРесейдің еті Қазақстанның ет  шаруашылығынабасты бәсекелес болғаны тағы белгілі. Осындай жағдайда ет өндірісін жай ғанадамытып қана қоймай, арнайы бағдарламамен, жан-жақты ойластырып барып дамытумаңызды еді. Осыны ескерген кәсіпкерлер де мемлекеттің қолдауымен түрлі бағыттақимылдай бастады. Мәселен, астықты өңір саналатын Ақмола, Солтүстік Қазақстансияқты облыстарда фермалар мен құс зауыттары көптеп ашыла бастады. Бұл өзкезегінде біраз мәселені оңтайлы шешуге ықпал етті. Қазір осыған орай СолтүстікҚазақстан облысында Ет өндірісі кластерін құру жайы жиі айтылып жүр. Бұл мәселесөз болған тағы бір жиын – Бурабайда өткен «Дамудың жаңа аумағы» аттыбизнес-форумы. Мемлекеттік сектор мен агроөнеркәсіптік кешен өкілдері қатысқанфорумның Бурабайда өтуі де көп нәрсені аңғартатын болса керек.

Жалпы еліміздіңсолтүстік өңірлерінде ет өндірісі кластерін құру биыл ғана емес былтырдан беріқолғак алынған шаруа. Айталық, былтыр ғана Ақмола облысында құс фабрикасы іскеқосылып, өз жұмысын бастап кеткен. Жылына 50 мың тоннаға дейін құс етінөндіруге қауқарлы бұл фабрика еліміздегі ең ірі ет өндірісі орындарының біріболмақ. Бірі болмақ деп жатқан себебіміз, қазір бұл фабриканың бірінші кезеңіғана іске қосылды. Енді алда екінші кезең аяқталуға тиіс. 2015 жылдан берісалынған бұл фабрика бір жыл ішінде 25 мың тонна құс етін өндіреді. Салынғанқаржы да қомақты – 46,5 миллиард теңге. Ал, соның алғашқы кезеңіне кеткен қаржы– 33,5 миллиард теңге екен. Мұндай көлемде салынған ақша негізінен инвестициятарту бойынша іске асқан. Инвесторлардың осынша қаржы салуы да Қазақстандағыауыл шаруашылығы, оның ішінде ет өндірісінің болашағының бар екенін білдіреді.Өйткені, көп жағдайда дамыған шет елдерден келетін инвесторлар қандай да бірсалаға инвестиция салу үшін алдымен сол елдің нарығын, бағытын, тұрақтылығын,мемлекеттің бөліп отырған көңілін, тағы-тағыларын зерттейді. Содан кейін ғанақаржы сала бастайды. Демек, Ақмола облысы Бұланды ауданында ашылған Макинск құсфабрикасы Қазақстан ғана емес, Орта Азиядағы ең үлкен құс фабрикасы. Бұл даҚазақстанның солтүстік өңірі де алдағы уақытта ет өндірісі бойынша жетекшіаймақтарға айналады деген сөз.

— Алдағы үш жылішінде құс фабрикасына 150 миллион АҚШ долларын салуды көздеп отырмыз. Осыншақаржыға өндіріс орнын дамытамыз. Соның арқасында, өндірілетін еттің көлемі –120 мың тоннаға жетеді деп күтілуде, — дейді құс етін өндіретін фабриканың басдиректоры Серік Толықбаев.

Мақтаулы құсфабрикасының басшысы форум кезінде тек құс фабрикасы ғана емес, ол орналасқанМакинск қаласын дамытуға да көңіл бөлетіндерін, алдағы уақытта қаланы түрлібағытта дамыту үшін 250 миллион инвестиция салынатынын атап өтті. Жалпы, бірғана Макинск құс фабрикасының ашылуы – өңірді ғана емес, елордадағы дүкенсөрелері мен сауда орындарын да етпен қамтуды қамтамасыз етеді. Әрине, түгелдейигермейтіні түсінікті, дегенмен, астығымен атақты өңірдің құс еті бойынша өзгеөңірлерге ғана емес, шетелдік ет өндірушілерге де лайықты бәсекелес болуы көңілқуантады. Оның сыртында аудан орталығындағы жұмыссыздықты жою, азаматтардыжұмыспен қамту жағынан да мұндай өндіріс орындарының маңызы зор. Мысалға алсақ,бір ғана құс фабрикасы алдағы уақытта мыңға жуық адамды жұмыспен қамтымақ.

Форумда құсфабрикасы басшылығы облыстық әкімдікпен алдағы 10 жылға жоспарланған шаруаларжөнінде меморандумға қол қойғандарын айтты. Екі жақты жұмыс аясында еліміздегіауыл шаруашылығы мамандары мен шетелдік инвесторлардың тығыз қарым-қатынастажұмыс істеуі солтүстік өңірлердегі ет өндірісіне жан бітіретіні сөзсіз.Өйткені, Ақмоладағы теңдессіз құс фабрикасының ашылуы, үлкен кәсіпорынның жұмысістеп тұрғаны өзгелерге үлгі болып қана қоймай, біраз кәсіпкерге қозғаусалатыны анық. Мәселен, осы аталмыш фабрикадан шығатын құс етін тасымалдайтынқаптама шығаратын зауыт ашу мәселесі де талқыланып жатыр. Өйткені, қазірфабрика қатты картондарды сырттан импорттауға мәжбүр болып отыр. Форумда бұлзауытты ашатын инвесторлар да қатысты. Міне, бір өндіріс ошағының ашылуы өзгесалаларға да қозғау салады дегеніміздің бір дәлелі осы.

Жалпы Қазақстанғашетелдік инвесторлардың қызығушылығы мол екенін айттық. Соның бірі осы форумғақатысушы австралиялық ірі қара малын экспорттаушы ірі компанияның бас менеджеріТом Слайтер. Ол да Қазақстанда мал өсіріп, ет өндірісімен айналысудың болашағымол деп санайды.

— Бізқазақстандық ұйымдармен байланыс орнатсақ дейміз. Тәжірибеміз де мол, әлемніңбарлық бұрышында өз жобаларымыз бар. Соның бірін Қазақстанда іске асырсақ екітарап та үлкен табысқа кенелер еді, — дейді ол.

Австралияныңәлемдік ет нарығында жетекші елдердің бірі екені белгілі. Әсіресе, қойшаруашылығы бойынша Австралия көптеген елдерге үлгі болып келеді деуге болады.Қой шаруашылығы Қазақстан үшін де соншалық таңсық емес. Дегенмен, әлемдегіжетекші елдер қатарына қосылу үшін әлі біраз жетістікке жетуге тура келеді.Форумға келген мамандар оның жақын арада іске асыруға да болады дейді. Олардыңайтуынша, ет өндірісінің жетекші саласы – қой шаруашылығы болуға тиіс. Олардыңсоңғы жарты жылда жүргізілген статистикалық зерттеуі бойынша Қазақстан жылына 2миллион тоннадай қой етін өндіре алады. Өйткені, Қазақстанның көп жері құрғақдалалы зонаға жатады. Жер де кең. Осыны ескерсек, көбіне жайылымды жақсыкөретін қой төлін Қазақстанда көбейтуге мүмкіндік мол. Сиыр етін өндіруді 1,5тоннаға жеткізуге болады. Оның 800 мың тоннасын экспорттауға мүмкіндік бар. Ал,құс етін – 1,2 миллионға жеткізуге болады. Оның да 800-900 мың тоннасыэкспортқа кетеді. Ол үшін мемлекет тарапынан жайылым жер, су, басқа дашаруашылыққа қажет дүниелер қарастырылса болды деп есептейді.

Айта кету керек,қазіргі уақытта ішкі тұтынуды түгелге жуық қамтамасыз етіп отырған сала – сиыреті өндірісі. Жылына 477 мың тонна сиыр еті өндіріледі. Әрине, оның бір бөлігіэкспортқа кететінін ескерсек, сырттан келетін импорт көлемі де өсе түсетінінанық. Одан кейінгі орында 191 мың тонна ет өндірумен құс шаруашылығы тұр. Алмамандар Қазақстандағы жетекші ет өндірісіне айналуға тиіс деген қойшаруашылығы әзірге 150 мың тоннамен шектеліп отыр. Одан кейінгі орында 86 мыңтоннамен шошқа шаруашылығы тұр.

Қазақстандық етшаруашылығы дегенде мамандардың алдымен айтатыны – экологиялық таза, сапалыөнім шығаруға күш салу. Өйткені, қазір әлем түрлі протеиндермен қоректенетінмал етінен гөрі таза табиғи жолмен өскен малдың етін тұтынғанды ұнатады. Ал,Қазақстанда мұндай таза, табиғи өнім өндіруге мүмкіндік мол. Жер кең, ауа датаза, топырақ құнарлы. Топырақ құнарлы болған соң онда өсетін өсімдік теқұнарлы. Демек, ондай жерде жайылған малдың еті де дәмді болмақ.

ФорумдаҚазақстанның ет экспорты көлемінің өте төмен екені сөз болды. Бұл Еуразияқұрлығының дәл ортасында орналасқан, бес елмен бірдей шектесетін Қазақстан үшінөте аз көрсеткіш. Ары-бері тауар тасуға ыңғайлы орналасқанын есепке алсақ,даласында да, тауында да малға азық болар шөптің жақсы өсетінін қоса есептесек,жерінің кеңдігін тағы айтсақ, Қазақстан әлемдік ет экспортында алдыңғыорындардың қатарында тұру керек. Ол күн де алыс емес сияқты, өйткені, аталмышбизнес форумға қатысушылар халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанныңәлеуеті зор деп бағалады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57