Ет өндірісі сыртқы нарықты да игеру жолында

06.08.2019, 16:58

27

Мал шаруашылығы бір қарағанда қазаққа соншалық таңсық емес сияқты. Бірақ, заман жылдар бойы мал бағумен айналысқан қазақ халқы жаңа заманда ет өндіруден жетекші елдер қатарына әлі де кіре алмай келеді. Сол себепті, соңғы жылдары ауыл шаруашылығына шындап мән бере бастаған тұста мал өсіру мен ет өндіруге ерекше көңіл аударыла бастады. <span style=«font-family:Roboto, sans-serif, » font-size:14px;"="">«Сыбаға», «Алтын Асық» және «Ырыс»  сияқты бағдарламалардың арқасында қазір бұл салада біраз жетістіктер бар.

Ерекше айту керек, қазір елімізде іріқараның саны артып келеді. Статистикаға сүйенсек ірі қараның саны 8 млн  639мың басқа жетіп отыр. Оқ бойы озып тұрған Алматы облысы 1 млн 229 мың, кейінненТүркістан облысы 1 млн 158 мың, Шығыс Қазақстан өңірі 1 млн 218 мыңға жеткен.Ал бұл көрсеткіш бойынша кенже қалып отырған Маңғыстау 191 мың бас депкөрсетіліпті.

Бұған қарапҚазақстанда мал шаруашылығы дамып келе жатыр деп айтуға болады. Мал өсіру үшінең керегі жайылым болса, ол бізде бар. Жер көлемі жөнінен 9-орын алатынҚазақстанның көп бөлігі бос жатқан жерлер. Демек, жайылым жағынан еш қиындықжоқ. Тек, көзін тауып кәсіпті игере білсең болғаны. Кәсіп демекші, жоғарыдағыстатистикаға үлесін қосқандардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлер. Агроөнеркәсіп саласынжетілдіріп отырған, бүгінде ел ішінен бөлек экспортты да жолға қойғаншаруашылық иелері артып келеді екен. Оған мына цифрларға қарап тағы бір көзімізжеткендей болды. Соңғы деректер бойынша елімізде жылқы саны 3 миллионнанасыпты. Нақтырақ айтсақ 3 млн 109 мыңға жеткен екен. Қарағанды облысында 443мың бас болса, 373 мыңмен Алматы облысы екінші орында тұр, ал үшіншіорындағы Түркістан өлкесінде 352 мың жылқы бар.

Төрт түліктітүгендейтін болсақ ірі қара мен жылқыдан бөлек ұсақ малмен айналысатын кәсіпиелерінің көрсеткіші де жаман болмаған сыңайлы. Айталық, қой мен ешкінің саны 24млн 535 мыңға жеткен. Бұл жолы үздік үштікті бастайтын Түркістан облысы 5 млн232 мың қой бағып отырса, 4 млн 667 мың қой Алматы облысында бағылуда. Ал,3 млн 496 мың басы Әулиеата өңіріне тиесілі.

Құстың саны 46 млн761 мың екен. 10 млн 305 мың Алматыда, 8 млн  326 мың Ақмола өңірі, 5 млн 696 мың СолтүстікҚазақстан аймағында. Құс шаруашылығы негізінен ет өндірісі тұрғысында. Оданбөлек жұмыртқа өндіру ісі де осы шаруашылыққа кіреді. Демек, бұл көрсеткішалдағы уақытта тағы да өсе түсуге тиіс.

Ал, малшаруашылығында біздің елде баяу дамып отырған ол шошқа шаруашылығы. Қазақстанбойынша шаруашылықтардағы шошқа саны 963 мың екен. Әрине, бұл шаруашылықтыңнеліктен соншалық дамымай қалғанын болжауға да болады. Шошқа өсірушілер көпжағдайда ішкі өнімнен гөрі сыртқа экспорттау мәселесін ойлап тұрады. Өйткені,мұсылман елдерінде шошқаға сұраныс жоқ екенін ескерсек, бұл проблеманың қайданшығып отырғанын түсіну қиын емес.

«Ауыл шаруашылығысаласы ел экономикасына тікелей әсер етеді», дейді Республикадағы Ет Одағыныңбасқарма төрағасы Мақсұт БАҚТЫБАЕВ. Айтуынша, осы сала елдегі жұмыссыздардыңсанын азайтуға үлкен үлесін қосып отыр. Төрағаның сөзінше, шаруашылықтардыңкөбі ауыл маңында болатындықтан, әсіресе ауыл тұрмысының жақсаруына пайдасынтигізетін бұл ғажап сала екен.

«Агроөнеркәсіпті кешенде бизнесмендердің үлесі басым.Міне осы жандар өнім шығарады. Технология енгізеді. Саудамен айналысады.Осылайша істі табысты етеді. Сондықтан да бірінші кезекте салаға кәсіпкерлердікөптеп тартуымыз керек. Иә, мұндағы адамдар ірі емес. Орта және шағын бизнеспенайналысады. Жылына 20-30 миллион теңге ақша табады. Бірақ олар тұрақты.Сонысымен маңызды. Қазіргі таңда Австралия, Канада, Солтүстік Америка, тіптіБразилияда ұсақ кәсіпкерлерге көп көңіл бөлінген», — дейді Мақсұт Бақтыбаев.

Иә, Америкаменөзімізді салыстырмаймыз. Дегенмен, ондағы сияқты «шағын кәсіп иелеріне көңілбөлу» деген қарапайым дүниелердің бізде де болғаны өзімізге жақсы. Әйтпесе,кәсіпке келудің өзі мұң болып қалары анық. Қазір Қазақстан ет шаруашылығыменайналысатын шаруалар орналасқан ауылдарда құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіпжатыр. Мұнда елді-мекендерде әлеуметтік маңызы бар нысандарда тұрғызу қолғаалынған. Бұл әрине тұрғындар үшін өте жақсы. Ал бизнеске қосымша жүк. Бірақбұған кәсіпкерлер қарап жатқан жоқ. Істі дамыту үшін ауылдарға көңіл бөлінуітиіс.

Бұл саланың ілгерідами беруі үшін бізде тағы қандай кедергі бар? «Кәсіп иелерінің кемшілігінеде?» десек, шетелдік ғалымдардың мынадай пікіріне тап боласыз. Жиі айтылыпжүргені – «Ұсақ кәсіпкерледің бір өрескел қатесі ол – шағын аумаққа өте көпмалды жаю». Ол рас, бір аумаққа бірнеше шаруашылықтың малы жайылып, бір суаттансу ішетін жағдайлар кездеседі. Жаңағы ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдайда солжердің топырағы құнарын жоя бастайды. Мал санына қарай жайылым аумағын даескеру қажет. Әйтпесе, өрісін ерте жеп тауысатын жаман қойшының кебін киіп, малбасын өсіру тұрыпты, барын дұрыс баға алмай қалуымыз мүмкін. Жеріміз кең депарқаны кеңге салудың да қажеті шамалы. Өйткені, қазір әлемде ет шаруашылығыөрістегі малмен емес, қорадағы бордақы малдың салмағымен өлшенеді. Тез өсіру,көп салмақ жинау үшін түрлі жем-шөптер ойлап шығарылуда. Соны барлығынҚазақстан да толық меңгермей, ет өндірісінде алдыңғы қатардан көріне алмайды. Заманауитехнологиялар мен ет өндірісі әдістерін жаппай қолданысқа енгізген жағдайдаҚазақстанда екі бірдей проблема өз өзінен жойылады. Біріншісі – өрістің тарлығымәселесі, екіншісі өндіріс көлемін ұлғайту. Әрине, қазір атқарылып жатқаншаруалардың дені осы проблемаларды шешуге бағытталған.

Қазіргі ет өндіруісі бойынша атқарылып жатқан тағы бір шаруа – осы саладағы маркетингмәселесі.Бұл бағыт бойынша шаруа ақсап тұр деуге болады. Елдегі экспорттың деңгейінкөтеру үшін де, кәсіпкердің жеке табысының артуы үшін де бұл маңызды дейдішетелдік ғалымдар. Тауар өндірісі күшею үшін шаруаларға сұраныс мол болуыкерек. Ал, ол сұраныстың көп жағдайда сыртқы сұраныспен келетінін ескерсек,маркетинг мәселесі әлемдік бәсекеге бейім болағын абзал. Әлбетте, экспортқашығару үшін өнімің мінсіз һәм сапалы болуға тиіс. Осы жағынан алғанда, қащзіргімал басы санын арттыру ғана емес, тұқымдарды асылдандыру саласында атқарылыпжатқан шаруалар да маркетингтің алғышарттары деуге болады.

Ауылшаруашылығысаласындағы айтылып жүрген тағы бір дүние ол – тұқымды түрлендіру. Бұл жөнінде«Сыбаға» бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Сондағы статистиканы қарап көргенедік. Бүгінде асыл тұқымды мал алу үшін 766 мың 161 бас аналық сиыр, 43мың 431 бұқа  қатысып жатыр, бұліспен елде 19 мыңнан аса кәсіпорын айналысуда деген дерек шықты. Көбіне малдыңасылтұқымын іздесек шетелдің терезесіне телміретініміз белгілі. Ал, қазіргіқолға алынып жатқан жұмыстар аздап болса да түйіткілдің шешілуіне жағдай жасауыәбден мүмкін.

Ал, аталғансаладағы мәселелер жөнінде кәсіптің иелері қажетті техникалардың бағасы жөніндепроблемасын айтады.

«Малды өсіру үшін арзан әрі сапалы жем-азық қажет. Ал оныдайындауға бірінші кезекте ауыл шаруашылығы техникасы керек. Сондықтан, трактортағы басқаларының бағасы қалта қақпаған жөн. Ал, Қазақстанда олай емес. Алатындүниенің құны қымбат. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргенде енді техникаларшетелдердегідей арзан болады ғой деп ойлағанбыз. Өкінішке қарай, ойлағанымызжүзеге аспады. Бірақ, алдағы уақытта баға төмендейді деп жатыр. Оны асығакүтеміз», — дейді кәсіпкер Бауыржан ОСПАНОВ.

Кәсіпкерлердіңталабы елдегі агробизнесті дамытамыз деп дайындалатын қандай жоба болсын халыққажан-жақты толық дайындалып ұсынылса дейді. Бұның ішінде білім беру мәселесі дебар. Тәжірбиелі кәсіпкерлердің қазіргі жас ауыл шаруашылығы мамандарынакүмәнмен қарайтыны да бар болып шықты. Кәсіпкерлер кейбір бағдарламалар жартылай әзірленгенін айтады. Әлі де қарастырыпнақты нұсқасын бекіту керек дейді олар.

«Мысалы менің өмірімде мынадай жағдай болды. Мағаннысанды тұрғыз, іс барысында мемлекеттен көмек ақша беріледі деді. Бірақ,қаражатты қажет кезде емес, шамамен екі жылдан соң алдық,» — дейді БауыржанОспанов.

Жақында елордадаүкімет отырысы өтіп еді. Осы жарты жылда мал шаруашылығының жалпы өнімі 10 пайызғаұлғайды деген. «Мәселен» деп мына статистикаларды көрсеткен.  Қаңтар-маусым аралығында 477  мың тонна сиыр еті өндіріліп, ішкі өнімнің 98пайыз үлесін қамтамасыз етіпті. Енді ішкі сұраныс қана емес, экспортмәселесінде де осындай ірі көрсеткіштерге жету үшін көптеген шаруаларатқарылуға тиіс. Бұл жағынан әлемнің алпауыт елдерімен әріптестік орнатылукерек. Әріптестік жағынан қазақстанның ашық саясат ұстанып отырғаны мәлім.Инвесторлар соңғы 10 жыл ашмасында көптеп келіп жатқаны аян. Демек, «Мал баққанелміз» деп мақтанатын Қазақстанның  етөндірісі бойынша жетістіктері алда деуге болады.

Жалпы алғанда қазірет өндірісіне Парсы шығанағы көп қызығушылық танытып отыр. Ал, бұл бағыттаатқарылып жатқан шаруалар жайлы ауыл шаруашылығы министрлігі:

«Мемлекеттікбағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі нарықтардың қол жетімділігін жәнеэкспортты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қытай нарығы 13 өнімтобына (балық өнімдері, асыл тұқымды жылқылар, мұздатылған қой, бал, бидай,бидай кебектері, соя бұршақтары, сойылған жылқылар, рапс шроты, сиыр еті,жоңышқа шөп, ұн, өсімдік майы, арпа, жүгері) ашық. Иран тарапымен тірі қой,мұздатылған және салқындатылған қой, сиыр, тағамдық жұмыртқа жеткізугеветеринарлық талаптар келісілді. Сауд Арабиясы Корольдігімен қазақстандық іріқара және ұсақ малдарды сою және өсіру үшін экспортқа ветеринариялық сертификаткелісілді. Бахрейнге сиыр еті мен қой етін экспорттау жүзеге асырылуда.Нәтижесінде Қытайға экспорт 30,4%, Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ,САК, Оман, Бахрейн) 4,1 есе, Иранға 2,1 есеге, Еуроодаққа 14, 6% артты», депмәлімдеді.

Фото: inbusiness.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:50
Зейнетақы жүйесін тағы өзгерту жоспарланып отыр
Еркежан АРЫН 29.10.2020, 10:25
Сауда интеграциясы экономикаға тиімді әсер етеді
Еркежан АРЫН 29.10.2020, 10:22
Тұтынушының құқын қорғай алып жүрміз бе?
Бақытжан ТОБАЯҚ-ТЕГІ 29.10.2020, 08:59
Жекешелендіру зардаптары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 15:38
Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 12:16
Доллар бағамы 430 теңгеден асты

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04