21.06.2019, 16:41
210
Бүгін Алматыоблысы, Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында «Лепсі-2019» атты еттімал шаруашылығының республикалық форумы өзжұмысын бастады.Бұлтуралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.
Былтырғы 2018 жылғы дерек бойыншаАлматы облысы республикада ет өндіру жағынан алғашқы орында. Ішкі сұраныстың30,8% жетісулық кәсіпкерлер қамтамасыз етеді. Оданк ейінгы орныдарда ШығысҚазсқтан мен Ақмола облыстары.
Форумның басты мақсаты – елдегі еттімал шаруашылығын кешенді түрде дамытып, мал тұқымын асылдандыру жағын талқылау.Жиынға жергілікті билік өкілдері, Ауыл шаруашылық министрлігі өкілдері, АсылжанМАМЫТБЕКОВ басқаратын Ет одағы, Ақбас, Ангус, Герефорд асыл тұқымды сиырпалаталары және ет өндіруші кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшыларықатысты.
Жалпы, Қазақстанда өндіріліпжатқан ауыл шаруашылығы өнімінің 45% мал шаруашылығына тиесілі. Сондықтан даАлматы облысында ұйымдастырылған форумның маңызы да зор. Үкіметтен осы салаға2017-2021 жылдарға 35,9 млрд теңге бөлінген.
Форумда Алакөл ауданының әкіміӘлібек ЖАҚАНБАЕВ былтырғы жылы аудандағы ауыл шаруашылығы өнімі 35 млрд 636 млнжеткендігін баян етті.
Форумның алғашқы күні Үшаралдағымәдениет үіндегі пікір алмасудан басталды. Етті мал шаруашылығының қазіргіжағдайы, осы салаға несие алу және Ауыл шаруашылық министрлігінен бөлінетінсубсидия хақында әңгімелер айтылды.
Жиынға қатысушылар Шынжылыауылындағы «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС мен Көлбай ауылындағы ет өндірет цехтіаралады.
Фото:elarna.net
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР