Ғарыш саласы қазынаға пайда әкеле алды ма?

Еркежан АРЫН

22.10.2020, 05:10

901

Қазақстанда ғарышты игеру тұрғысынан көп шаралар жасалды. Бүгінде ол ғылыми, өндірістік және коммерциялық қызмет саласына айналып отыр. Ел өз экономикасында ғарыштық технологияларды белсенді түрде ілгерілетуде. Онда барлығы атап айтқанда, бүкіл ел бойынша телевизиялық хабар таратуды және интернетке қосылуды қамтамасыз ететін екі байланыс жерсеріктері, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтайтын екі жерсерік (ЖҚЗ) және ионосфераны зерттейтін ғылыми жерсерік бар.

2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетке сәйкес, бұл жобаларға 1,7 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. 2020 жылы 13 мамырда жобаның егжей-тегжейлі жоспары бекітілді. Қазір Аэроғарыш комитеті мен «Бәйтерек» БК АҚ арасындағы мемлекеттік тапсырысқа арналған келісімшартты қоса алғанда, жоба бойынша келісімшарттарды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Байқоңыр ғарыш айлағын сақтау мен дамытудың екінші ғарыштық жобасы бойынша (Гагарин ұшырылымы) Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және БАӘ арасында үшжақты үкіметаралық келісім дайындалуда, келісім жобасы тараптардың ғарыш ведомстволарында қаралып, мақұлданды.

Осы жоба аясында №1 тарихи ұшыру кешенін (Гагаринский старт) жаңғырту жоспарлануда. Бұл ұшыру кешені 1957 жылы құрылған және 2019 жылға дейін жұмыс істегені белгілі. Зымыранды модернизациялау одан жаңартылған «Союз – 2» ғарыштық зымырандарын ұшыруға мүмкіндік береді.

Модернизациялау жұмыстарының жалпы құны, шамамен 84 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ ескірген технологиялық жабдықты ауыстыру жұмыстарын қамтиды.

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің бүгінгі нәтижелері бойынша, 35 салалық геосервистің арқасында пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерінің кең аумақтары, ағаш кесу, ормандардың өртенуі және қоқыс полигондары анықталды. Бас прокуратураның мәліметінше, ғарыштық мониторингтің көмегімен кадастрлық құны 149 миллиард теңгені құрайтын жер учаскелері айналымға қайтарылды.

Қазақстанда ғарыштық технологияларды құрудың тағы бір маңызды жобасы – ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін салу. Бұл нысан 2019 жылдың соңында құрылыс бөлігіне қабылданды. Бірегей жабдықты іске қосу және өндірістік алаңдарды сертификаттау күтілуде. «Кешеннің міндеті – ғарыш аппараттарын өндірудің әлемдік нарығына кезең кезеңімен енуімен жер серіктерін құру кезінде импортты алмастыруды арттыру».

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы, т.ғ.д., профессор Марат Нұрғожин бұл турасында былай дейді:

– Біздің елдегі ғарыштық зерттеулер он жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Шынында, олардың саны 70-тен асады. Әлемге әйгілі көрнекті ғалымдардың есімдері – В.Г. Фесенкова, Г.А. Тихова, У.М.Сұлтанғазин, Т.Б. Омарова, В.И. Дробжев – сонымен байланысты. Осы уақыт аралығында әлем эволюциясы процестерін зерттеу, күн-жер байланыстары физикасы және Жерге жақын кеңістіктегі динамикалық процестер сияқты белгілі ғылыми топтар қалыптасты. Біз ғылыми зерттеулерден бастап, ғылыми сыйымды өнімді әзірлеуге және тәжірибеде қолдануға дейінгі үзіліссіз циклды қамтамасыз етеміз. Тек соңғы бес жылда ҚР-ның 10 патенті алынды, құрылған ғылыми-техникалық өнімдерді енгізудің 22-ден астам актілері алынды. Бірден атап өткім келеді, Қазақстан «Мир» стансасында және Халықаралық ғарыш стансасында біздің батыр-ғарышкерлеріміз Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтің қатысуымен бес ғылыми бағдарламаны жүзеге асырды. Қазір ҚР цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің тапсырмасы бойынша Қазғарыш пен «ҰҒЗТО» АҚ қазақстандық ғарышкерлердің Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшуының алтыншы ғылыми бағдарламасын қалыптастыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізуде. Арнайы құрылған жұмыс тобы Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары ұсынған ХҒС бортында эксперименттер жүргізуге арналған жобаларды мұқият таңдап алды. Бағдарламаны Қазғарыш мақұлдап жатыр және оны Роскосмос одан әрі зерттейтін болады.

Осы жылдың наурыз айында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қолданыстағы ғарыш аппараттарының базасында Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) спутниктерінің жалпы орбиталық шоқжұлдызын құру идеясын ұсынған болатын. ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовтың айтуынша, «осылайша, біз ЕАЭО аумағын сенімді жиілікпен жауып, оның негізінде ауыл шаруашылығы, экология, су, полигондар бойынша өте ұтымды шешімдер қабылдай аламыз».

Қазіргі кезде Ресей, АҚШ, Еуропалық ғарыш агенттігі, Үндістан мен Қытай коммерциялық ұшырулармен айналысуда. Қазақстан да ғарыштық державалардың бірі болуды мақсат тұтады. Мұндай амбицияларды республиканың аумағында бұрынғы кеңестік Байқоңыр космодромының болуы алға тартады. Алайда ол тек ұшыру алаңдары мен құрастыру-сынақ ғимараттары үшін ғана емес, сонымен бірге, энергетикалық инфрақұрылым үшін де тозудың жоғары дәрежесіне ие. Барлығы жаңғыртуды қажет етеді және оған ғарыш айлағын пайдаланғысы келетіндер ғана қаражат бере алады.

Қазақстанда қажетті инфрақұрылымдық компоненттер бар. Нақтырақ айтқанда, компоненттер шығаратын кәсіпорындар мен жер серіктері, еуропалық Airbus Defence and Space компаниясы құрған екі KazSat жер серігінен тұратын байланыс жүйесі және 2015 жылдан бері жұмыс істейтін Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі. Жұмыс істеген жылдар ішінде қашықтықтан зондтау деректерін коммерциялық сатудан түскен кірістер Қазақстан Республикасында 760 миллион теңгені, ал шетелдерде 143 миллион теңгені құрағанын атап өткен жөн.

Қазақстанда 60 дифференциалдық станса орналасқан, олар белгілі бір объектілердің орналасуын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Алайда қолжетімді спутниктер нарыққа барлық қызмет түрлерімен шығу үшін жеткіліксіз болып табылады.

Космонавтикасы дағдарысқа ұшыраған ЕАЭО елдерінің ешқайсысы, соның ішінде, Ресей де, бүгінде толыққанды топтастыруды құра алмайтындықтан, оларды бір топқа біріктіру идеясы пайда болды. Республика үлкен спутниктік операторлармен ынтымақтастықты қажет етеді. Негізгі проблема – қолдау жүйесінің және серіктестер үшін сенімді беделдің болмауы. Қазақстан жобаға қатысушы барлық елдердің мүдделерін ескеретін және байланыстыратын тетіктерді табуы керек.

Бұл елдегі байланыс жүйелерінің сенімділігін арттырып қана қоймай, деректерді беру тарифтерін төмендетуге, яғни жасалған жерсеріктердің шоқжұлдыздарын әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!
Сайт әкімшілігі 19.11.2020, 16:09
2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56