Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?

Қарлығаш Зарыққанқызы

15.09.2020, 04:51

1544

Құлағы түрік жандардың дені нақ қазір  не қымбаттайтынын, тағы қандай қызмет құнының бағасы аспандайтынын, қандай мүліктің бағасы шарықтайтынын өзінше сараптап, сақ жүр. Сондай сараптаулардың ең басты тізімінде талай қазақтың арманы болған баспана бағамы  тұр.Сарапшы мамандардың пайымдауынша, елдегі банктер болашақта сыртқы қарыздарынан құтылудың барлық амалдарын қарастыра бастайды. Осы тұста банктер өздерінде кепілде тұрған үйлерді сатуға шығаруға өзінен-өзі мәжбүр болады. Әрине, егер банктер кепілде тұрған үйлерін сатылымға нарықтық бағамен шығарса жақсы. «Бірақ банктердің халыққа арзан бағамен тұрғын үй ұсынбайтыны даусыз. Осыны ескерсек, тұрғын үй саласынан нан тауып жүрген қайсыбір банкирлердің айтып жүргеніндей, болашақта еліміздің барлық аймағында тұрғын үй бағасы 30 пайызға қымбаттауы мүмкін» дейді мамандар.

      Абзалында, тұрғын үй нарығына қатысты мамандар «банктер өз алдына, мұндайда монополистер де қарап қалмайды» деседі.

   – Негізінде, доллардың өсуі ішкі нарыққа айтарлықтай әсер етпеуі керек. Ол сыртқы нарықтағы бағаға, экспортқа, сыртқы сауда-саттыққа әсер етуі тиіс. Ал отандық өнім, отандық кәсіпорындар, отандық ішкі нарық бұдан зардап шекпеуі тиіс. Тұтынушылар да соған орай қымбатшылықты аса сезінбеуі керек-тін. Нарық заңдылығының өзі – осы. Бірақ бұл заңдылыққа отандық монополистер бағынбай, тауарының құнын одан әрі өсіре береді емес пе? Сол тәрізді тұрғын үй саласын алайық,  мұндайда құрылыс материалдарының 80-90 пайызын сырттан әкелетін бұл салада баға қымбаттамайды, оған «алғышарт жоқ» деп, бейқам отыруға тағы болмайды. Бағаны монополистер қымбаттатады. Құрылыс материалдарын шеттен әкелетіндерін желеу етіп, олар қазірдің өзінде бағаны өсіріп қойды, ал енді бір-бір жарым айдан соң бағаны тіпті өсіреді. Тұрғын үй құрылысы сол үйдің әрбір шаршы метріне кететін шығынмен байланысты болғандықтан, бұл жерде баға өседі демеске амал жоқ, – дейді қаржыгер Дәурен Өмірзақов.

    Мамандардың пайымдауынша, баспана бағамы жуық арада арзандамайды, керісінше, біртіндеп көтерілуі әбден мүмкін. Әрине, сарапшыларымыздың бұл сөзі баспанаға мұқтаж отбасылардың арманын одан бетер алыстатқандай.                                                  Не істеу керек?

      «Егер мемлекет халықты арзан баспанамен қамтамасыз етуді мақсат тұтса, онда елде жалдамалы тұрғын үйлердің санаты көбеюі керек. Мұндай жалдамалы тұрғын үйлер жалпы алғандағы тұрғын үй нарығының 30 пайызын құрауы керек» дейді мамандар. Сондай-ақ Қазақстан менеджменттік жоспарлау орталығы мамандарының пайымдауынша, біздегі құрылыс саласында жүрген инвесторлар тек қымбат үйлер салуды тиімді санайды. «Сондықтан болашақта тұрғын үй құрылыс саласында жүрген инвесторларды арзан үйлер салуға міндеттеу керек» дейді мамандар.

    – Ірі инвесторлар тек қымбат бағалы элиталық үйлерге ғана қаржы салғысы келеді. Олар мемлекеттік, әлеуметтік тұрғын үй бағдарламаларына қатыспайды. Тіпті осы бағытта жұмыс істейтін банктерге де инвестиция салмайды. Мысалы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016 жылы сатылуға қойылды. Бірақ сол аралықтан бері банкті сатып алуға жекелеген инвесторлар қызығушылық танытпаған. Себебі белгіленген нормаға сәйкес, банкті сатып алғанның өзінде, барлық әлеуметтік талаптар сақталып, тұрғын үй халыққа арзан бағамен берілуі тиіс. Ал арзан үй инвесторларды қызықтырмайды, олардың қалтасын қампайтпайды. Сондықтан келешекте осы мәселені шешу мақсатында үкімет арнайы шаралар қарастырғаны жөн. Инвесторларды әлеуметтік тұрғын үй салу бағдарламаларына және арзан үйлерді салуға міндеттеп, қатыстыру керек», – дейді Қазақстан менеджменттік жоспарлау орталығының менеджері Анар Ақаева.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16