Халық ет пен нанды үнемдей бастапты

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

01.02.2021, 11:52

1915

«Аналитик» әлеуметтік-экономикалық консальтингтік-зертеу орталығы осыған байланысты республика халқының бір жылда қанша азық-түлік тұтынғанын санамалап көріпті. Орталықтың  экономист-сарапшысы Олег Лурьевтің айтуынша,  Қазақстан халқы қазірде жыл сайын жан басына шаққанда 40-45 келі ет, 100 келі нан. Ай сайын жан басына шаққанда 20 литрдей сүт тұтынады екен. Осыған орай сарапшы Олег Лурьев былай дейді:  

Қазір әлем жұртшылығы азық-түлік дағдарысына ұшыраудың алдында тұрғанда, Үкіметтің күнде бас ауыртып ойланатын өзекті жайттарының бірі осы болуы қажет. Бір айда халыққа қанша ет, сүт, нан қажет. Халық ай сайын қанша мөлшерде азық-түлік тұтынады? Отандық өнімнің үлесі қанша? Осы жағы есепке алынуы тиіс. Мысалы, 1960-1970 жылдары Қазақстан халқы адам басына шаққанда жылына 50 келі ет жепті. Ал 1990 жылдары бұл көрсеткіш 70 келіге дейін жеткен. Ал қазір «қазақтың саны өсіп жатыр» дейміз, адам басына шаққанда орташа бір жылда жейтініміз – 40-45 келі ет. Бағамдасақ, 1960 жылғы көрсеткішке дейін төмендеп кеткенбіз. Біз нанды пайдалануда да жоғары көрсеткішке жетпеппіз. 1960 жылы 140 келі нан жесек, қазір адам басына шаққанда жыл сайын 100 келі нан жейді екенбіз. Бұл көрсеткіш өте төмен дәреже. Сондықтан нақ қазір біз үшін азық-түлік қауіпсіздігін қайта қарау қажет. 

    Осылайша мамандардың пайымдауынша,  Қазақстан тәрізді негізгі фундаменті аграрлық ел болып қалыптасқан мемлекетке тек мұнай-газ саласына ғана иек артып отыру — қолда бар мүмкіндікті бос жіберу деген сөз. Азық-түлік нарығындағы беделімізді көтеру үшін алдымен материалдық базамызды нығайтуымыз керек. Біз экспортқа астық шығарудан озықпыз. Бірақ басқа саладан құралақанбыз. Бізде өсімдік өсіру саласы мен мал шаруашылығы да тұралаған. Жеміс-жидектерді өзбек пен қытайлардан тасып, инфляцияның еселенуіне өзіміз жағдай туғызып отырмыз. Ауылдағы ағайын өндірген сүт-айранын, етін сатуға шығара алмай әлек. Осы күнге дейін өнімді шаруаның қолынан тікелей базарға шығаратын сату жүйесі орнаған жоқ. Арадағы делдалдар бағаны өсіріп, табысқа белшесінен батып жүр. Ауылға қаржы бөлуде де делдалдықтан арыла алмай отырмыз.

«Осы кемшіліктерді жойып алмай,  азық-түлік өндіруде бәсекеге қабілетті бола алмаймыз. Сондықтан алдымен осы жайттарға мән берілуі тиіс. Сонда біздің ел «болашақта азық-түлік таппай қалмаймыз ба, нан таппай қаламыз ба» деген сауалдарға бас қатырмайтын болады»,-дейді сала мамандары.  

Тегтер: инвестиция экономика бағыт бағдар қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09.08.2022, 09:18
«Жасыл Қазақстан» – елдің экологиялық мәдениетін көтереді
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 08:57
"Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр" - Ұлттық банк
Азат ӘЛИХАН 08.08.2022, 11:39
Жасыл экономикада жеткен жетістік көп
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:49
Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:07
Бюджет секторындағы энергия үнемдеу

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55