Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

07.06.2021, 10:03

1367

Қазір  тағы бір әлемдік дағдарыстың келе жатқанын, бұл дағдарыстың кемі 5-7 жылға созылатынын мамандар жиі айтады. Сарапшылардың байыптауынша, бұл дағдарыстан ұтып шығатын елдер де бар, ұтылып шығатын елдер де бар. Бастысы — дағдарысқа қарсы сақтық шаралары сауатты түзілуі керек. Осы арада біз мамандармен пікірлесе отырып, «Қазақстан қайтсе дағдарыстан ұтып шығады, мұндай жағдайда қандай тиімді қадамдарға бару керек» деген сауалға жауап іздедік?

Негізінен, мамандардың пайымынша,  алдағы уақытта Үкімет біреулердің жекелеген бизнесін ғана қолдауды доғару керек. Бұлай деуге себеп, осы пандемия басталғалы Үкімет елдегі бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шешімдер қабылдады. Банктерден арзан несие беру, несиені кешіру, салықты төмендету тәрізді жеңілдіктерді бізде бірінші кезекте қарапайым шаруа немесе өз күшімен адал ақы маңдай тер тауып жатқан кәсіпкер емес, қолдаушысы бар «элиталы бизнестің» алып жатқаны туралы деректер де кезедеседі. Осыған байланысты сала мамандары «болашақта жекелеген бизнестен бөлек   ғылымға бөлген абзал»,-деп отыр.

Сондай-ақ мамандардың пайымынша, оы жағдайды пайдаланып елдегі агро-саясатты нақтылау қажет. Олардың айтуынша, біз үшін қазір агро-секторды бәскеге қабілетті ету өте маңызды. Бұл ретте экономист-ғалым, Сағындық Сейтмағанбетов:  

— Болашақта  халықты ауыл асырайтын болады. Біз 1998 жылдары жекешелендіру кезінде мұны толық ұғына алмадық. Сол кезде шаруаның қолына жеке-жеке мал бердік те «өз күніңді өзің көр» дедік. Ал сол кезден бастап ауылдың бизнесті өркендету қабілетін арттырғанымызда қазіргідей абдырап қалмайтын едік. Ауылдық жерлерде шағын кластерлер жасақтау, сол кластерлер арқылы дайын өнім өндіруге дейін қол жеткізу бізді дер кезінде қызықтырмады. Алғаш жекешелендіру тұсында шаруаның қолына мал беріп тұрып, «ертең сен осы малды етке өткізесің, сол арқылы елдегі ет комбинаттарын етпен қамтамасыз етесің, олар өнім шығарады» деп бағыттағанда қазір жағдайымыз анағұрлым жақсы болар еді. Рас, елде ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бірқатар компаниялар, холдигтер құрылды. Бірақ олардың барлығы дайын өнімге дейін ең соңғы дайын өнім өндіруге дейін жұмыс істемеді. Ауылдарға арзан несие жүйесін апара алмадық. Ауылға салалық банктер бармады. Ендігі кезекте осы жайттарды шешпесек, тек астықты экспорттаудан ұтпайтынымыз белгілі. Сондықтан болашақта дағдарыстан ұтып шыққымыз келсе агросаясатты жүйелі, сауатты ету керек,-деді.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 14.09.2021, 16:30
Сыбайластықтың сара жолы
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 13:30
Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 10:30
Жер қатынастары туралы заңда не өзгерді?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39