Jusan-ды жусататын күн туа ма?

немесе Қаңтар қырғынын қаржыландырған кім?

Жарас КЕМЕЛЖАН

06.10.2022, 06:13

8150

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қазақтың тұп атасы» деген өлеңінде:

«Арабсың» деген сөздің түбі шірік.

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік» деп айтады. Осындағы жүлік сөзі – ұры, алаяқ деген сөздің баламасы. «Jusan-ның артында жүлік тұр» деп біз кімді тұспалдап отырғанымызды түсінген боларсыздар.

Қазақстанда өз күшімен көгеріп-көктеген, экономиканың барлық талаптарын сақтай отырып дамыған қандай банктер бар? Мынау деп айтуға ауыз бармайдыJusan банк ше? Jusan жоқтан пайда болған жоқ. Ол әлдебір саясатпен құрылған қаржылық ұйым. Оны экономиканың тілін түсінетіндердің бәрі біледі, бірақ айта алмайды.  

Қазақтың ең әдемі сөзін алып, қазақтың тұрмысына әдейі жақындатып, Jusan деген атау берудің өзінде көп мән жатыр. Әдетте, қазақтың тілі келмейтін шетелдің атауына үрке қарайтынымыз анық. Ондай атаумен банк құру – қоғамда бірден күдік тудырады. Сөз де, әңгіме де көбейеді. Ал «Жусан» қазақ үшін жылы атау. Күдіктен бұрын, сөз болмайды. Қаржы саласының білгірлері осы жағынан ұтқан.

Біздің айтпағымыз – банктің атында емес, артында тұрған «тұлғалар» туралы. Бір қызығы, тақырыпты зерттеу кезінде мынадай дерекке тап болдық. Қаңтар қасіреті болған екі күннің ішінде Алматыдағы көптеген нысандар қиратылып, шағылып, өртелді. Банктер мен дүкендер тоналды. Қаладағы қаншама банкомат қолды болды? Сол аласапыранның арасынан Jusan банкінің бөлімшелері мен банкоматтары ғана аман қалыпты. Кездейсоқтық дейсіз бе? Жоқ! Мәселен, жарты Алматы отқа оранып, бір көшенің бойындағы банкоматтардың түгелі тоналғанда, Jusan ғана аман-сау қалған. Кездейсоқ жағдай емес қой. Аймақтардағы жағдай да дәл солай.

Қаңтар боранынан кейін оқиғаға мемлекеттік тұрғыда сараптама жасалды. Ішкі істер органының өкілдері тонаушыларға әлдебіреулердің бұйрық беріп отырғаны туралы айтты. Демек, бұйрық берушілер тарапынан Jusan банкі мен банкоматтарына тиіспеу туралы нұсқау болғаны анық. Мүмкін, қаңтар қырғынын қаржыландырған «Жусан» болуы да ықтимал ғой.   

Қанды оқиғадан кейін қаңтар қырғынын ұйымдастырушылардың басты «қаһарманы» ретінде Кәрім Мәсімов аталып, бірден тұтқындалды. Мәсімовтың кімге жұмыс жасағаны туралы айтылып жүр қазір. Jusan-ның қаңтардан аман қалуы, Мәсімовтың тұтқындалуы – бәрінің жүлгесі бір арнадан тоғысатын күретамыр сияқты.

Jusan қайдан, қалай пайда болғаны туралы ақпараттар әр жерде айтылып, жазылып жүр ғой. Құз басынан құлағалы тұрған «Цесна» банк атауын ауыстырды ма, әлде сондай көзбояушылық қажет болды ма, Әділбек Жақсыбековпен жұмбақ келісім жасалды. Біреулер Жақсыбеков «Цеснаны» сатты дейді, біреулер «сатылды» дейді. Не болса да, орнына «Жусан» өсіп шықты.

2017 жылы «Цесна» банк банкрот болғалы тұрған жерінен Ұлттық банк 100 млрд теңге қарыз беріп, сақтап қалған болатын. Ұлттық банктің ақшасы – Жақсыбековтер бір жақтан көтеріп келген қаржы емес, мемлекеттің, халықтың ақшасы. Құрдымға кеткелі тұрған «Цесна» әлгі 100 млрд теңгемен де есін жимады. 2018 жылы 150 млрд, одан кейін 200 млрд теңге берді. 2019 жылы «Цесна» банктің ауыл шаруашылығына берген несиесі қайтпай қалады. Не керек, мемлекет банкке қайтарымсыз тағы 1 трлн 54 млрд теңгені лақтыра салды. Бұл не деген батпақ құйрық? Сөйтіп, банк банкроттықтан құтылды.

Екі жылдан кейін әлгі жар басында тұрған «Цесна» банк «АТФ» банкін сатып алады. Бұл сауданың құны қазірге дейін құпия. Ақша ұрлауды өте сауатты, әрі құпия түрде жүргізуді жоспарлаған банк иелері соның алдында ғана ұлттық банктен АТФ-ке 100 млрд теңге аударған. Оның бәрі Jusan-ның жұмырына жұтылды да жоқ болды. Бір жыл бұрын Jusan Ресейдің «Азия-Тынық Мұхит» банкін сатып алды. Бір аптадан кейін «ҚазТранКомды» құшағына басты. Тағы бір апта өтті ме, өтпеді ме, банк Kcell-дің 24 пайыз акциясын алып қойды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржысын еш себепсіз бауырына басқан Jusan бүгінгі күні алпауыт банкке айналып отыр. Қазақ ұрлық-қарлықпен байыған алаяқты жүлік дейді. Біз банкті жүлікке теңеп отырмыз.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43