Карантин кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге банктер екі түрлі көмек ұсынуда

17.06.2020, 06:30

131

ҚРҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоватөтенше жағдай мен карантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлерге(шағын және орта бизнес) қосымша қолдау көрсету туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, төтенше жағдай жәнекарантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер банктік несиесі жәнежұмыс істеу үшін берілген шағын несиені өтеу мерзімін кейінге қалдыру немесеоны қайта қаржыландыруға өтініш бере алады.

Егер төтенше жағдай және карантинкезінде кәсіпкердің қаржылық жағдайының нашарлауының объективті себептерірасталса, несиелік мекеме шағын және орта бизнеске көмек көрсетудің екі түрінұсынады.

Біріншісі. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналғанмемлекеттік бағдарламалар аясында банктік қарызды және (немесе) микрокредиттіжеңілдік шарттармен қайта қаржыландыру. Егер несиелік ұйым мемлекеттікбағдарламаларды іске асыруға қатысқан жағдайда немесе ішкі процедураларғасәйкес заемдарды және (немесе) микрокредиттерді қайта құрылымдау процесінеілінген болса.

Екіншісі. Қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігінқалпына келтіру үшін қажетті мерзімге дейін ай сайынғы несие төлемін кейінгешегеру. Егер кіші және орта бизнестің арызында өзге мүдде көзделмесе, кейінгеқалдыру мерзімі кемінде 90 күнтізбелік күнді құрай алады.

Мерзімі кейінге қалдырылған төлемдердінесие мерзімі аяқталғанға дейін бөлу түріндегі жаңа төлемдер кестесін құрунемесе несие мерзімін кейінге қалдыруға байланысты несиені өтеу мерзімін ұзартуарқылы беріледі, егер банктік несие және / немесе микрокредит беру туралышартта басқа төлем кестесі көзделмесе немесе шағын және орта бизнестіңөтінішінде бұл жайлы көрсетілмесе.

Қайта қаржыландыруға немесе кейінгеқалдыруға өтініш, қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттармен біргекәсіпкерлер несие мекемесіне 2020 жылдың 16 маусымынан 2020 жылдың 15қыркүйегіне дейін ұсынуға болады.

Өтініштіқарау өтініш түскен күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспауы керек және кәсіпкердің жағдайы нашарлағанынрастайтын құжаттар несиелер мен (немесе) микрокредиттерді қайтақұрылымдаудың ішкі тәртібінде қарастырылған құжаттардың толық тізбесіне сәйкескелуі тиіс.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31