Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?

Еркежан АРЫН

24.09.2020, 04:35

1445

      Қазақстанда кәсіпкерлерге 500-ге жуық мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған. Олардың едәуір бөлігі «Бәйтерек» ҰБХ-на тиесілі.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы сөз қозғағанда көбі бірден «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын атайды. Алайда «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша, елде 500-ден астам қолдау шаралары бар. «Бәйтерек» холдингінде бизнесмендерге дамуға тамаша мүмкіндіктер беретін түрлі бағдарламалар бар.

     Айдар АРИФХАНОВ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы:

    – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасынан басқа, біз «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламасын, «Даму» қорының өзіндік қаржыландыру бағдарламаларын да жүзеге асырудамыз. Холдинг «Digital Baiterek » жеке порталын ашты, ол барлық қызметтерді онлайн режимінде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл «Даму» қоры ғана емес, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және «QazTech Ventures» АҚ-на да қатысты. Бизнеспен айналысушылар үшін осы сынды құралдар егжей-тегжейлі қарастырылуда.

     Басқарма төрағасының айтуынша,  «Еңбек» бағдарламасы бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 8000 АЕК-ке дейін, басқа қалаларда және моноқалаларда 6500 АЕК-ке дейін жылдық 6 пайыздан аспайтын несие мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие ала алады. Қаражат инвестициялауға бес жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға үш жылға дейін беріледі. Несие берер алдында бастаушы кәсіпкерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтеді, осы мақсатта «Bastau Business» сияқты жобалар құрылды және ол сәтті жұмыс істеп жатыр.

     Жалпы, «Даму» қорының арсеналында ондаған қолдау шаралары бар болса, тағы бір қор – KPPF (қазақстандық жобаларды дайындау қоры) жобаны жоспарлауға, құжаттандыруға, инвесторларды тартуға және жобаны қаржыландыруға дайындауға жәрдемдеседі. KazakhExport қолдау шараларын қолданудың бірі ретінде әрекет етеді. Нақтырақ айтқанда, бұл экспорттық несие агенттігінің функцияларын жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған сақтандыру ұйымы және даму институты. Оның қызметі экономиканың басым секторларына шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің экспортын қолдауға бағытталған.

      «Бәйтерек» холдингі барлық бағдарламаларының әрқайсысының артында мемлекеттің тұрақты дамуы мен қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына анық пайда әкелетін нақты экономикалық және әлеуметтік әсер жатыр.

     Негізінен,  ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов үкіметтегі баспасөз конференциясында атап өткендей, ірі жобалардан бөлек, қазір елде «қарапайым заттар» экономикасын дамыту да аса маңызды. Осыған орай, «қарапайым заттар» экономикасын дамыту мақсатында  қолжетімді несиелендіруді шешуге 2019 жылдан бастап 600 миллиард теңге бөлінді, экономикалық қызметтің 60 түрінің 365 позициясы анықталды. Биылғы төрт айда банктер 15 миллиард теңгеге 28 өтінімді мақұлдады, 139 миллиард теңгеге 104 жоба қаралуда, 600 миллиард теңгеден астам 729 жоба дайындалып жатыр.

       Қысқасы, елдегі кәсіпкерлік деңгейінің өсуіне, саланың экономикаға әкелетін пайдасына қажет маңызды бағдарламалар мен арнайы форумдар белсенді түрде атқарылатыны белгілі. Мысалы, Астана экономикалық форумы 12 жылдан бері жыл сайын Қазақстан астанасында өткізіліп келген болатын. АЭФ-тің 12 жылында делегаттардың жалпы саны 150 елден 55 600-ден астам адамды құрады, жалпы, 28,7 млрд доллардан астам 343 меморандум мен келісімдерге қол қойылды. Жыл сайын осы форумның тақырыптары жаңартылып, әлемдік күн тәртібін қалыптастыратын және шешуді қажет ететін ғаламдық экономикалық дамудың өзекті мәселелерін қамтиды.

      Осылайша Қазақстанның астанасы мүдделі тараптардың күш-жігерін жыл сайын әлемдік экономиканың күрделі құрылымдық өзгерістерді талап ететін сын-қатерлеріне жауап іздеуге біріктірді. Астана экономикалық форумы өзін қазіргі заманғы әлемдік экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша нақты шешімдерді талқылауға және әзірлеуге арналған ең ірі халықаралық платформа ретінде көрсетті. Жыл сайынғы осындай ауқымды форумды өткізу Қазақстанды шетелдік инвесторлар үшін өз инвестицияларын тарта отырып, қаржылық жағынан тұрақты ел ретінде көрсетеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58