Кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға күш салмақ

10.10.2019, 13:48

171

Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп – өңір экономикасын алға жетелейтін негізгі күш. Сондықтанда оны дамыту жолында барлық қолдау мен демеудің тиісті шараларын мүмкіндігіншеқарастыру қажет.

Жамбылоблысында жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерініңсаны 70534-ке жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7688 шағын жәнеорта бизнес субъектілеріне артқан.

Жамбыл облысыәкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасыныңбасшысы Жеңіс Сариевтің айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындаоблыс өнеркәсіп кәсіпорындарымен 350 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл –өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемінің 5,7 пайызғаартқандығын көрсетеді. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша көрсеткіш –2,8, өңдеу өнеркәсібі бойынша өнім көлемі 7 пайызға артқандығын атап өту керек.
Жеңіс Сариев ҚР индустриалды-инновациялықдамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстаКәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген жобалардың ішінен 55 миллиард теңгеденастам қаржыны құрайтын 33 жоба жүзеге асырылып, 2230 жұмыс орны ашылғандығынжеткізді. Сондай-ақ осы жылдың алғашқы үш тоқсанындағы өңірде негізгі капиталғасалынған инвестиция көлемі 206 миллиард теңгені құрап, тартылған инвестициякөлемі 17,3 пайызға артқандығын тілге тиек етті.
Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020»мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 339миллион теңге бөлініп, 165 кәсіпкерге мемлекеттік грант берілгендігі айтылды.Грант алған жобалар аясында 402 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Өз кезегінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірэкономикасын өркендетуде өнеркәсіп саласының маңыздылығын айтып, бұл бағыттағыжұмыстарға ден қою керектігіне көңіл бөлді. Олүшін жауапты тұлғаларға жаңа кәсіпорындар ашуда қажеттіліктерді бағамдайотырып, әр ауданның әлеуеті мен мүмкіншілігін зерделеуді тапсырды. Бүгінде жұмысжасап отырған кәсіпорындардың жүктемесін арттыру жайына жан-жақты талдаужүргізілмек. Талдау нәтижелері сараланып, тиісті жұмыс жоспарын әзірлеп бекітуүшін алдағы уақытта кең көлемде мәжіліс өтетін болды. Жиын қорытындысыменхаттамалық тапсырмалардың орындалу деңгейі қаралып, жұмысы сылбыр ауданәкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары сынға алынып, тиісті тұлғаларғанақты тапсырмалар жолданды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31