Кәсіптік білім кәсіпке жол ашады

Миуа БАЙНАЗАРОВА

17.06.2021, 11:00

1293

Елімізде қазіргі білім беру жүйесін дамыту мақсатында білім беру мазмұны жаңарып, әлемдік технологиялар енгізу арқылы батыл қадамдар жасалынып жатыр. Осындай жаңа ізденістер арқылы білімнің жоғары деңгейге көтерілген уақытында адамның білімі мен кәсіби біліктілігі  экономика дамуының басты тетігіне айналып, бұның өзі заман талабына сай техникалық жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызады. 

   Сондай-ақ «Білім беруді дамытудың 2011-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы осы мәселелерді шешуге арналған ұлттық мамандар даярлаудағы  негізгі қарқынды жобалар болып табылады.  Және  «Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесі еңбек нарығының сұранысын және экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарып келеді. Осындай маңызды міндеттер арқылы әрбір болашақ мамандық иелері бәсекеге қабілетті, білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған зияткер ұлтты қалыптастырады. Осы орайда, бүгінгі таңда жаңа жүйе бойынша іргелі білім беріп, дүниетанымы кең, білімпаз, өз алдына мақсаттар қоя білетін, қоғамдық қарым-қатынас орната алатын, ақпараттық және көпмәдениетті әлемде өмір сүре алатын, кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті білікті маман, саналы түлек даярлау – қазіргі кәсіби білім беру мекемелерінің басты мақсаты. Сондай  білікті  маман  даярлайтын  оқу  орындарының  бірі  Қызылордадағы Сырдария аграрлық-техникалық колледжі деп ауыз толтырып айта аламыз. Онда ең  қажетті   деген  сегіз  сала  бойынша   мамандар  даярланады.

   Оқу орны 1976 жылдан бастап типтік жобамен салынған ғимаратта жұмыс жасайды. Онда оқу корпусы, шеберханалар блогы, жылу қазандығы, асхана жүйесі, спорт, АКТ залдары және сыртқы спорт алаңдары бар. Қазіргі таңда   колледжде төрт мамандық бойынша 143 білім алушы дуалды оқыту жүйесімен білім алуда.

Сырдария аграрлық-техникалық колледжінің алға қойған мақсаты мамандарды кәсіби бағытқа негіздеп даярлау және қатаң түрде экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстыру болса, колледж бұл тұрғыда өзіндік әлеуметтік серіктестіктерін тауып, арада бір мақсатқа жұмылдырылған келісімшарт, байланыстар орнатты.

  Білікті маман даярлап, оларды өндірісте оқытумен қатар, өндірістік тәжірибеден өткізу үшін әртүрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен, шаруа қожалықтарымен және мекемелермен келісімшарттар жасалып, бүгінгі күні оларға қол қойылды.    

Меморандумдар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және   «Әлеуметтік серіктестік туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау мақсатында жасалды.Меморандумның мәні: тараптар арасындағы ұзақ жылғы әріптестікті одан әрі дамыту; білікті кадрлар даярлау аумағындағы шешімдерді өзара түсінісіп, ортақ мүддеде болу; тараптар арасында болашақта білікті мамандар даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беру шеңберіндегі өзара келісімді бекіту; техникалық және кәсіптік білім беруге дуалды оқыту технологиясының элементтерін енгізу мақсатында жұмыстар жасау. Сонымен қатар дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу бойыншамүмкіндігінше білім алушылардың  машықтану  сабақтардан өту барысында кәсіпорын анықталған еңбекақысының  төленуін қамтамасыз етеді.

       2020 жылға қойылған міндеттер мен ұсыныстар жайлы

   Бірінші кезекте аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік палатамен бірлесе отырып, 2020-21 жаңа оқу жылында ауданға керекті мамандықтарды анықтау, осының нәтижесінде колледжге 100 білім алушы қабылдау. 2020 жылы бітіретін түлектердің 80 пайызын жұмыспен қамту болып табылады.

   Екіншіден, колледж ғимаратының толық күрделі жөндеу жұмыстарына арнайы жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу және қаржы мәселесінің шешімін табу.

Үшінші мәселе – колледждің материалдық-техникалық  базасын нығайту.

  Төртінші кезекте аудан әкімінен 50 гектар суармалы егін егетін және «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» (Ферма шаруашылығы) мамандығы бойынша білім алушыларды инженерлік жүйеге келтірілген өндірістік машықтанудан өткізуге жер телімін сұрау және бес гектар майда дақылдар егу.

  Бесінші кезекте колледжде 2020-21 оқу жылында ақылы оқыту бойынша білім алушылар санын көбейту.

Ал алтыншы кезекте колледж ішінен машина жөңдеу шеберханасын ашу басты міндетке енгізіліп отыр.

   Қазір нарық жағдайында жастарға кәсіптік білім беру мен жұмысшы мамандарын даярлаудың аясын кеңейту бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғандықтан, алдағы уақытта осы мамандықтарға оқытуды жалғастыра отырып, қазіргі нарық жағдайына қажет болатын электромонтер мамандығын игеруді қамтамасыз етуді колледж ұжымы басты назарға алып, жұмыс жасауға кірісіп кетті.

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15