Kaspi.kz ерекше құрылғы Kaspi Картоматты патенттеді

03.08.2020, 10:10

177

Қазақстандықтар KaspiКартоматтың көмегімен KaspiGoldатаулы картасын 60-ақ секунда алады.


Kaspi.kz өткенжылдың күзінде дәстүрлі жаңа инновациялық қызметтерді таныстыру кезіндекомпания басшысы және негізін салушылардың бірі Михаил Ломтадзе таныстырған Kaspi Картоматқа патент алды.

Патент Kaspi.kz-тің технологияға ғана емес, төлемкартасын мобильді қолданба мен картоматты қолдану арқылы басып шығаруалгоритміне де меншік құқығын растайды.

Kaspi.kz басшысы және тең негізін салушы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Kaspi Картомат – біздің командаҚазақстанда жасап шығарған төлем картасын бірден басып шығаруға арналған ерекшеқұрылғы. Біздің сүйікті клиенттеріміз Kaspi Gold-ты мобильді қолданбада рәсімдеп,картаны бар болғаны 60 секундта Kaspi Картоматтан алады. Kaspi Gold атаулы картасы Kaspi Картоматта клиенттің көз алдындабасып шығарылады».

Бүкіл елаумағындағы Kaspi.kz бөлімшелерінде 148 Kaspi Картомат орнатылған. Kaspi.kz клиенттері Kaspi.kz-тің кезекті инновациялық қызметітуралы әсерлерімен қуана бөліседі.

Петер Либельт



Мен Германиядан келдім, бір жылдан бері Қазақстанда тұрамын.Мұнда байқағаным барлығы KaspiGoldқолданады. Сондықтан мен де осындай карта ашқым келді. Оны алу жылдам,автоматты түрде болғаны мен үшін тосын сый болды. Мұндай құрылғыны бұрын ешқашан көрген жоқпын.

Светлана Чалых

Kaspi-діңөте ыңғайлы қызметтерін тұрақты қолданамыз. Мен бұрын да Kaspi-ден картаны тез алатынмын. Бүгінбірінші рет картомат арқылы қайта басып шығардым. Бұл бір сиқырлы нәрсе сияқты,өте жылдам!

 Жанара Сейфуллина



Мен бүгінге дейін Kaspi.kzқолданбасын ғана пайдаланып келдім, енді KaspiGold картасын ашуды шештім. Мобильді қолданбада өтініш бергенімсол еді, маған «бөлімшеге келіп алып кете аласыз», деді. Картаны бір минуттаөзің басып шығара аласың дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Керемет!

 Александр Ломакин




Мен банкоматта картаны жиі ұмытып кететіндердің бірімін.Бұрын қайта шығару үшін біраз уақыт жұмсауға тура келетін. Қазір бір минуттажаңа KaspiGoldкартасын алдым.Таңқалдым. Қазір жұмысымда түскі үзіліс. Бөлімшеге асығыпкелдім, көп күтетін шығармын деп ойладым. Маған картоматта 60 секундта басыпшығарасыз дейді. Тамаша!


Ирина Шим


Шынымды айтсам, шоктамын. Жылдам, ыңғайлы. Артық қағаз,құжат керек емес. Бұған дейін картаны басқа банктер ұзақ жасайтын. Kaspi-ге бұл жағынанбәсекелес жоқ. Картомат – тіпті ноу-хау. Мен Кореяда тұрдым, бұл елтехнологиялық жағынан өте дамыған ел, бірақ мен ол жақтан мұндайды көргем жоқ.Бір минутта атаулы картаны алып, бірден қолдана беру ешқайда жоқ.

 

Мәди Бекдайыр



Екі күн болды картамды таба алмай жүрмін. Кафеде, дүкендеқалдырған шығармын, бірақ есімде жоқ. Сондықтан бұғаттап, жаңасын шығаруға туракелді. Мұндай картоматты бірінші рет көріп тұрмын. 60 секундта жаңа картақолыңда. Өте ыңғайлы. Мен жоғалтқаным туралы арыз жазу сияқты бюрократиялықәуре басталатын шығар деп ойлағанмын. Өте мықты!


Бағлан Орынбасар



Қолданбада карта ашу туралы өтінім толтырдым. Менеджерарқылы алатын шығармын деп ойлаған едім. Олай емес екен, орның орнына арнайықұрылғы бар. Өзім картаны жылдам, оңай, секундта басып шығардым. Тамашаойластырылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 09:04
Жасыл экономикада сутегі энергетикасын дамыту – Қазақстан үшін бірегей мүмкіндік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.10.2021, 09:05
Үкіметке реформа ұсыну – бюджеттен ақша «сындыру»
Сайт әкімшілігі 25.10.2021, 15:45
Қазақстанда базалық мөлшерлеме бір жылда үшінші мәрте өсті
Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01