Kaspi.kz шоттағы "ақшалардың жоғалуына" қатысты пікір білдірді

Сайт әкімшілігі

28.10.2020, 04:20

4097

Kaspi.kz клиенттердің ақшасы өз шоттарында сақталады. 

Банк өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болды. Қосымша істен шығу нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмеді. Өкінішке қарай, карталармен төлеу, банкоматтардан ақша алу немесе картаға ақша жіберу, төлемдер мен аударымдар уақытша мүмкін болмай тұр. Компания ақауды жою үшін жұмыс істеп жатыр», — деді банктегілер.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр.

«Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі», — деді Kaspi.kz өкілдері. 

Еске салайық, мұның алдында банк адамдардың шағымдарына жауап берген болатын.

Тегтер: есеп шот қаражат ақау хабарлама тұтынушы қосымша кибершабуыл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Есбол ҮСЕНҮЛЫ 05.05.2021, 08:58
Каспи банктің миллиардер қожайындары мен «Миллион» борышкері
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 04.05.2021, 14:52
Қолда бар санаулы қаржыны қалай жұмыс істетуге болады?
Бифат ЕЛТАЕВА 04.05.2021, 11:22
Субсидия зары
Қамал СӘТТІЛІК 30.04.2021, 08:56
Бұл жолғы қымбатшылық алдыңғыларынан өзгерек
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.04.2021, 08:56
Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 27.04.2021, 09:01
Мұнайдың қызығын қашан көреміз?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56