Келер жылы жалпы ішкі өнім өсе ме, министрліктің болжамы қандай?

Сайт әкімшілігі

21.10.2020, 06:46

1357

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі елдің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жайында баяндады. 

Болжам келесі факторларды ескере отырып жасалған: Біріншіден, 2019 жылғы жалпы ішкі өнім бойынша есептік статистикалық деректер және биылғы қаңтар-шілдедегі экономиканың даму қорытындылары; Екіншіден, әлемдік экономиканың өсуі бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының жаңартылған болжамдары. Коронавирус пандемиясы аясында 2020 жылы әлемдік экономика 5 пайызға төмендеп, 2021 жылы 4,9 пайызға дейін өседі деп күтілуде; Үшіншіден, әлемдік тауар нарықтарындағы үрдістер. Халықаралық қаржы ұйымдарының мұнай бағасы бойынша консенсус бағалауы — 2021 жылы бір барреліне 45 және 2022 жылы 55 доллар.

«Консервативті тәсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін негіз ретінде базалық сценарий пайдаланылды. Базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 4 пайызды құрайды. Базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2021 жылы 2,8 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2025 жылы ол 4,6 пайызға жетеді. Номиналды жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 трлн теңгені, ал 2025 жылы – 104,8 трлн теңгені құрайды», — деді Р. Дәленов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02