Кентауда 900 отбасыға үй беріледі

01.05.2019, 00:02

13

2019 жылы Кентау қаласында екі жыл ішінде 900 отбасы баспаналы болады. Биылғы жылдың аяғына дейін 300-ге жуық отбасына пәтер берілсе, келер жылдың еншісінде 600-ден астам, жиыны 900 пәтер пайдалануға берілмек.

Түркістаноблыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әрқайсысы 60пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді. Анығында, құрылыс жұмыстарытүгелге жуық біткен, ендігі шаруа – абаттандыру төңірегінде. Бұл жайындаоблыстық баспасөз қызметі:

«Бүгінгітаңда қалада 5 қабатты әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталуға жақын. Кентаудағытұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланыабаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі  №116 тұрғын үйінің бүгінгі таңда ішкі әрлеу,сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Ал Қонаев көшесіндегі  №44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгітаңда 4-қабаттың қабарғаларын көтеру жұмыстары жүруде. Аталған тұрғын үйлерде 1бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер, 3 бөлмелі – 30 пәтер бар», — деген ақпарат берді.

Демек, қазірдіңөзінде нақты 300 пәтер пайдалануға берілуге дайын деген сөз. Бұл үйлердіңқұрылысы 2018 жылы басталған. Бес қабатты, алпыс пәтерлі 7 үйдің құрылысжұмыстары басталып, былтыр соның екеуі пайдалануға берілген. Ал, қазір құрылысыаяқталып тұрған 5 үйге кіретін 300 отбасы былтыр үй алған 120 отбасының жалғасыдеуге болады. Былтыр қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев жалпы көлемі 7294 шаршыметр үйдің ашылу салтанатында 2021 жылдың аяғына дейін 42 көпқабатты тұрғын үйсалынатынын айтқан.

— Бес тұрғынүйдің құрылысы келер жылға өтпелі. 2019 жылы 300 отбасына пәтер беріледі. Оданбөлек, 15 тұрғын үйдің жобалық- сметалық құжаттамаларын әзірледік. Бюджеттіңқаржыландыруына байланысты, көпқабатты тұрғын үй салу жұмыстарын алдағы уақыттада жалғастыратын боламыз. 2021 жылдың соңына дейін 42 көпқабатты тұрғын үйсаламыз деген жоспарымыз бар. Нәтижесінде пәтер кезегінде тұрған көптеген қалатұрғындарының баспана мәселесі шешіледі, – деген қала әкімі.

Әзірге, әкімайтқан сөз жоспар бойынша келе жатқанын айта кету керек. Былтыр 2 тұрғын үй,биыл 5 тұрғын үй болса, қазір дәл осы көрсеткіш бойынша (5 қабатты, 60 пәтерлі)10 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 10 тұрғынүйдің (жалпы көлемі 33 470 шаршы метр) құрылысы келер жылы аяқталып, пайдалануғаберілуге тиіс.

Былтыр бұлүйлерден бөлек қалада жас мамандарға арналған қызметтік үш үйдің құрылысы жүріпжатқаны айтылған. Үш үйдің біреуі қалада, екеуі Байылдыр мен Хантағыауылдарында бой көтермек.

Жалпы, Кентауқаласында тұрғын үй салу жұмысы енді ғана екпінді жүріп жатыр деуге болады.2015 жылы 60 пәтерлі жалғыз тұрғын үй беріліпті. Содан араға екі жыл салып,үшінші жылы ғана екі тұрғын үй берілген. Биылғы, келер жылғы көрсеткіштердінегізге алсақ, кезекте тұрған қала тұрғындарының үймен қамтылуы алдағы уақытта талапқасай шешіледі деп күтуге болады. Бұл пәтерлердің басым көпшілігі «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқанын да айта кету керек. Оныңішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтерберу де қарастырылған.

Күні кешеТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Тұрғын үй құрылысы бойыншаәкімшілік-іскерлік орталығында жалпы 2351 пәтер, 135,6 мың шаршы метр, 52тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 660 пәтер маусым айындапайдалануға беріледі. 7-20-25 бағдарламасы аясында тамыз айында 336 пәтерпайдалануға беріледі. 540 пәтер желтоқсан айында, ал жеке инвесторлар арқылы815 пәтер құрылысы жүргізіліп жатқанын» айтқан болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39