Кимнің пейілін тарылтқан коронавирус па?

16.06.2020, 06:55

33

Мақтаарал ауданындасу басқан үйлерді қайта салу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Бұғандейін белгілі болғандай,  Жеңіс,Жаңатұрмыс, Достық елді мекендері қалпына келтірілмейді. Зардап шеккентұрғындарға  арнап аудан орталығыМырзакенттен 425 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл үшін 50 гектер жербөлінген. Облыстық әкімдіктің таратқан мәліметі бойынша 235 тұрғын үймемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үйдің 150-ін миллиардер БолатӨтемұратовтың қоры салмақ. 20 үйді «Біз Біргеміз» қоры мойнына алса,  20 үйді «Салиқалы ұрпақ» қоры тұрғызады.

Елбасына қиын жағдай туған кезде алпауыт бизнесмендер қарап қалған жоқ. Жергіліктікәсіпкерлердің алды 100 миллион теңгеден аударды.  П.Шодиев, А.Машкеевич, А.Ибрагимов жетекшілікететін әйгілі Eurasian Resources Group тобының мақтааралдықтарға 5 миллиондоллар қаржы бөлгені туралы мәлімет таратылды. Ресейде тұратын өзбекмиллиардері Әлішер Усмановтың  берген 5,2миллион доллары зардап шеккен 5 мыңнан астам отбасының әрқайсысына 1 мыңдоллардан таратылып жатыр. 

Мақтааралөңірінде су тасқынына ұшыраған халыққа қол ұшын созғандардың қатарында Тұңғышпрезиденттің туған інісі, тоқалдарымен, қала берді той-томалағымен, көкпарыменаты шыққан, біраз ақындарға шабыт беріп жүрген Болат Назарбаевтың да атыаталды. Жоғарыдағы «Салиқалы ұрпақ» қоры осы Назарбаевқа тиесілі болып шықты. Облыстықәкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, бүгінде 20 үйдің құрылысына дайындықжұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі.Аталған қордың ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, үйлерді жергілікті«Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялар жүргізуде. Жалпы, Болат НазарбаевОңтүстік өңіріне бөтен емес. Оның Мақтааралмен көршілес жатқан Шардара ауданынакүйеу бала болып келетіні көпшілікке былтыр күзде Болат Әбішұлының дүркіретіп тұрып берген көкпарынан кейін  белгілі болған еді. Шардарада өткен  сол көкпарды ел әлі айтады. Қаз-қатартігілген киіз үйлер. Сахнада ән айтып жатқан өнер жұлдыздары. 20 қазан палаубасылып, елге тегін таратылған, көкпардың салымдарына 7 «Нива» көлігініңтігілген, «құдай-ау не деген той мынау» деп таң қалысқан жұрттың видеосыәлеуметтік желі арқылы жартыәлемге таралған еді.  Айтпақшы, Болат Назарбаев 20 үйден бөлек 100отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек.

АлМақтаарал ауданының тумасы, Қазақстанның №1 байы, «Қазақмыстың» қожайыныВладимир Ким туралы әзірге жартымды ақпарат жоқ. Зардап шеккенмақтааралдықтарға сонау Ресейде жүрген өзбек бизнесменінен бастап жәрдем беріпжатқаны мыс миллиардерін селт еткізбеген сияқты. 

Ақпаратқұралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның № бай бизнесмені,әлемдегі ең дәулетті деген 500 бай-бағланның тізімінде жүрген Кимнің жағдайыбиыл мәз емеске ұқсайды. Сәуірде Forbes басылымы  доллар миллиардерлердің тізімін жариялаған болатын.Осы тізімге қарағанда, Кимнің дәулеті биыл 4,5 миллиард доллардан 3,7 миллиарддолларға кеміген. Осы себепті ол әлемдегі ең дәулетті азаматтардың тізімінде424 орыннан 494-ші орынға төмендеген.

 Ұлыбританияда жыл сайын елдегі қалталыазаматтардың тізімі жарияланып тұрады. Бұл тізімге  ағылшын азаматтары ғана емес, Ұлыбританиядажұмыс істейтін шетелдіктер де енгізіледі. Ағылшындардың биылғы тізімінеқарағанда, қазақстандық кәсіпкер Владимир Кимнің дәулеті өткен жылдарменсалыстырғанда едәуір төмендеген. Бәріне кінәлі коронавирус, соның салдарынанболған әлемдік дағдарыс көрінеді. Айта кетері, Владимир Ким KAZ Mineralsтобының президенті әрі ірі акционері болып табылады. Компания түсті және қымбатметаллдарды өндірумен айналысады. KAZ Minerals компаниясы Лондонда орналасқанжәне оның акциялары Лондон биржаларына шығарылып тұрады.

Биылсондай-ақ, ақпарат құралдарында Владимир Кимнің Ресейден әріптес іздеп жүргені,тіпті бар активтерін сатып, Монакоға көшкелі жатқаны туралы мәлімет таратылды.Алайда «Казақмыс Холдинг» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы  Эдуард Огай мұны жоққа шығарды. Ал енді жуырдаКимнің АҚШ-қа кеткелі жатқаны туралы мәлімет таратылды. Bloomberg-тің жазуынша,  Владимир Кимді ағылшын жері жаппай тексеріп жатқанға ұқсайды. Ким бұғандейін ағылшын өкіметінен инвестициялық виза алған. Бұл визаны алған бизнесменел экономикасына 2 миллион фунт инвестиция салуға міндетті болған. Егер тексерукезінде осы міндеттеменің орындалмағаны анықталса, онда Ким Ұлыбританияныңқаһарына ұшырайды. Ол Лондонның төрінде орналасқан 40 миллион долларлық үйіненбіржолата көшіп кетуі ықтимал. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оның бизнестегіәріптесі Эдуар Огай АҚШ-қа кеткен. Кимнің де мұхит асып кетуі әбден мүмкінкөрінеді.

Әрине,бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты жанасатыны белгісіз. Бірақ Мақтааралда «Кимкөмектеседі екен» деген сөздердің де алыпқашты әңгіме болудан әріге аспайтұрғаны рас.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:48
HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ
Қарлығаш Зарыққанқызы 02.12.2020, 10:04
Мұнай бағасы 20 долларға құлай ма?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?

Аңдатпа


  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35