Көбейтұзға көз алартқан қай Тендербек?

23.07.2020, 06:51

59

                     

Көлді халық шынымен былғады ма, әлде шенеуніктер кезектібір былығын бастады ма?


    Ол, рас, енді. Соңғы уақыттақазақстандықтар Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне жаппай барғыштап кетіп еді.Оның соңы немен тынды? Көл жағалауы тұрмыстық қоқыстарға толды, ондағы табиғитұзды халық рұқсатсыз алып кетіпті, арасындағы пысықайлары оны сатуға да кірісіпті.Көлге келушілердің жерошақ жағуы жиілеген, аймақта уақытша құрылыстар көбейген.Тіпті біреулер суға көлікпен түсіп, әлеуметтік желілерде «жабайы» дегенжаманатқа қалды.

      Адам барып демалатын жер екенін, ашығынайтқанда, ақша табуға болатын жер екенін түсінді ме, «Ақмола облысының табиғиресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіЕрейментау ауданындағы Көбейтұз көлі мен Қоржынкөл көлдерін әрқайсысын 49 жылғарекреациялық мақсатта оқшау пайдалануға беруге конкурс жариялапты. Ең қызығы,конкурсқа құжат ұсынудың шекті мерзімі  27шілдеде сағат 12:00-де аяқталады, ал конкурстың өзі 27 шілде күні сағат15:00-де өтеді.

      Бірақ тендер атаулының Қазақстанда қалайөтетінін білеміз. Көбейтұз қайбір адал конкурста, қайбір адал Тендербектіңқолына тиер дейсің деген күпті көңіл басым бәрібір. Тендерге түсіп, оны «жұлып»алатын Тендербектің артында тұрған «көкесі» кім болар екен?

    Тағы бір шындық – билікке жақын көп блогерлерсоңғы күндері жан-жақтан ақпараттық шабуылын үдетті: Көбейтұз сияқты әлемдесегіз көл ғана бар, бұл – бірегей әрі ерекше табиғи көл. Оның қызғылт түстісуына соңғы кездері келетін адам көбейіп кетті, эпидемиологтар да дабыл қағыпотыр. «Көл тұзын «жабайы, колхоз халық» заңсыз жолмен талан-таражға салыпжатыр, өз байлығымызды өзіміз бағалай алмаймыз, келушілердің көлді соңғыминералына дейін талап кететін түрі бар. Кейін тағы да дамыған елдерденжойылуға айналған бірегей көлімізді қалпына келтіруге қарыз сұрап отырмайық»деп жарыса жазды.

      Ал осының алдында ғана жергілікті биліктіпті арнайы рейд жүргізіп, халықтың Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері сияқтыдемалыс аймақтарына баруына тыйым салды. Мұнысы құдды бір мықты жарнамадай әсеретті ме,  іле-шала Көбейтұзды ластап, тұзынтасығандардың суреттері қаптады. Ішкі істер министрлігі оларды жазалауға дакірісті. Ендеше, ерекше көл, ертең жойылып кетуі мүмкін деген Көбейтұз бенҚоржынкөл неге мемлекет күзетіне алынбай, жекеменшікке сатылғалы отыр дегенсауал туындайды.

     Жекеменшікке «49 жылға рекреациялықмақсатта оқшау пайдалануға беру» дегеннің өзі көлдің «жабайы халықтан» қорғауғаалынбайтынын білдіреді. Рекреация дегеніміз – жалпы, дені сау, бірақшаршаңқырап қалған адамның қалыпты күйіне оралып, еңбекке қабілетін оңалтуғаарналған сауықтыру шараларының кешені дегенді білдіреді. Рекреациясанатына әдетте туризм,санаториялық-курорттық емдеу, әуесқой спорт жатады. Ендеше, екі көлді рекреациялық мақсатта 49жылға алған Тендербектеріміз,түптеп келгенде,көл басына шлагбаум орнатып, көлге келушілерден ақша жинап, оларға қызметкөрсету бизнесін дөңгелетейін деп,алақандарын ысқылапотыр ғой. Енді текконкурстың аяқталғанын күтіп, оны кім жеңіп алатынын көрейік.

Бет қатталып жатқанда:

     «Бақсақ, бақаекен» дегендей, бұл тендерде үлкен шикілік бар екен. «Көбейтұз көлі оқшаупайдалануға берілмейтін болды» деп, бүгін Ақмола облысының ішкі саясатбасқармасы жанталасып хабар берді. Әй,бұл не сонда? Газет беті әлі қатталып үлгермей жатқанда осындай хабаржетті. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеубасқармасы» мемлекеттік мекемесі Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлін 49 жылғарекреациялық мақсатта оқшау пайдалануға жариялаған конкурсын жоқ жерден «жоқ»қылыпты. Не түлен түртті екен? Әлде біз босқа отырмаппыз ба, шынымен бұл араданбір шикілік іздеп. Енді билік Көбейтұзды 49 жылға жалға беру туралы шешімініңкүшін жоя салды. «Конкурс өтпейді. Бәрі отмена болды» деп, қазір бұларжурналистерді кері қайтарып жатыр.

      «Ақмола облысыныңтабиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарынконкурстық негізде оқшау пайдалануға беруге жариялаған конкурстың 1-пунктінжоятынын ресми хабарлайды. Нақты айтқанда, Ерейментау ауданындағы Көбейтұзкөлін оқшау пайдалануға беруге жарияланған конкурс өтпейтін болды. «Ресмижаршы» республикалық газетінің 2020 жылғы 26шілдедегі №63 саны мен Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғаттыпайдалануды реттеу басқармасының сайтында жарияланған ақпараттың күші жойылады»деп құтыла салды басқарма.

    Бәрінен де Тендербеккеобал болды-ау. Оның 30 жылдық қиқу заманы шынымен өтіп кетті ме? Әлде кешегіалып Алаштың ұрпағы – қазіргі қара қазақтың қаһары түбіне жеткелі тұрғанын деркезінде ұға қойған қу билік қолда бар билігін бәрінен қымбат санап, 30 жылдықүзеңгілес Тендербегін енді сатып кетті ме?

     Әйтеуір,Көбейтұз әлі де қалың қазақтыкі. Тыйымның күші жойылған соң, барыңыздар. Текжер-суын ластап, экология министрлігінің дерегінше, «кәдімгі үйдегі қара тұзданартық емес, түк пайдасы жоқ» делінген тұзын ұрламайық. Біз ұры емеспіз!

Әділ АҚЫЛБАЙТЕГІ


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16