21.04.2019, 18:53
425
Өңірлердегіинфроқұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Алматы облысының Көксу ауданында 11көшенің құрылысына бюджеттен 1 миллиардқа жуық теңге бөлу қарастырылған.Олардың 8-і орташа жөндеуден кейін тротуары мен жарықшамы бар көшеге айналады.Тағы 3 көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Көксу ауданында 41 000 адам,34 елдімекен бар. Мұндағы ішкі жолдар 230 километрді құрайды. Ал, ауданды кесіпөтетін жолдардың 204 километрі облыстық және 56 шақырымы республикалық маңызыбар жолға жатады. Жалпы, көлік жолдарының 76 пайызы жақсы.
Аудандағы ішкі жолдарды жөндеуге ерекше мән беріп отырмыз. Бұрын көп болса 5-6 жолды жасауға мүмкіндік болған. Қазір басқа аудандармен салыстырғанда біздегі жолдар жаман деуге келмейді. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында ауылдадардағы ішкі жолдарға жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Оған арнайы республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Бұрын бізде ағымдағы жөндеу жұмыстары болмаған, яғни, оған қаражат қарастырылмаған болатын. Қазір ондай мәселе жоқ. Барлық деңгейдегі жолдарға мүмкіндігінше қаражат қарастырып, жөндеп жатырмыз”, — дейді Көксу ауданының әкімі Алмас ӘДІЛ.
Аудан республикалықмаңызы бар күре жолдың бойында орналасқандықтан үлкен жолдардың бәрі күрделіжөндеуден өткен. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде Мұқаншы (3миллион теңге), Айнабұлақ (1 миллион теңге) және Қаблиса ауылдық округтеріндегікөшелерге ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Қалған ауылдардағы ішкі жолдарды қиыршықтаспен жауып, келер жылы асфальт төсеу жоспарланған екен.
Фото автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР