Көктемгі егіс: Биыл жылдағы қиындықтар болған жоқ

18.06.2019, 16:56

45

Көктемгі егінжұмыстары аяқталды. Егіншілер биыл жылдағыдай емес, қиыншылықтардың аз болғанынайтып отыр. Өйткені, жақында ғана Ауылшаруашылығы министрлігі жанар-жағар маймен минералды тыңайтқыштардың жеткілікті болғанын мәлімдеген болатын. Расында,жыл сайын құлақ үйреніп қалған гөй-гөй биыл естілмеді. Соған қарағанда,егіншілер мен дихандар ақыры уәде етілген тиісті қолдауға қол жеткізгенсекілді.

Дихандар биыл ауарайының да қолайлы болып тұрғанын айтады. Жердің ылғалы тарап кетпей, деркезінде егілген егіннің бітік өсетіні түсінікті. Осы жағынан алғандажанар-жағар май мен тыңайтқыштың маңызы зор. Техникалық жақтан қолбайлауболмаса егінің де күймейді, уақытың да босқа өлмейді. Әрине, жүйкең де тыныш. Оданбөлек, кейбір кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізгензаманауи техниканың да шаруаның тез дөңгелеуіне ықпал еткенін алға тартады. Қазіргізаманауи техникаға қол жеткізген кәсіпкерлер көп шаруаны компьютердің көмегіменатқарады. Қай жерге қанша дән керек, қанша минералды тыңайтқыш керегін техникаөзі айтады.

Биылғыегіншілікке қатысты айтатын бір мәселе – мал азығына дайындалатын дақылдар көлемініңартуы байқалады. Арпа, жүгері, сұлы, бұршақ сияқты дақылдар көптеп егіліпті. Бұл егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығының да өскенін байқатады. Одан бөлек, дәнді дақылдар мен картоп, көкөніс бағытында да бірқатар өрлеулербар.

Енді ауылшаруашылығыминистрлігі ұсынған мәліметтер негізінде нақтырақ айтсақ, биыл 19 млн гектаржерге дән себілген. Оның 14,5 млн гектары – дәнді дақылдар, 2,7 млн гектары –майлы дақылдар, көкөніс және бақша дақылдары – 458,3 мың, азықтық дақылдар – 1,2млн гектар, қант қызылшасы, мақта, темекі өнімдері – 144 мың гектарға жеткен.

Көктемгі егіскезінде бір сәтке де тыным таппайтын кәсіпкерлер мен мамандар әр түйір тұқыммен әр қарыс жердің есебінің дұрыс болуын қадағаламай болмайтынын айтады.Әрине, өзге шаруалар өз ағынымен жүріп отырса, бұл да қиын дүние емес. Биылосындай қолбайлаулардың болмағаны қуантады оларды. Одан кейін жылдың аяғынадейін күресетін мәселелер аз емес. Мәселен, зиянкестер. Тұқым салынғаннанбастап орып алғанға дейін бір сәтке тыныштық бермейтін зиянкестермен күресу деоңай шаруа емес. Егіншілердің көбі қазір осы күресті бастап та кеткен.

Биыл жалпы 2,5млн тонна дән егілген. 470 мың тонна тыңайтқыш әзірленіпті. Оларды уақытындаегу үшін 380 мың тонна дизельдік жағар май дайындалған. Бұл өткен жылғыкөрсеткіштен әлдеқайда көп. Соның арқасында жетіспеушілік мәселесі айтылмапты.

Биылғы көктемгіегіс науқанының жаңалығы – «Солтүстік соясы» атты арнайы бағдарлама. Осы күні халықаралықсауда-саттықта ең өтімді өнім есептелетін сояны бұдан былай солтүстіктегіағайын да көптеп еге бастайды. Биыл 14 мың гектар жерге соя себілді. Бұл биылғыбастама ғана деп отыр мамандар. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 1,5 млн гектарғажетеді деп жоспарлануда. Бұл егістің тағы бір айырмашылығы – майлы дақылды егіпқана қоймай, әр сепкен сайын жерді тыңайтып отыруына ықпал ету. Осы жағынанарнайы тыңайтқыштар да әзірленді.

Егіс алқабыбойынша Ақмола облысы көш басында тұр. 4664,5 млн гектар жер осы облысқатиесілі. Қостанай облысы да осы көрсеткішке жетеғабыл – 4555 млн гектар. Бүкілреспублика бойынша егін егілген алқаптың жартысын екеуі ғана толтырған қособлыс та биыл егіс алқабын біраз ұлғайтқан. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстаноблысы да кіреді. Оның егіс көлемі – 3670,3 млн гектарды құрайды.

Көктемгі еңбекпен шыққан шығынды күзде сәтті орып алу үшін жаз бойғы еңбек, одан соңғы алғанөнімді сәтті сата білу де оңынан болады деп сенеді дихандар.

Фото: 7kun.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!
Сайт әкімшілігі 19.11.2020, 16:09
2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 11:24
5 теңге – 1 долларға тең болған кез. Теңге қалай құнсызданды?
Қарлығаш Зарыққанқызы 16.11.2020, 10:45
Теңгені қалай қорғаймыз?!

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52