«КСРО құлағандай дағдарыс күтіп тұр», тоқыраудан бізді қай сала құтқарады?

12.05.2020, 06:26

201

БҰҰ кедейелдерді аштықтан құтқаруға шақырып отыр. Аталмыш ұйымның мәлімдеуінше, қазіргіжағдайда кедей мемлекеттерге көмектеспейтін болсақ, онда бүкіл әлемдіқақтығыстар, аштық пен жоқшылық күтіп тұр. Осыған орай, БҰҰ халықаралықұйымдарды дамуы артта қалған елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Бұл ретте БҰҰ басхатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Марк Локок:  «Коронавирус пандемиясы  барлығымыз үшін сынақ. Әлемдегі кедей елдер,дамушы елдер өте қиын жағдайларда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардыңэкономикасына түсетін қаражаттары қысқарды, қаншама адам жұмыссыз қалды, өндірісорындарының жұмысы тұралады. Мұның арты аштыққа, жоқшылыққа апарып соқтырады»,– деді. Осылайша әлем елдеріне ашықпаудың тетігін қарастыруға қатысты үлкенқоңырау соғылды.


                        Шырмауды үзудің жолы

Біздің отандық сарапшылар да «Қазақстан КеңесОдағы құлаған кездегідей дағдарысты бастан кешуі мүмкін» екенін қатты ескертебастады. Сарапшылардың пайымдауынша, биыл 1998 жылдан бері алғаш рет ЖІӨ өсудің орнынатөмендейді. Халықаралық валюта қоры Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2020 жылы -2,5пайыз болады деп жорамалдайды.  Ал 2019жылы ол 4,5 пайызға өскен болатын.  Қазірдүниежүзінде мұнайға деген сұраныс тәулігіне 9,3 млн баррельге дейін азайды. Бірғана сәуір айында мұнайға сұраныс тәулігіне 29 млн баррельге дейін төмендеді. Коронавирустың кесірі және мұнай бағасының төмендеуі отандық экономикаға қаттыкүш салып тұр. Тығырықтан шығу үшін біздің мемлекет Ұлттық қордың 20 пайызынақол салды.  Бұған шетелден алынатынқарызды қоссақ, расымен де, алда үлкен ауыртпалық күтіп тұрғанын аңғарамыз. Аленді мұндай тоқырауда экономикамызды не құтқарады? Қандай салаға басымдық беруқажет?

  Сала мамандарыбұл тығырықтан бізді ашықтырмай, алып шығатын ауыл шаруашылығы екенін алғатартып отыр. Дегенмен  соңғы кезде осысаланың қатты қожырап тұрғаны көңілді алаңдатпай қоймайды. Мемлекетімізде еңкөлемді ауыл шаруашылығы жері және мал өсіруге ыңғайлы орта бола тұра, біз ауылшаруашылығының бабын келістіре алмай-ақ қойдық. Агроөнім өндіруде ісіміз алғабасып, аса бір оза шауып кеткен тұсымыз да көрінбейді. Осыған орай, еліміздегімаркетингтік талдау және зерттеу орталығының мамандары қазақтың тұтынып жүргенқарапайым  ас-ауқатының сапасынасараптама жасапты. Аталмыш орталық мамандары арнайы зерттеу барысында  «Қазақстанхалқы ауылшаруашылық өнімдерін тұтынып жүрген жоқ, ұтылып жүр» дегенқорытындыға келген.  

 

                    Өзбек пен қырғыз бізден оза бастады

  Аталмыш орталықтың экономист-сарапшысы ЖанарысАнарбектің айтуынша, ТМД елдерімен салыстырар болсақ, іргеміздегі өзбекағайындардың өзі былтыр қазақтардан етті көбірек тұтыныпты. Сол тәрізді қырғыздар да құрт, қатық,айран, сүт дегенді біздің елден көбірек тұтынған. Тәжіктердің де азық-түліксебетінде агроөнімдер біздікінеқарағанда молырақ. ТМД елдері арасында соңғы үш жылда Өзбекстанда жан басына шаққанда халық 120 келідей ет тұтынған. Ал біздіңҚазақстан халқы бір жылда шамамен әр адамға шаққанда 72 келі етті місе тұтыпты.Сол сияқты қырғыздарда да бір адам ай сайын 20  литрдей сүттұтынса, бізде бұл көрсеткіш – 9-11 литр. Тіпті халық арасында мүлде сүт тұтынбайтын, ет сатып алуды әлеуметтік жағдайы көтермейтін отбасылар көбірек кездесетін болған.

 Еуропа елдерінде азық-түлік  себетіне енетін агроөнімдердің құрамы 250-300түрлі өнімге жетеді. Ал бізді олармен тіпті салыстыруға да келмейді. Шындығынайтқанда, біздің үкімет халықты жаппай диетаға отырғызып қойды.  Қазір нееңбекақысын ала алмай, алған күнде оны қайда жеткізерін білмей, ашқұрсақ жүргенқауымның қарасы жетерлік. Міне, мамандар «осындай жағдайдан, шындап келгенде,бізді ауыл ғана құтқарады» деп отыр. «Рас, алда тоқырау келе жатыр. КСРОқұлағандай дағдарыс күтіп тұр. Бізде жер, егістік бар,  болашақта ауыл шаруашылығын дамытуға, агроөнімдердіөндіруге, мал басын өсіруге қатысты  оң өзгерістеренгізу қажет», – дейді Жанарыс Анарбек.

                       Тарықтырмаудың  төте жолы

 Жалпы, БҰҰ мәліметіне сәйкес, әлемде 795млн адам немесе әрбір сегізінші адам аштық жағдайда өмір сүруде. 1,2 млрд адам ашқұрсақ болуда, аштықтанкүніне 10 мың бала және 25 мың ересек адам көз жұмуда. Аштықтың жаңа түрі – бұл дамушы елдердегі адамдардың ашығыпжүруі, яғни тәулігіне 2400-2500 килокалорий (ккал) орнына бар болғаны 1000-1800 ккал болатын тамақ жеу. Мұндай адамсаны әлемде 2 млрд екен. Осы жерде айта кетейік, Беларусь елінде физиологиялық норма әр топты, яғнижастар мен егде адамдарды айыра отырып, олардың тағам тұтыну мөлшерін келі және килокалорийменбелгілеген. Бұған қатысты экономист-ғалым Атамұрат Шәменов былайдейді: «Қазақстанда жаңаданбекітілген ондай норма жоқ. Әлемде өзін азық-түлікпен 100 пайыз қамтамасыз еткен тек жеті мемлекет, 70-80 пайызбен қамтыған 75 мемлекет болса, 50-60 пайызбен 1 млрд тұрғынын 50 мемлекет қана қамтамасыз етеді. Есептейтінболсақ, 1990 жылдан бері Жер шарында адам саны 1,9 миллиардқа көбейіп отыр,  Яғни тамаққа деген сұраныс күшеюде. Сондықтан тамақпенқамтамасыз ету – бұл мемлекеттің өз халқы алдындағы парызы ғана емес, бұлдегеніңіз – ұшы-қиырсыз сұраныс, ешқашан таусылмайтын нарық. Қазақстан келешекте азық-түлік тұтынуғасауатты қарауыкерек. Осы мақсатта түрлісауатты ауыл шаруашылығы жобаларынқолға алу керек», – дейді Атамұрат Шәменов.  

Мамандар халықты азықтан тарықтырмаудың еңтөте жолы ауыл шаруашылығы саласы екенін баса айтып отыр. Еліміз, негізінен,аграрлы мемлекет екенін біздің билік те жақсы біледі. Бірақ ауыл шаруашылығыаясында шағын кластерлер құру, ауыл-аудан көлемінде оны жасақтау, агроөнімдіөндіруді ең соңғы дайын өнімге дейін жеткізу ісі елде қашан алға басарыбелгісіз.

                        Министрлер ұсыныстыұға ма?

 Ауыл шаруашылығының аяқ алысына қатысты ұлттықэкономика министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігіне үлкен сын айтылып жүр.Кластерлер арқылы экономиканың ауыржүгін жеңілдетуге болатыны жайлы  ұсыныста айтылуда. Тіпті заңгерлер тарапынан «ол кластерлерді заңдық ұйымдастырутіптен қиын емес. Ол үшін  Азаматтық кодекске сәйкес, ассоциация,өндірістік кооператив, ЖШС т.б. шағын орындар құрып, оны «ҚазАгро» холдингіарқылы қаржыландыру керек. Мұндай жүйені жасақтау мемлекеттік тапсырыс беру,қаржыландыру  және несиелендіру ауыл шаруашылығындағы  шағынөндірістер мен сервистік қызметтердің  бірігуіне жол ашатын еді» деген депікірлер бар.  Бірақ бізде мұндай ұсыныстарға  аса мәнберілмейді. Билік өнімді тек шетелгеэкспорттауды ғана жолға қоя алды.

 Ал бүгінде шикізатқа байланған экономиканыңшыңға шығармайтынына көзіміз әбден жетті. Қазір ауыл шаруашылығын дамытуғақабілетті елдің дені агросаясатын жөндеп жатқан тұс. Бізде, керісінше,қарапайым  ауыл тұрғындары түсінетін агросаясатжоқ. Рас, үкіметте бір-бірінен туындап жатқан бағдарламалар көп. Бір министркеліп бір бағытты айтады, екіншісі басқа бағытқа сүйрейді. Ал ауыл қауымы солбағдарламалардың қызығын көрмек түгіл, келесісіне ауысқанша бағдарламалардыұғынып та үлгермейді. Мысалы, бір ғана  «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жайылымдықмал шаруашылығын өркендету, мал суару үшін республика бойынша 4000 құдық қазу,ветеринарияны дамыту, ауылшаруашылық кооперативтеріне біріктіру дейсіз бе –толып жатқан бағыттарға бет алғанбыз. Бірақ қазір осы бағдарламалардың нәтижесіқайда?! Қазылған 4000 құдық, жайнаған агробизнес, біріккен кооператив көрсек,қанекей?! Ауылдағы ағайын әлі сол әлеуметтік жағдайын түзей алмай, әупірімдепотыр. Егер біздегі ысқырығы жер жарып басталатын бағдарламалардың бақылауықатаң болғанда, мұндай  келеңсіздіктерорын алмас еді. Бақылаудың жоқтығының соңы тоқырауға апаратынын біздің биліктіңәлі ұқпай келе жатқаны өкінішті.

ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15