Майнинг компаниялардың электр энергиясына әсері қандай?

Ерке ЖҰМАТАЙ

10.03.2022, 09:59

1386

2021 жылға дейін жүргізілген статистикалық талдауға сәйкес елімізде электр энергиясын тұтыну жылына орта есеппен 2%-ға өскенін, ал өткен жылы тұтыну өсімі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 6,1%-ға артқанын атап өтті. Бұл ретте Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында бұл көрсеткіш 12% -ды құрады. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі өзін-өзі теңгерімдеп жұмыс істеуде. Бұл ретте, ең жоғары жүктеме сағаттарында энергия жүйесінде электр қуатының тапшылығы байқалуда, бұл энергия өндіруші ұйымдар жабдықтарының авариялық тоқтатылуының жиілеуіне, сондай-ақ қосылған қуаттың күрт өсуіне байланысты. Қажеттіліктің өсуінің негізгі себебі – цифрлік майнинг субъектілерінің қызметі.

Қазіргі уақытта халық үшін  энергия шектеуге  байланысты ауыр салдарларға жол бермеу мақсатында Жүйелік оператор күнделікті негізде барлық қажетті шараларды қабылдауда. Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізді.

2022 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Цифрлық майнингтің заңсыз жұмыс істейтін субъектілерін  анықтау  және оларға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары электр энергиясы нарығын «көлеңкелі» цифрлық майнинг субъектілерінен тазартуға бағытталған тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда.

Бұған қоса, жақында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді.

Мобильді топтар жүргізілген тексерулер нәтижесінде соңғы 5 күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты.

Төменде цифрлық майнинг объектілері қызметінде анықталған фактілер бойынша мобильді топтар жұмысының нәтижелері толығырақ берілген.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі: Қарағанды облысында жалпы қуаты — 31,3 МВт., Павлодар облысында — 22 МВт., Түркістан облысында — 3,28 МВт, Ақмола облысында — 1,03 МВт., Қостанай облысында — 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында — 1,8 МВт., Алматы қаласында — 3,5 МВт., Шымкент қаласында – 4 МВт.

Сондай-ақ цифрлық майнингке өздігінен шектеу енгізілген: Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты — 91 МВт, Қарағанды облысында — 44 МВт.

Майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасады, сондай-ақ анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Тегтер: экономика халық нарық энергия

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07:47
Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01