Мамин мен «отбасы» мүшелері ҚТЖ-ны тақырға отырғызды

Қ.Дарын

10.02.2022, 09:00

6693

Бұрынғы премьер-министр және «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» (ҚТЖ) АҚ-ның экс-басшысы Асқар Мамин мен «отбасының» кейбір мүшелерінің әрекеттері салдарынан, 100 жылдық тарихы бар ел экономикасының локомотиві ҚТЖ тақырға отырған-ды. Бір кездері теңіздей табыс тапқан кәсіпорын қазір 2 трлн қарызды қанағат тұтуға мәжбүр. Бұл туралы белгілі экономист, Қазақстан президентінің штаттан тыс экс-көмекшісі Олжас Құдайбергенов хабарлады.

— Жақында Instant payments туралы жаңалық жария болды. Алайда, ҚТЖ Instant payments-пен арадағы келісімді бұзып қана қоймай, сонымен қатар компанияның бүкіл жобаларын ҚТЖ-ның балансына алу туралы келісімге қол жеткізгенін көпшілік біле бермейді. Атап айтарлығы, бұл өте дұрыс шешім және ерекше мәнге ие оқиға. Ал бұған қосымша кадрлық ауыс-түйістер де орын алмақ. Олар қоғамды салаға үлкен залал келтіріп, ҚТЖ-ның мойнына 2 трлн қарыз ілген ескінің жұғындысынан, Маминның командасы мен «отбасының» кейбір мүшелерінен арылтатын болады», – деп жазды Құдайбергенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол «кадрлық ауыс-түйіс ҚТЖ-ның бүкіл құрылымдарын қамтиды, – деген сенімде. Нәтижесінде, шыңырау шегі контракттар сомасының – 40 пайызына жеткен барлығын улайтын әзәзілдік пен сыбайлас жемқорлық атмосферасы келмеске кетеді деп сенемін. Әсіресе, басшылықты жұмыс барысында орын алатын авариялармен және іркілістермен қорқытатындарды жұмыстан қуған жөн, қажет болса, жұмыстан қуып қана қоймай, ондай адамдарды тізімге алып, бірінші авария орын алған кезде қамауға алу керек. Өйткені, олар авариялар мен іркілістер орын алуы мүмкін деген желеумен сыбайлас жемқорлық жүйесіне қарсы күреске қарсылық білдіруді жүзеге асырушылар, – деді сөзін нақтылаған сарапшы.                                                                                            Оның айтуынша, «қазір ҚТЖ-да цифрландырудың мықты бағдарламасын жүзеге асыру басталды, ол бүкіл делдалдық тізбектерді жояды. Еліміздің тарихында алғаш рет атқарылатын шараларды талқылауға тараптар мүддесі қысым жасап отырған жоқ». Оның пікірі бойынша, аталмыш бағдарлама «бүкіл IT-нарыққа, API арқылы ҚТЖ-ның сервистеріне қолжетімділік береді, онлайн-контрактация есебінен адами факторды жояды. Егер ҚТЖ осы бағдарламалардың барлығын жүзеге асырып, сыбайлас жемқорлықтың көзін жойса, онда бұл ҚТЖ-ның тиімді жұмыс істеуіне жол ашады және ешкімнен қарыз алмай-ақ, теміржолдар мен вагондар паркін біртіндеп жаңартуға қаржы табуға бастау болады. Ал егер осының барлығы өз өндірісін дамыту арқылы жүзеге асыратын болса, онда басқарушылардың қазіргі командасына ескерткіш қоюға болады! – дейді сөзін түйіндеген Құдайбергенов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы
Сайт әкімшілігі 23.05.2023, 15:51
Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілетін мерзім аталды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.05.2023, 09:31
Шабан жалақы, жүйрік инфляция, тепеңдеген халық
Сайт әкімшілігі 22.05.2023, 12:02
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидалары тізімін жариялады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2023, 15:45
Банкрот болдым дегенше...
Күлтегін БЕК 18.05.2023, 10:09
АҚШ-та дефолт болса, ҰЛТТЫҚ ҚОР бізді құтқара алмайды

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31