Маңғыстауда 3 жылда 8 мектеп салынады

17.03.2019, 04:27

10

Маңғыстау облысында алдағы үш жылда 8 жаңа мектеп жұмысын бастайды. Бұл туралы облысқа іссапармен келген Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты. Министр іссапар барысында облыстағы бірқатар нысандарды аралап көрді. Мектептердің заманауи техникамен жабдықталуы, озық үлгідегі мектептердің жұмысын қадағалау мақсатында жасалған сапардың алғашқысы Жаңаөзен қаласынан бастау алды. Айта кету керек, биыл Жаңаөзенде 2 жаңа мектеп пайдалануға берілген.Мектептердің, мектеп-гимназия ұжымымен, педагогтық құраммен кездескен министрі ІТ-сыныптары мен робототехника сыныбының жұмысын, оқушылардың жетістігін бағалады. Жалпы, Жаңаөзенде 24 орта мектеп жұмыс істейді, қаланың 30579 оқушысы бар. Биылғы жылдың шілесінен бастап мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға артатынын, сол себепті, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы көтерілген сайын талап та күшейетінін айтқан министр қаладағы жоғары санаттағы мұғалімнің жалақысы 158034 мың болатынын, ауылдық жерлерде 180908 теңге болатынын атап өтті. Мұғалімдердің өмір сүру деңгейі өктерілсе, өңірлердің дамуы, білім саласының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.  Бұл өз кезегінде аймақтардың сапалы мамандармен, жастармен толығуына жол ашады.Сондай-ақ, білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Ақтау қаласында да болып, бірнеше білім саласына қатысты ұйымдар мен нысандарды аралады. Осы күнге дейін мәселесі шешілмей келе жатқан үш ауысымды мектептердің жағдайын көзбен көру мақсатында алдымен Ақтау қалалық №29 мектепке барып, үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жолдарын қарастырды. Жалпы, Маңғыстау облысы бойынша 157 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеп тұр. Облыстың 140 мыңнан астам оқушысы бар. Ал, үш ауысымды мектептер саны жыл санап азайып келеді. Мәселен, биылғы жылы облыс бойынша 6300 орындық 9 жаңа мектеп жұмысын бастады. Бұл өз кезегінде мектептердегі үш ауысымдық мәселесін шешуге үлес қосады. — Тәуелсіздік алғаннан бері Маңғыстауда 55 мектеп салынған. Алдағы үш жылда Маңғыстау облысында 8 мектеп ашылады. Олар негізінен  үш  ауысымда  жұмыс жасайтын, ғимараттары апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынатын болады, – дейді Күләш Шәмшидинова.Сөйтіп, алдағы үш жылда үш ауысымды мектептер мен ескі, апатты жағдайлардағы орта мектептердің жағдайын реттейтінін айтқан білім және ғылым министрі іс сапары барысында Ақтау қалалық Оқушылар Орталығына да бас сұқты. Бұл орталық қазір оқушыларға мектептен тыс уақытта қосымша білім берумен айналысады. Негізінен шахмат, тоғызқұмалақ, хореография, робот техникасы, планетарий, құммен бейнелеу, art студия,  жас дизайнер, сәндік өнер, домбыра, гитара студиялары, english study, таеквондо, каратэ, жеңіл атлетика сияқты өнер мен спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс істейді. Бұл орталықта қазір 6 500  мыңнан астам бала қосымша білім алуда. Ал, жалпы облыс блыс бойынша 35 мыңан астам оқушы қосымша білім алуға мүмкіндік алған.Министр заманауи білім беру жұмысын жіті назарда ұстау керектігін ескеріп, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжіне барып, колледж жанынан құрылған IT орталықтың жалпы жұмысымен танысты. Бұл орталықта қазір графикалық және Веб дизайн, бейне өндірісі зертханасы, іс бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстарды өткізуге арналған арнайы оқу кабинеттері, робототехника, инклюзивті білім беруге арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету кабинеттері жұмыс істеп тұр.Фото: nur.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34