Мақта өндірісі маталып тұр

Еркежан АРЫН

06.01.2021, 10:57

1251

Қазақстандағы мақта саласын іс жүзінде «тәуекелі жоғары» және инвестиция үшін тартымсыз еткен заң өз жұмысын тоқтатты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР мақта саласы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу» және «Мақта саласын дамыту туралы» ҚР Заңын жарамсыз деп тану туралы» заңға қол қойған болатын.

Заң мақта саласындағы әкімшілік кедергілерді азайту және осы салаға инвестицияларды, оның ішінде банктік несиелерді тарту үшін жағдай жасау мақсатында әзірленген еді. Құқық қолдану практикасыың сараптамасы «Мақта саласын дамыту туралы» ҚР Заңы мақта саласын негізсіз реттеп, қажет емес әкімшілік кедергілерді енгізгендігін көрсетіп отыр. Нәтижесінде мақта өсіруге шетелдік инвестициялардың түсуі төмендеп, саланы несиелендіру іс жүзінде құлдырап тұр. Осылайша, 2007 жылы заң қабылданған кезде отандық банктер мақта саласына жылына 200 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі несие берген болса, екі жылдан кейін яғни 2009 жылдар бастап олар мақта компанияларына несие беруді іс жүзінде тоқтатты.

Банктер оның шамадан тыс реттелуіне және негізгі құралдар кепіліне шектеулер енгізілуіне байланысты мақта саласын «тәуекелі жоғары» деп таныды. Бұл жағдай күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Осыған байланысты мақта өсірушілер егістік алқаптарын қысқартуға мәжбүр болды. Шитті мақтаның саны мен сапасы күрт төмендеді.

Мақта қолхаттары алынып тасталынды

Заңның басты идеясы мақта қолхатының индоссамент (табыстама жазу) функциясымен қамтамасыз ету ретінде жұмыс істеуі болған. Мақта қолхаттарын алған ауылшаруашылық тауар өндірушілері қолхатты сатып алушыға қайта жазу арқылы мақтаны нарықта еркін сата алады немесе кепіл ретінде мақта қолхаттарын қою арқылы банктен несие алады деп күтілген еді.

Дегенмен де, мақта қолхаттары туралы заңның 12 жылында бір де бір индоссампнт (табыстама жазба) жасалмады, ал банктер мақта қолхатын бір рет те кепіл ретінде алмаған. Осылайша, мақта қолхаттарын заңнамалық тұрғыдан консолидациялау салаға оң нәтиже бермеді, керісінше, саланың барлық негізгі көрсеткіштерінің күрт төмендеп, қаржының көп кетуіне ықпал еткен.

Сондай-ақ, заң мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия енгізді. Құқықтық тұрғыдан алғанда, қойма қызметі сақтау келісімшарттарына жатады. Сақтау шарты бойынша сақтаушы сақтауға жүк тапсырушыға алған сол (немесе тура сондай) тауарларын физикалық-химиялық қасиеттерін бұзбай және сандық-сапалық сипаттамаларын бұзбай қайтаруға міндетті.

Мақта өңдеу зауыттары мүлдем басқа қызметпен айналысады. Олар ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен шикі мақтаны алады, оны өңдейді және шикізатты қайта өңдеу өнімдерін (мақта талшығы, улюк, линт, тұқымдар) қайтарады. Яғни, ауылшаруашылық өндірістік кәсіпорны мен мақта өңдеу зауыты арасындағы келісімшарт сақтау туралы емес, еңбек келісімшарттарына қатысты.

Мақта саласына қалай қолдау көрсетілмек?

Мақта өсіруді мемлекеттік қолдау мақта тұқымын өндіруді дамытуды қолдау, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, сумен жабдықтау қызметтерінің құнын төмендету, инвестициялық субсидиялар, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, мақта егуге және жинауға арналған несиелер, сондай-ақ қайта өңдеуге тапсырылған мақтаның тоннасына субсидиялар есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен бірге Ауыл шаруашылығы министрлігі Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп мақта өсіруді дамыту бойынша шаралар кешенін (салалық бағдарлама) әзірледі. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы №38 өкімімен тоқыма өнеркәсібін дамытудың Жол картасы бекітілді. Жол картасы шикізат базасын дамыту, тоқыма өнеркәсібін дамыту, тігін және иіру-тоқыма фабрикаларын іске қосу, сондай-ақ тоқыма фабрикасының аяқталмаған құрылысын бастау жөніндегі шараларды қарастырады.

Сондай-ақ, тұтастай алғанда жеңіл өнеркәсіпті және тоқыма өндірісін дамыту ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1050 қаулысымен бекітілген ҚР Кәсіпкерлік кодексінде және ҚР 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Қазіргі кезде орташа негізгі мақта талшығының 90%-і экспортқа жіберіледі, яғни бізде негізгі шикізаттың шамадан тыс мөлшері бар. Сонымен қатар, ұзын талшықты мақтаның үлесі онша көп емес, өйткені ол күн сәулесінің жетіспеуінен Қазақстан аумағында өспейді. Сондықтан оны мақта өндіретін елдерден сатып алуға тура келеді. Айтпақшы, Өзбекстан мақта талшығын экспортқа сатуды тоқтатты. Қазіргі уақытта ол дайын жіптер мен маталарды экспорттап жатыр.

Қазақстанда мақта өсіру саласы не болмақ?

Қазіргі уақытта Қазақстандағы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі суармалы суды үнемдеу үшін мақтаны, сондай-ақ күрішті азайтуға шақыруда. Шенеуніктердің айтуынша, соңғы 3 жылда Қазақстан су айналымы төмен аймақ қатарында. Жалпы өзен ағыны 2019 жылы 83 текше шақырымды құрады, бұл орташа көпжылдық көрсеткіштен 20%-ке аз деген сөз. Экология министрі Мағзұм Мирзағалиевтің айтуынша, су тапшылығын болдырмау үшін күріш дақылдарын 29 мың гектарға, яғни Қызылорда (15 мың), Алматы (10 мың) және Түркістан (4 мың) облыстарында азайту қажет. Бұл бір текше шақырым суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазақстанда ылғал сүйгіш дақылдардың: күріш пен мақтаның егістігін біртіндеп азайту қажет.

Бүгінгі таңда елдің су тұтынуының 65%-і ауыл шаруашылығына тиесілі. Агроөнеркәсіптік секторды сапалы және кепілдендірілген сумен қамтамасыз ету елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Судың қол жетімділігінің төмендеу тенденциясын ескере отырып, қолданыстағы су алу шегінде су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету қажет.

Ол жұмсалған судың едәуір көлемін экономикалық тұрғыдан тиімдірек дақылдарды – көкөністерді, жемістер мен жидектерді, рапсты, сояны өсіру үшін пайдалануға болады. Бұл үшін әкімдіктер бекітілген тұқым жоспарларын қатаң сақтауы керек.

Тегтер: мақта мата диқан жиын-терім жеңіл өнеркәсіп отандық өндіріс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58