Медицина қашанда стратегиялық маңызға ие

Бекқали ТОРҒАЕВ

23.04.2021, 14:27

2016

Жақында  «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев премьер-министр А.Мамин мен премьер-министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайыловты қабылдады. Кездесу барысында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

Сайлауалды бағдарлама мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық салаларын ары қарай дамытуға бағытталған кешенді құжат болып табылады және оның ішінде қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған нақты шаралар мен индикаторлар қамтылған.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында экономиканың негізгі салаларында өсім тенденцияларының бар екені аталып өтті. Коронавирус инфекциясының салдарынан орын алған әлемдік дағдарыс жағдайында жоғарыда көрсетілген экономиканың жағымды тенденциялары мемлекеттік саясат бағытының дұрыстығын және стратегиялық жоспарлардың орынды әзірленгенін көрсетеді.    

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 7,5, құрылыс – 13,1 және ауыл шаруашылығы 2,8 пайызды құрады. Осымен бірге машина жасау саласында – +21,8, фармацевтикада – +9,1, химия өнеркәсібінде +14,2 пайыз деңгейіндегі жағымды динамика тіркелді.

Жоғарыда аталған үдерістер ІЖӨ-нің болжанған нақты өсімін 2021 жыл қорытындысы бойынша 2,8 пайыздан 3,1 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Үкімет тарапынан COVID-19-бен күресуге және денсаулық сақтау саласын жаңғырту үшін ауқымды шаралар қарастырылған. 

Жаһандық пандемия кезеңінде біз денсаулық сақтау саласының, оның ішінде фармацевтика секторының стратегиялық маңызға ие екеніне көз жеткіздік. Соңғы жылдары әлемдік фармацевтика нарығы тұрақты өсіп келеді. 2019 жылы әлемдік фармнарығындағы тауарлар айналымы 1,25 трлн долларды құрады. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 17 пайызға өскен.  

Қазақстанда фармацевтикалық және медициналық тауарларды сату көлемі 2019 жылы1,8 трлн теңгені құрады немесе еліміздің нарығындағы барлық тауарлардың жалпы айналымының 4,8 пайызы.

Қазақстанда фармацевтикалық өнімдерге деген сұраныстың басым бөлігін импорт қамтиды. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 309 млрд теңгеден астам болды. 

Қазақстанда фармацевтикалық өнімдерді шығару көлемінің артып келе жатқанын атап өту керек. 2019 жылы өндірістің бұл саласы құны 92,4 млрд теңге болатын өнімді шығарды, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 149 пайызға артық. Бұл ретте осы саладағы негізгі  өнеркәсіп орындарының саны бір қалыпта сақталуда – 75-80 бірлік, аталмыш кәсіпорындарда 3,6 мың адам еңбек етеді. Яғни бұл сектордағы еңбек өнімділігі артып келе жатыр. Осы сегмент отандық шағын және орта бизнес секторы үшін үлкен мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.

Дәрі-дәрмек шығаратын және сататын кәсіпкерлер немесе осы бағытта өз ісін бастауға ниетті азаматтар ұлттық даму институттары мен жергілікті атқарушы органдар арқылы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарда өндіріс орнын ашу мүмкіндігіне ие, жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар, құрылғы сатып алу үшін жеңілдетілген лизинг және несиелерге кепілдік сияқты мемлекеттік қолдау түрлерін ала алады.  

Осы арнада Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің сұрақтарына бөлек тоқталып өткім келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Алматы қаласының жол картасы шеңберінде 19 медицина нысанының құрылысы жоспарланған. Осымен қатар, Жапония, Германия және өзге елдердің әлемдік компанияларымен бірлескен ірі жобалары Алматы қаласының медициналық туризмнің өңірлік орталығына айналуына мүмкіндік береді. 2024 жылы 1400 орынға арналған бірлескен университеттік аурухана салынады.  Осымен қатар, 12 медициналық нысан сейсмикалық күшейтілуден өтеді. Олардың қатарында №16, 6, 11 қалалық емханалар, №2, 5 қалалық перзентханалар және басқалар бар.

Медициналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медикаменттерді жергілікті деңгейде шығару үшін және импорт көлемін азайту мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аясында фармацевтикалық кластер құрылды. Қала әкімі Б.Сағынтаев атап өткендей, бірнеше компания дәрілік өнімдер шығару бойынша жобаларды бастады. Мұнымен бірге микро және шағын бизнеске арналған фарминдустрия өндірістік паркі салынатын болады. Инвестициялардың жалпы көлемі 18 млрд теңгені құрайды.

Фармацевтика саласының қуатын арттыру аса маңызды мәселе болып табылады. Импорт көлемі 300 млрд теңгеден астам соманы және жергілікті өндірушілер 92 млрд теңгеге өнім шығарғанын ескерсек, Қазақстан нарығының қажеттілігі мол екенін көріп отырмыз. Бұл сектор өнімдерінің өз елімізде шығарылуы, эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсіп, шетелден әкелінетін дәрілердің шектелуі немесе шекаралардың жабылу қаупі туындағанда мемлекетіміздің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Фармөнімдерді шығару үшін біздің елімізде қажетті шикізаттық база, жоғары ғылыми әлеует пен инфрақұрылым бар.

 Жалпы, жоғарыда аталған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыруды күшейтуге, отандық фарминдустрияның дамуына ықпал етіп, қазақстандық кәсіпкерлер үшін дәрілік өнімдерді шығаруына мүмкіндіктер ашып, импортталатын дәрілердің орнын басуға негіз болады. Мұның бәрі жаңа жұмыс орындарының ашылуы, өнім шығару көлемінің артуы мен салық түсімдерінің ұлғаюы сияқты экономиканың дамуына септігін тигізетін мультипликативті тиімділіктің көлемін арттырады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58