Мемлекетке масыл болған банктер халықты соруды қашан қояды?

05.05.2020, 12:21

18

Ұлттыққордан қаржы құйып, отандық банктерді қолдау мәселесі Қазақстанда әліжалғасатын түрі бар.  Өйткені біздіңбиліктің  «сүйкімдісіне» айналғанбанктердің жұмысын қазіргідей дағдарыста жандандыру үшін тағы 400-600 млрдтеңгедей сома керек екен.

 Негізінде,  үкімет бұған дейін  дағдарыста «қайраңға кеткен банктерді» қолдап,бірнеше мәрте демеуқаржы бөліп келді. Мысалы, 2007-08 жылдардағы жаһандық дағдарыстыңтеріс салдарын азайтуға 2008-16 жылдар аралығында мемлекеттің төрт банктіқолдауға 476,1 млрд теңге бөлгенін біз білеміз. Бұдан соң, 2017 жылы банксекторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына сәйкес, бес ірі қаржыинститутына көмек көрсетілді. Мұндағы жалпы қолдау көлемі 653,7 млрд теңгеніқұрады. Осылайша үкімет пен Ұлттық банкекінші дең­гейлі банктердің қаржылық жағ­дайын жақсарту бағытындамүмкіндіктердің барлығын қарастырды. Соңғы 10 жылда мемлекет тарапынанбанктерге 20 миллиард АҚШ долларынан артық тікелей және жанама қолдаукөрсетілген.

  Бүгіндеэкономист-сарапшылардың дені миллиардтағансоманы мемлекетке масыл банктерге бағыттай берудің экономикаға асқан серпін бермейтінінжиі айтып жүр. Елдегі қаржы институттарының  мемлекет тарапынан өздерін «сауықтыру үшін» бөлінгенқарызды қайтармақ түгіл, үкіметтің кепілдендіруімен алған несиелерін игереалмай отырғанын ескерсек, экономистердің бұл қынжылысында үлкен астар барекенін аңғарамыз.

  Жалпы, дамығанелдерде үкіметтің банктерді қолдау шешімі ішкі нарықты сауықтырып, бизнестіаяғы­нан тік тұрғызады. Бізде, керісінше, үкімет қанша жерден демеуқаржы бөліпотырғанымен, елдегі банктер бәсекеге бәс тігіп, жұмысын жандандыратын түрікөрінбейді. Бұлай деуімізге себеп: егер Қазақстан­дағы қаржы институттары мықты болса, мемлекетЕуропа қайта құру және даму банкінен, сондай-ақ Азия­дағы ірі банктерден несие алып,қарызға қайта-қайта батпайтын еді ғой. Қарапайым халық та қазір банктен несие алса, пайыздық үстеменің өтежоғары екенін айтып жыларман болады. Ең қызығы, нақ қазір елдің басына күн туыптұрған сәтте де біздің банктер халықтың қалтасына түсуді  ұмытпады.

Білесіздер, әлемді жайлаған пандемия жағдайында ел президентібанктерге алдағы үш ай көлемінде жекелеген адамдардың несиесін кешіруді тапсырды,міндеттеді. Осы арада біз «банктер халыққа бір қайырым жасайтын шығар» депүміттенгенбіз. Бірақ олар елдің кредитін мүлде кешірген жоқ не үстіндегіпайызын алып тастап, жеңілдік жасаған жоқ. Банктер халықтың несиесін үш айғакейінге шегеріп қана отыр. Қазір төтенше жағдайда несие төлей алмаған қауым осы жағдайдан шыққаннан кейін үстемепайызымен қосып тұрып, банктерге несиесін төлейтін болды. Бұдан бөлек, 1мамырдан бастап банктерде елдің жинаған депозиттерінің де сыйақысы төмендеді. Ендімерзімсіз депозиттер бойынша максималды сыйақы 12 пайызды құрайды. Толықтыруқұқығы бар депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме 13,5 пайыздан 13 пайызғадейін төмендетілсе, толықтырылмайтын депозиттер бойынша 15,5 пайыздан 14,5пайызға  дейін төмендетілді. Осылайша ендібанктер халықтың там-тұмдап депозитке жиған қаржысының да пайызын төмендетіпжей бастады.

       Бұл реттеэкономист-сарапшы Марал Төртенованың айтуынша, қазір халықтың депозит сыйақысынтөмендететін кезең емес. Оның белгілі себебі – доллар қымбаттап, теңгеқұнсызданып жатқанда халық онсыз да ұтылып жатыр.  Бұл арада банктің халықтың жинаған депозитінтөмендетіп, қыспаққа алатын жөні жоқ. «Қазақстанның кез келген банкінедепозитке үлкен сомада қаражат салсаңыз, бір жылда оған 10 пайыз ғана қосылады.Бір жылға 1 млн теңге қаржы салсаңыз, оның үстіне 90 мың теңгедей ғана үстемеқосылады. Теңгелей депозит 10 пайыз болса, доллар депозиттердің жылдық үстемесі4,5-ақ пайыз. Айына қосылатын үстеме тіпті мардымсыз. Қазір халықтың жинақтаған ақшасы да қоса құнсызданып жатыр.Ендеше, халықтың адал еңбекпен тапқан қаржысының құнсызданбауы үшін бұл арададепозиттердің сыйақысынтөмендетудің орнына несиенің пайыздық көрсеткішін төмендеткен абзал. Өйткенібіздегі депозит сыйақысы мен несие пайызының арасы жер мен көктей», – дейді МаралТөртенова.

    Тарқатып көрсек, бізде теңгедейдепозиттің жылдық сыйақысы   12 пайыз болса, несиенің үстемесі – 24-28 пайыз. Осыдан-ақ Қазақстандағы банктердіңхалықты сорып отырғанын нақты аңғаруға болады. «Сақтап, көбейтіп бер» депбанкке салсаң, пайызы аз. Несие алсаң, пайыз көп. Шындап келгенде, банктер солдепозиттердегі қаржыны  халыққа несиегеберу  арқылы да пайда тауып отыр емес пе?! Экономикалық заңдылық бойынша,депозиттің сыйақысы кеміді ме, онда несиенің де пайызы түсу керек.  Мысалы, Украина қазіргі төтенше жағдайда депозиттікжылдық сыйақыны 20 пайызға көтеріп, несие үстемесін 8-9 пайызға төмендетті. КөршіРесей қазіргі пандемия жағдайында халқының алты айлық несиесін кешірді. Бұларалықта ресейліктер пайыздық үстеме төлемейді. Қарапайым халықты ойлаған елосылай әрекет етуі керек емес пе?! Біз бұл арада Ресей мен Украина банктерінжарнамалаудан аулақпыз. Бірақ өзге елдердің ұтымды шешімдерін көріп, ұнжырғамызтүсіп қалатыны рас.

 Жасыратыны жоқ, біздің биліктің банктерге сөзіосы уақытқа дейін өтпеді. Халқына 20-22-24-28 пайызбен несие беретінбанк  әлемдік тәжірибеде жоқ. Мұндайкөрсеткіш бізде ғана бар. Соны біле тұра, жоғарыдағылар банктерге «тәйт» дегенбір сөзбен тоқтау сала алмады. Үкімет қанша жерден оларды өбектеп, қиындықтанқұтқарып отырса да, біздегі банктер халыққа тиімді операциялар жүйесін әліқұрған жоқ. Ақиқатында, біз 30 жылда сауатты банк жүйесін қалыптастыраалмаппыз. Банктердің дені биліктің ерке баласы секілді дегенін істеп дегбірдіқашырып тұр. Ал оларға қашан ес кіреді?! Бұл сауал әлі басы ашық күйінде қала бермек.


Тақырыпқа тұздық

         Қазақстанда сауатты банк секторы әлі қалыптасқанжоқ

   Тақырыпты кеңінен ашу мақсатында елдегі банк саласын жан-жақты білетін,кезінде банк секторын басқарған,  экономикағылымының докторы, профессор Бейсенбек Зиябековқа көкейде жүрген сауалдардықойдық:

– Бейсенбек Зиябекұлы, біз осыуақытқа дейін «Қазақстандағы банк секторы ТМД көлеміндегі озық жүйемен дамыпкеледі. Елдегі банк саласының бәсекеге қабілеттілігіне күмән жоқ» дегенақпараттарға сеніп келдік. Әйтсе де қазір қайсыбір банктердің «қайраңда қалғанқайықтай» күй кешіп отырғаны жасырын емес. Сіз банк секторын басқарған маман,экономист-ғалым ретінде елдегі банк жүйесін қожыратып алғанымызды мойындайсызба?
– Қазір елдегі банк саласына қатысты сын айтушылар да, жанашыр пейілменақыл-кеңес берушілер де жетіп-артылады. Өз басым «банк жүйесі дұрыс бағыттыбетке алмаса тоқырауға ұшырайды» дегенді осыдан тұп-тура 25 жыл бұрын айтатынжерде айтып, жазатын жерге жазған болатынмын. Осы мәселеге байланысты өзіндікұсыныстарымды өткізе алмай дал болғандардың бірі мен едім. Кезінде банксаласына қатысты мамандар тарапынан айтылған ескертпелер мен ұсыныстарескерілгенде, біздің банк жүйесі нақ қазіргідей қожырауға түспейтін еді.Өкінішке қарай, ол кездері сөзіміз тыңдалмады. Енді келіп амалсыз банксекторында орын алып отырған олқылықтардың бар екенін мойындамасқа лаж жоқ.
– Мысалы, сіздің тиісті тарапқа бағытталған қандай ұсыныс-ескертпелеріңізескерусіз қалды?
– Біз кезінде «елдегі банк саласы экономикамызды дамыту мақсатында жұмыс істепжатқан жоқ» дегенді ашып айттық. Біздің елдегі банк жүйесі әу бастан бәсекегеқабілетті болуды білмеді. Банктер үкіметтен демеуқаржы алып, оны халыққа қымбатнесиеге беріп, таратып  қана отыр. Мұндай үрдістің даму мен өркендеугежетелемейтіні сол кездің өзінде белгілі болған. Мұны біз алдын ала болжап,бажайладық. Өз басым сол кездің өзінде аймақтық банктер құру қажеттігінжетесіне жеткізе дәлелдедім. Мәселен, бүгінде республика халқының 43 пайызыауылдық жерлерді мекен етеді. Бірақ  осы уақытқа дейін сол ауыл-аймақтағыхалықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту мақсатында бірде-бір банкқұрылды ма? Жоқ, құрылған жоқ. Бұл мәселе сол кездері ескерілуі керек еді.Алайда бұл ұсыныстарымыз ескерілмеді. Жасыратыны жоқ, бізде нақты айтылатынұсыныстар легі баршылық. Бірақ сол ұтымды ойларды дер кезінде бірден тәжірибегеенгізуге келгенде енжарлық басым.
– Енді осы олқылықтардан құтыла аламыз ба? Үкімет аймақтық банктерді құруғаенді кіріссе кеш пе?
– Біз осы уақытқа дейін «Қазақстандағы банк жүйесі ТМД көлеміндегі ең озықжүйемен дамып келеді» дегенге сендік. Бұған қоса, біз күні бүгінге дейін банктеқызмет ететін мамандарды, қаржыгерлерді ғұлама ғалымдармен тең дәрежеде көрдік.Айналып келгенде, жағдай тіптен басқаша еді. Тіпті қажет десеңіз, қазірдіңөзінде біздің банк жүйесінде білікті мамандар саусақпен санарлық екені жасырынемес. Қазақстанда сауатты банк секторы әлі қалыптасқан жоқ. Біз әу бастан банкжүйесін ұлттық экономикаға бейімдеп құруымыз керек еді. Біздің ұлттықэкономиканың негізі мұнай мен газдан бөлек, агросектор екенін үнемі айтып жүрміз.Бірақ нақ осы агро саланы дамытуға келгенде, ауылға қаржы бөлуге келгендеасықпаймыз.  Егер біз осы уақытқа дейін банктер арқылы ауылға арзан несие апарып,ауылдың экономикалық әлеуетін көтеріп алғанымызда, сырттан келетін қарызғатәуелді болып отырмас едік.

    Біздегі банк саласы әлі күнге дейін  шетелден келетін қаржығатәуелді болып отыр. Елдегі банк жүйесі шетелдің арзан несиесімен қоректенугетым бейім болып алды. Ескергенге бұл өте қауіпті дүние. Банк жүйесін өркендетуүшін біз алдымен осы қауіптен арылғанымыз жөн. Банк саласы ұлттық экономиканыңтұрақты дамуына себепші болуы керек. Міне, сонда ғана бұл салада белгілі біржетістіктерге қол жеткізуімізге болады. Мысалы, қазір бізде ауыл шаруашылығынданесие жүйесі атымен жоқ. Жыл сайын ауылға бөлінетін қаржыны қандай жолменжеткізу керектігіне бас қатырамыз. Ауылға қаржыны біресе холдингтер арқылыжібереміз, енді бірде «мұны жергілікті әкімшіліктерге жүктеу керек» дейміз.Әйтеуір, ауылға бағытталған қаржыны бөлу тетігі жыл сайын өзгеріске түседі дежатады. Бұл тұрғыда бізде белгілі бір жүйе жетіспейді. Егер осы уақытқа дейінауылға несие жүйесін құрып бергенімізде, бұл жүк сәл де болса жеңілдер еді. Елде ауылдың қаржылық жүйесін арттыратын банктер болуы керек.

   Бір ескеретіні – ол банктер тек мемлекеттікбанк болуы тиіс. Мәселен, Кеңес өкіметі кезінде ауылдың несиелік портфелі 68пайызды құрапты, қазір бұл көрсеткіш 3-ақ пайыз. Айырмашылық жер мен көктей.Егер ауыл алға жылжысын, ауылдың қабілеті артсын десек, онда агробанктерқұрылуы керек. Енді бізді мұнай емес, асырайтын ауыл болады. Бірақ тағы дақайталап айтамын, ол банктер мемлекеттік болуы тиіс.
– Өзіңіз білесіз, үкімет әр уақытта банктерді қолдап отырады. Дағдарыскезінде бірқатар  банктерді өзінің қолтығының астына алды. Қалайойлайсыз, банктерді мемлекет қамқорлығына алу қысылтаяңда оларға дем бере ме?
– Негізінде, банк саласы экономиканың күретамыры іспетті нәрсе. Ал осыкүретамырды біз енді-енді аяғынан тік тұрып келе жатқан мемлекет кезіндежекеменшіктің қолына беріп қойдық. Біз жіберген негізгі қателіктің бірі осы болды.Есіңізде болсын, тәуелсіздік алған тұстары  банк жүйесін жекеменшіктіңқолына беруге келгенде бас қатырып ойлану керек еді. Себебі әр мемлекет өзініңқаржылық саясатын оңтайлы жолға қойып, халқының әлеуетін көтеру үшін оғанарнайы бір құрал-жабдық қажет. Міне, мұндайда бірден-бір пайдаланатын құралбанк жүйесі екені белгілі. Ал біз осы қаржылық құралды тым еркінсітіп жібердік.Мемлекеттік бақылауды азайтып алдық. Сондықтан бұл арада тағы да солмемлекеттік бақылау, қадағалау мәселесінің шеті шығады.

– Қазір өзіңізтәрізді экономист мамандар  «елдегі өнеркәсіпті дамытпайынша, банк жүйесіндамыту мүмкін емес» деген пікірлерді жиі айтады. Сіз мұнымен келісесіз бе?
– Әлбетте, келісемін. Егер банк жүйесінде нақты экономиканы білетін, алдын алаэкономикалық болжам жасай алатын азаматтар отырса, бұл мәселе өзінен-өзішешімін табар еді. Байыптап қарасақ, 2007 жылдан бері біздің елдегі несие берукөлемі бірнеше есеге дейін көбейген. Ал осы аралықта өндіріс қуаттылығы арттыма? Өндірістің ауқымы қаншалықты кеңейді? Міне, біз кезінде осы жағын тереңдепзерттеуіміз керек еді. Сол кездері халыққа оңды-солды есепсіз беріліп жатқаннесиеге бақылау қойылып, оның орынды-орынсыз жұмсалып жатқаны қадағаланғанданақ қазір сіз бен біз өнеркәсіптік қарқынымыздың әлсіздігі жайында әңгімеқозғамайтын едік. Ол кездері банктер өндіріспен етене жақын араласуды мүлдеойламады. Біле білгенге өндіріс пен банк тығыз байланыста болғанда, негізінен,пайда көзі банкке түсетін еді. Өнеркәсіпті, отандық бизнесті банктер арзаннесиемен қамтығанда экономикамыз да қарқын алатын еді. Банктер де әр жыл сайынүкіметтен қолдау қаржы сұрап отырмайтын еді.

ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«ЖасАлаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 17:13
Жемқорлықты бақылау көрсеткіші артып келеді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 15:45
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:06
Доллар күрт төмендейді-сарапшы
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 12:13
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43