Михаил Ломтадзе Қазақстанда бизнестегі ең үздік басшы деп танылды

13.06.2020, 07:32

145

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтингтік компаниясы жүргізген СЕО Survey 2020 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстанда бизнестегі ең үздік басшы болып танылды.

Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан 68 ірі қазақстандық компания қатысты. Респонденттер Kaspi.kz басшысын елдегі алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда көшбасшы деп атады, сондай-ақ оның бейімделгіш, стратегиялық пайымы және клиентке бағдарлану сияқты қасиеттерін атап өтті.

Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Сауалнамаға қатысқан барлық адамға және зерттеуді ұйымдастырғаны үшін PwC компаниясына рақмет айтамын. Біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту мақсатында инновациялық өнімдер мен сервистерді жасауда және дамытуда бас көтермей жұмыс істеп жүрген керемет командамыздағы әр адам бұл марапатқа лайықты. Бірге жұмыс істей отырып, біз бір-бірімізден үйренеміз, үнемі дамып, жақсара түсеміз».

PwC бұл зерттеуді бүкіл әлем бойынша 23 жыл, соңғы 8 жыл — Қазақстанда жүргізіп келеді.

Сауалнаманың негізгі мақсаты — басшылардың жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы пікірін бағалау, бизнесті дамыту үшін тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу.

Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында, ал ішінара Forbes Kazakhstan-ның маусым айындағы нөмірінде танысуға болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31