Министр Бозымбаев әкім Қошановты мақтады

24.01.2019, 14:11

117

Қарағандыда  Орталық Азиядағы ең ірі күннен қуат алатын электр станциясы ашылды.  Қарағанды облысы Саран қаласында 100 мегаватты құрайтын электр станциясы құрылды. 164 гектар аудандық жерді қамтитын 307 мың күн панелі орнатылды. Оның өндірістік қуаты Саран қаласындай 10 қаланы қамтиды екен. Аталған станцияның жобасы 2017 жылы  маусым айында қолға алынған болатын.Бүгін станция Германия, Чехия, Словения елдерінің инвесторларының қатысуымен ашылды. Салынған жобаға 137 млн доллар жұмсалынған.Бұл шараға Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ та келді.  Енді «SES Saran» атты станцияда жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Сонымен бірге, бұл күннен алынатын жарық болғандықтан, экологияға да тиімді екені белгілі. Алайда, энергетика министрі Қанат Бозымбаев төлемі де төмен екенін тілге тиек етті. Бірақ қаншалықты жарық құны төмен екенін ешкім дөп басып айтпады.«Біріншіден Ерлан Жақанұлын құттықтаймын. Өйткені, Ерлан Жақанұлы мықты қолдау жасамаса,  тез арада мұндай станция болар ма еді. Оны тек бір Алла біледі. Өздеріңізге белгілі мемлекет басшысының жолдауында белгіленген басымдылықтардың бірі елімізде жаңартылатын энергия үлесін ұлғайту және  «жасыл» технологияларға көшу арқылы ресурстық әлеуетті  дамыту. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік көміртегін өндіру тізімінен «жасыл» экономика моделіне ауысу процессінде. Жаңартылатын энергия көздері еліміздің энергетика жүйесін жаңғыртуда»,  - дейді Қанат БозымбаевЖарықтың тұтынушыларға арзан болады деген үміт ұялатқан Саран қаласының тұрғындары да ашылуға келді.«Біз Саран тұрығындары ретінде ашылған жобаға қуанып отырмыз. Енді алдағы уақытта халыққа өзінің пайдасы тиеді деген үміттеміз. Күннен алған жарықтың бағасы бұрынғыдан өзгеріссіз сол қалпы болады деп айтылды. Бірақ жүйелендіріледі деген сенімдеміз. Әзірге ол жағынан ештеңеден бейхабармыз. Уақыт өте көреміз. Тұрғындарға қолайлы болады деген үмітіміз мол», —  дейді Саран қаласының тұрғыны Галина СЫЧЕВА.«Жасыл» энергетика саласында білек түріп жұмыс жасамақ ойлары бар студенттер де келді..«Біз болашақ энергетиктерміз. О баста капсула салғанда біз осында болғанбыз. Енді бүгін ашуына келіп отырмыз. Егер бұл жерлерде бос жұмыс орын болса, бізге де жақсы болушы еді. Жергілікті билік өз мамандарын жұмысқа тарста жақсы болар еді», —  деді Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ атындағы колледждің студенті Даниэл ХОЛОДОВ.Қарағанды облысы бойынша 33 ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Оның 17-сі шетелдік капиталмен жүзеген асқан, Демек, 9 000 жұмыс орнымен халық қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Ал, күн электр станциясы осы инвестициялық жобаның бірі.Фотоларды автор ұсынды.   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02