Монополистерге тыйым бар ма, олар халықты қашанғы тонайды?!

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

19.04.2021, 09:28

1089

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Қаржыгер Арман Мусиннің айтуынша, алдағы уақытта бағаны байлап ұстап тұруға әкімнің де, Ұлттық банктің де шамасы келмейді.  Себебі бізде мемлекеттік монополиялардың аздығы мәселені осыған әкеліп тірейді. Қазір «жекелеген монополистер халықтың қалтасын қақшып тонап жатыр» дейді маман.  Осыған байланысты қаржыгер Арман Мусин болашақта мына жайттар ескерілуі керектігін айтып отыр:

Біріншіден,  Қымбатшылықты да, құнсыздануды да тудыратын бірінші кезекте, мемлекеттік монополиялардың аздығы. Бұл ретте бірінші мұнай нарығының жекеменшік монополияға тәуелдігі ойлантуы тиіс. Мұнай өнімдерін сатудың жекелеген топтарға мүдделі болуы. Олардың бір-бірімен текетіресіп, бәсекелестерін болдырмау үшін нарықтан орын бермеуі бізде әбден өршіген.  Мұның соңы мұнай өнімдерінің бағасын қымбаттатып отыр. Қазір әлемдік нарықта мұнай арзан болғанмен, бізде жанар-жағармай бағасы қымбат. Себебі бізде мұнай өңдейтін компанияның дені жекелеген ауқаттылардың  қолында. Ал жекеменшік адам бірінші халықтың емес өзінің қалтасын ойлайды. Сондықтан біздегі жанармай бағасы арзандамайды. Ал жанармай қымбаттаса, барлық тауардың бағасы көтеріледі деген сөз. Міне, бізге бірінші осы мәселені шешуге тырысқан абзал. Екіншіжен, жылу мен жарық, энергия көздерін алу деген саланың барлығын жекелеген монополистредің қолына беріп қойдық. Жылу мен жарық беруші жекелеген монополистер бәрібір өздерінің пайдаларын арттырып алады. Сондықтан бұлардың тариф бағасын түсіруін халықты емексіту деп қана білу керек. Үшіншіден, жекелеген үйлерге көгілдір отын тарту мәселесі де жекелеге монополистердің қолында. Мысалы, Алматы маңында жекеменшік үй салсаңыз көгілдір отын тарту үшін жеке компанияға 500-700 мың теңгеге дейін қаржы төлейсіз. Бұл мәселе де қазір өте өзекті дүние болып отыр. Қарапайым халыққа көгілдір отын тұтыну қолжетімді болып отырған жоқ. Алматы облысы мен Алматы маңында көгілдір отынды жекеменшік үйге енгізу бағасы 350-500-700 мың теңгені құрап отыр. Төртіншіден, қатты отын сату да жекелеген монополистерің қолында. Олар да қыс келсе көмір бағасын көтеріп, түсіріп «ойнайды». Табиғи газ, жарық, су нарығының жекеменшікке өтуі нарықта делдалдардың көптігі көгілдір отын, су, жарық бағасының шектен тыс қымбаттауына жол беріп отыр. Газ тасымалдау инфрақұрылымы дамымағандықтан кейбір өндіріс орындары қымбат бағаға газ енгізеді. Оны енгізіп алғаннан кейін ай сайынғы төлейтін бағасы да қымбат. Өнім шығару үшін не керек, газ керек, жарық, су керек. Сонда коммуналдық төлемге қымбат ақы төлеп отырған кәсіпорынға «тауарыңды арзанға сат» деп қайтіп айта аламыз?! Сондықтан бұл да шешімін табуы керек дүние. Бесіншіден, Тауар бағасын өсіруге бірден-бір әсер ететін  осы монополистер. Олар кедендегі, жол үстіндегі және басқа да тексеруші құрылымдардағы заңсыз алым-салықтарға кеткен шығынын тауар бағасына үстеме қосып шығарып алуға тырысады. Міне, бірінші кезекте баға осылай шарықтайды.

Алтыншыдан,  агросекторда да монополистер қаптап отыр. Бұл салада өнім сақтайтын қоймалардың, биржалық сауда түрін ұйымдастыру барлығы жекелеген адамдардың қолында.  Агро-өнім өндірушілерге бақылау жоқ. Сосын олар да нарықты бағдарлай алмай, «тек пайдаға шықсам болды» деп өнім бағасын қымбаттата береді.

Ең негізгісі:  Мемлекеттік сатып алу жүйесінің жетілмеуі. Тендердегі заңсыздық. Мемлекеттік ведмоствалық кәсіпорындардың астыртын монополия құруы. Мемлекеттен бөлінген қаржының 97 пайызын осындай монополистер алады. Тендерді тамыр-таныстық жайлаған. Міне, осы жайттарды алға тартып отырған мамандар болашақта мемлекет монополистерге бақылауды күшейту керектігін алға тартты.

«Монополистер халықты қашанғы тонайды?!.. Сондықтан бұларды нақты бақылау  қажет. Заңды қатайтып, жекелеген монополистердің бағаны негізсіз өсіре беруіне осыдан 10 жыл бұрын  шектеу қойылуы керек еді»,- дейді қаржыгер Арман Мусин.

Тегтер: жарық жылу мәселе төлем желі көгілдір отын жанармай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58