05.06.2019, 21:30
57
ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА АҚШдолларның көтерілуіне қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы «ЖасАЛАШ» zakon.kzсайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«3 маусымда Ұлттық Банк кезектіболжамын жасап, базалық ставканы бұрынғы деңгейде — 9% деп белгілеген еді.Пайда болған іргелі факторларды назарға ала отырып, теңгеміз еркіне жіберілді.Доллар бағамының көтерілуі мұнай бағасымен байланысты»,- деп түсіндірді МәдинаӘбілқасымова.
Оныңайтуынша, бұл көптеген валюта нарықтарына әсер еткен.
«Яғни, өткен аптада әлемнің іріэкономика нарықтары арасындағы сауда-саттық қарқынының өсуіне байланысты Brentмаркалы шикі мұнайдың әлемдік нарықтардағы бағасының төмендеуі байқалды, және,әрине, көптеген дамушы нарықтардың валюталары тиісті түрде жауап берді», — депқорытындылады Әбілқасымова.
Маусымайының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы 64 доллардан төмен, ал WTI маркалымұнайдың бағасы 55 доллардан аз болған. Мамырдың соңғы екі аптасында Brentқұнынан шамамен 11% жоғалтты, WTI — шамамен 12%.
Фото: sputniknews.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР