Мұнай бағасы 17 доллар болып қалды, алда бізді не күтіп тұр?

22.04.2020, 14:40

14

Бүгін әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдыңмаусымдық бағасы — бір баррелі 17 долларға дейін төмендеді. Осылайша мұнайбағасы рекордтық деңгейге дейін төмендеп, әлем елдері әрі-сәрі күй кешуде.  

Бүгін ОПЕК+ елдерінің бірқатар министрі  шұғыл телеконференция өткізіп жағдайдыталқылады. 

Экономист-сарапшылардың пайымдауынша, биылғы жылдың жазындақара алтынның бағасы 20 доллар күйінше қалуы әбден мүмкін. Ресейдегі «Взгляд»экономикалық сараптау орталығының маманы, Ирина Викторованың айтуынша, мұнайбағасының күрт төмендеуіне бірнеше себептер бар. Қытай экономикасы да әлсірепкетті. Әлемдік экономикаға қысым түсуде.  Сондықтан мұнай бағамы 20 доллар күйнішесақталуы әбден мүмкін.

Отандық мамандар бұл реттеРесей сарапшысы пікірінің жаны бар екенін алға тартты. Экономика ғылымыныңдокторы Марал Төртенованың айтуынша, алдағы уақытта біздің атқарушы биліккемұнай бағасының төмендеуіне төтеп беретін экономикалық бағдарламалармен жұмысістеуге тура келеді.

«2019 жылғы нарыққа шығарылғанмұнайдың көлемі 2018 жылғы шығарылған мұнайдан 2,8 млн баррель артық. Мұнайөндіруші елдердің мұнайды сатылымға көптеп шығаруы жағдайды осыған әкелді.  Қазір қайсыбір сарапшылар «АҚШ, Ливия, СаудАрабия бірігіп келісімге келіп Ресей мен Қытайды тұқырту үшін осылай істепотыр. Кезенде Кеңес өкіметін күйретер тұста АҚШ тура осы саясатты ұстанған. Олкезде мұнайдың бағамы 20 долларға дейін түсіп кеткен» дегенді алға тартады. Өзбасым, мәселенің астары тек мұнда ғана емес екенін айтқым келеді. Қазір АҚШ-тыңсыртқы қарызы көбейіп кетті. АҚШ-та ірі-ірі компаниялардың банкротқа ұшырауыжиіледі. Енді бюдежті кеміген АҚШ осы тығырықтан шығу үшін ірі көлемді мұнайөндіріп табысын еселеуге тырысты. Бірақ бұл да алпауыт елдің кірісін еселейқоймады. Нарықта шикі мұнайдың көбеюі тағы бір дағдарыстың болатынан хабарберіп отыр. Сондықтан біздің атқарушы билікке осы дағдарысқа төтеп беретінэкономикалық бағдарламамен жұмыс істеуге тура келеді»,-дейді экономист-ғалымМарат Төртенова.

Жалпы, сарапшылар нақ қазірмұнай бағасын реттеу  ОПЕК-ке де қиынбола түсетінін алға тартты. Бұған қатысты «Барометр» орталығыныңэкономист-сарапшысы Дәурен Арын «бір-екі жылда мұнай бағасы реттеледі деу қиын»дейді.

«Бір-екі жылда мұнай бағасы тұрақталады деп айту қиын. Мұнай бағасынреттеуге қазір ОПЕК-тің де күші келе қоймайды.  Бүгінде АҚШ-тың мұнай терминалдары Ирак пенЛивияның арзан мұнайына толып тұр. Американың өзі де  мұнай өндіруде Сауд Арабиясын қуып жетіп бірінші орынға көтерілді.  Мойындау керек,  әлем әзірге АҚШ-тың қас-қабағына қарап беттүзейтіні белгілі. Демек, АҚШ мұнай бағасын реттеуге өзі кіріспесе, жағдай қиындайбермек. Ол әсіресе, бюджетін мұнайдан түскен түсіммен  толтырып отырған көптеген елдерге соққы.Қазақстанға да жеңіл болмайды.    Үкімет «пессимистіксценарийге дайынбыз» деп бюджетті жоспарлап қоятыны белгілі. Біз үшіндағдарысқа төтеп беретін мықты жобаларды ойластыруға тура келеді»,-деді ДәуренАрын.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:17
Құс тұмауы: шаруаларға өтемақы қалай берілетіні айтылды
Сайт әкімшілігі 12:34
Пойыз билеттері қымбаттады
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13