Мұнайдың мұңы, бюджеттің жыры Ұлттық қордың соры болды

16.04.2020, 08:17

55


 Бүгінде әлем елдерін мұнайдың жайы қаттыалаңдатып отыр. Қара алтын бағасының әлемдік нарықта тым төмендеп кеткені мұнайэкспорттаушы елдердің жанына батып, жүйкесіне салмақ түсіруде. Экономикасымұнайға байланған елдердің дені  мынадайалмағайып  заманда тарықпаудың жолдарыніздестіріп жатыр.

 Бұл ретте Қазақстан да едел-жедел шешімқабылдап, «мұнай бағасы 20 доллар болғанда не істейміз» деген бағытта писсемистіксценарий бойынша бюджетті жоспарлап тақойды. Аңғарғанымыз, биыл  Ұлттық қордан тағыда қомақты қаржы алуға тура келіп тұр.

  Деректерге жүгінсек, биыл бюджет шығыны 14,2трлн теңгені құрайды. Ал бюджетке  келетін кіріс – 6,4 трлн теңге.Байқағанымыздай,  бюджетке енетін кірісбюджеттің шығынын түгел жауып тұрған жоқ. Сонда тапшылықты қалай толтырмақпыз?!Әрине,  мұндай жағдайда таршылықта  құтқаратын Ұлттық қордан ақша ала бастаймыз.

    Бастапқыда биыл «мұнай бағасының құлауынабайланысты Ұлттық қордан 2,7 трлн теңге ғана аламыз» деп жоспарлаған едік.   Ендіоған әлемді жайлаған тәжвирусының салдары қосылып, аталмыш қордан бір жылда 4,7трлн теңге алуға тура келіп тұр. Қазір біздің Ұлттық қорда жалпы жиыны 27 трлнтеңге бар десек, соның 4,7 трлн теңгесі биыл осылайша экономиканы қолдау үшін  жұмсалмақ.

    Жалпы, біздің үкімет бұған дейін де бірнешемәрте Ұлттық қордың қаржысына қол салған-ды. «Ұлттық қор болашақтың игілігіүшін жұмсалуы керек» деп қанша мәрте айтылғанымен, біздегі қордан әрбір саланыдемеу мақсатында үнемі қаржы алынып тұрады. Мамандар тіпті «алдағы уақыттамұнай бағасы 20 долларға дейін төмендеп кетсе, қордан тағы да демеу қаржыалуға  тура келеді» дейді.  Бұған қатысты экономист-ғалым Мақсат Халық: «Мұнайбағасы қазір 30-32 долларды құрап тұр. Бірақ күні ертең мұнайдың құны 20долларға түсіп кетуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Себебі қазір мұнайғақараған мемлекеттің  мұңы көбейіп тұр.Сондықтан біз үшін болашақта Ұлттық қордың қаржысын тиімді жұмсау маңызды», – дейді.

     Экономист-маманның айтуынша, мұнайдыңбағасы түскен сайын, «экономикаға дем береміз» деп, 2008 жылдан бері Ұлттыққордан әр саланы қолдауға трансферттер бөлініп келді. Ал егер әл-ауқат қорыныңқаржысы осылай жұмсала беретін болса, онда Ұлттық қорды бес-алты жылда түгесіптастауға болады. «Ұлттық қорда теңгемен есептегенде 27 трлн теңге бар. Долларғашаққанда бұл шамамен 60 млрд доллардан асады. Біз биыл 4,7 трлн теңгені экономикағадем беру үшін Ұлттық қордан алып отырмыз. Бұл –долларға шаққанда 10 млрд долларғажуық қаржы. Сонда жыл сайын 10 млрд долларды Ұлттық қордан ала берсек, ондақордағы  қаржыны, әрі кеткенде, бес-алтыжылда тауысып аламыз. Демек, біз үшін Ұлттық қордың қаржысын тиімді пайдаланумаңызды», – дейді Мақсат Халық.

     Жалпы, сала мамандарының айтуынша,экономиканың қатты қиналатын кезеңі әлі алда. Себебі мұнайдың бағасынан бөлек,коронавирустың салдары да  алқымнаналатын кезең келе жатыр. Мысалы, қазір елде төтенше жағдай жарияланғанына бір ай өтпей жатып Қазақстандағыбизнестің табысы күрт азайды. Елдегі шағын және орта бизнестің кірісі  50-100 пайызға дейін төмендеп  кетті. Алыс-беріс сауда табысы төмендеді. Өнім шығаратын кәсіпорындардан бөлек,елдегі ірі сауда орталықтарының да табысы кеміп, олар қазірден бастап үкіметтенкөмек сұрап жатыр. Ендігіде мұның барлығын билік естімесе, көмек қолын созбаса,елдегі бірталай бизнестің басынан бағы таяйын деп тұр.  

   Рас, билік біздегі  шағын жәнеорта бизнесті үш ай мерзімге салық төлеуден босатты. Бұған қоса, оларғакредиттік каникул да ұсынды. Бірақ кәсіпкер Ернар Аюбаевтың айтуынша, бұлбизнеске дем беретін нақты қадамдар емес. «Мен макарон шығарумен айналысатынцехтың иесімін. Жиырма күн болды, жұмысымыз түбегейлі тоқтап тұр. Бұрынөнімдерімізді ірі супермаркеттерге өткізсек, қазір ірі сауда орталықтарының өзіндетауарлар өтпей тұр. Кейбір сауда орталықтары мен супермаркеттер жабық. Біздісалықтан үш айға босату, кредитке каникул беру құтқармайды. Себебі біз мамырдажұмысқа кірісетін болсақ, тек шілдеде ғана табыс көре бастаймыз. Сонда оныбірден салық пен несиеге төлесек тағы шығынға батамыз. Сондықтан жеңілдіктіотандық бизнеске алты айға беру керек», – дейді Ернар Аюбаев.

    Пайымдасақ, кәсіпкердің сөзінің жаны бар. Себебі қазір шағын бизнестіқойып, алпауыт кәсіп иелерінің өзі шығынға батып жатыр. Қазір тіпті табысыазайған ірі сауда орталықтарынан бөлек, Алматы, Нұр-Сұлтан тәрізді қалаларда автопарктердіңтабысы да 10 есеге дейін төмендеп кеткен.  Бұл ретте Алматыдағы автопарк мамандары: «Біржарым мың жаңа автобусты несиелік қаражатқа сатып алғанбыз. 15 наурыздан 1сәуірге дейінгі шығын шамамен 1 миллиард теңгені құрады, ал кіріс – жартымиллиард. Осылайша жарты миллиард теңгеге жуық шығынға батсақ, амалсыз мемлекеттенкөмек сұрауға тура келеді», – дейді.

   Жалпы, қазір қай салада болсын мұндай мысалдарды көптеп келтіругеболады. Елдегі өнім өндіретін салалар да, Қытай мен Қазақстан арасындасауда-саттықпен айналысатын саудагерлер де, отандық өндіріс те мемлекет көмегінемұқтаж екенін жария ете бастады. Тіпті экономикалық шығынға, кәсіптің керікетуіне қатысты халықаралық сарапшылардың өзі де дабыл қаға бастады.  Мысалы, әлемдік экономикаға талдау жасайтын Citigroup банк компаниясының бас экономисі КэтринМанның пікірінше, коронавирус індетінің әлемдік экономикаға келтіретін шығыны 2триллион доллардан асса, мұнай бағасының түсуінен  әлем экономикасы 3 трлн доллар шығын көрмек. Сонда,жалпыәлемдік экономика бір жылда 5 трлн доллар шығын көрмек. Ал енді мұндайдабізді, шынымен, Ұлттық қор құтқара ала ма? 

    Бұл ретте бізгепікір білдірген экономист-ғалым Мақсат Халық былай дейді:

– Ұлттық қор туралы ақпарат шын мәнінде нақтыайтылмайды. «Қорда 60 млрд доллардан астам қаржы бар» дейді. Бірақ ол бар ма,жоқ па, біз үшін тағы белгісіз. Білесіздер,  2007-09 жылдары дағдарыс кезінде банктердіқолдау мақсатында Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлінді. Сол жылдары біздідағдарыстан 10 млрд доллар құтқара алды. Ал қазір бөлінген 10 млрд долларқұтқарады деп нақты айту қиын.

     Біз 2007-09жылдардағы дағдарыстан сабақ алып, үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта  жұмыс істеуіміз керек еді. Кезінде  осыған қатысты арнайы бағдарлама қабылдап, «отандықэкономиканы индустиралды-инновациялық жолмен дамытамыз» деген едік. Өкінішкеқарай, бұл бағдарламаның басы бар болғанымен, аяғы сұйылып, ақыры өз жемісінбермеді.

    Біз Ұлттыққордағы қаржыны көбейткіміз келсе, отандық өндіріске дем беріп, инновациялық,индустриалдық жобаларды қолдап отыруымыз керек еді. Олай істей алмадық. Ұлттыққордың ақшасын әлеуметтік салаларды қолдауға, банктерді демеуге, жәрдемақы,зейнетақы мәселесін қордан ақша алып шешуге болмайтын еді. Осыны дұрыс жүйелейалмай келе жатқанымыз өкінішті.

Тақырыпқа тұздық: Ұлттыққорды басқару жүйесі дұрыс емес

     Біз қаузағантақырыпқа байланысты «Жас Алашқа» пікір білдірген  экономика ғылымының докторы, профессорБейсенбек Зиябековтің ойы да бізді бейжай қалдырмады.

– Бізде Ұлттық қорды басқару жүйесі дұрыс емес. Бірінші,Ұлттық қорға біз бюджеттенартылған қаржыны ғана жинауымыз керек. Ал бізде  мұнайдантүскен түсімнен бөлек, мұнай секторы ұйымдарының тура салықтары (жергіліктібюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), корпоративтік табыс салығы, үстемепайда салығы; пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестержәне тағы басқа салықтар осы Ұлттық қорға жиналады. Сосын барып  бюджетке ақша жетпей жатса, сол жиналғанқаржыны шетінен ала береміз.  Меніңше,Ұлттық қорға мүлде тиіспейтіндей, халықтың мұқтажынан артылған дүниені ғанажинау керек. Алдымен жоғарыда аталған түсімдерді нақты есептеп алып, бюджеткебөлу керек. Сосын артылғанын қайта алынбайтындай етіп Ұлттық қорға сақтап отырукерек.   Бірінші осы мәселені шешу керек.

    Екінші, Ұлттыққорды Ұлттық банк басқармауы керек. Ол тек үкімет бақылауында болуы тиіс. Бұлхалықтың ақшасы болғаннан кейін, оны тікелей үкімет пен президент қызғыштайқоруы керек. Ұлттық банк Ұлттық қорды басқаратындай  инвестициялық компания емес. Сондықтан Ұлттықбанктен қорды басқаратын әлеуетті алу керек.

   Үшіншіден,осы Ұлттық қорды біз «болашақтың игілігі үшін жиналып жатқан қаржы» дейміз. Олболашақ деген не?! Билік неге осының анықтамасын дұрыстап айтпайды?! Болашақдеген келер ұрпақ болатын болса, біз жастарға көмектесуіміз керек емес пе?!

    Ол үшінҰлттық қордың қаржысын әлеуметтік төлемдерге жұмсап, зейнетақы мен жәрдемақыға10 пайыз қостық деп, халықты алдарқатудың қажеті жоқ. Ұлттық қордың ақшасынөзін-өзі ақтайтын салаларға ғана бөлу керек. Болашақ ұрпақтың оқуына,денсаулығына инвестиция салынуы керек. Ұлттық қор инновациялық жобалардықолдауға берілуі қажет.

    Төртіншіден,бір кездері біз банктерді де осы Ұлттық қор арқылы қолдадық.  Негізінде, банк саласыэкономиканың күретамыры іспетті нәрсе. Ал осы күретамырды біз енді-енді аяғынантік тұрып келе жатқан мемлекет кезінде жекеменшіктің қолына беріп қойдық. Бізжіберген негізгі қателіктің бірі осы болды. Есіңізде болсын, енді-енді тәуелсіздікалған тұстары  банк жүйесін жекеменшіктің қолына беруге келгенде басқатырып, ойлану керек еді. Себебі әр мемлекет өзінің қаржылық саясатын оңтайлыжолға қойып, халқының әлеуетін көтеру үшін оған арнайы бір құрал-жабдық қажет.Міне, мұндайда бірден-бір пайдаланатын құрал банк жүйесі екені белгілі. Албіздегі осы қаржылық құралды билік тым еркінсітіп жіберді.  Мемлекеттік бақылауды азайтып алды. Осы жағынқолға ала аламыз ба, жоқ па, ол жағы биліктің қолында.

    Бесіншіден,жалпы, біз өзі әсіреқызылпікірлер айтуға тым бейімбіз. Негізінен, елдегі қаржы, экономика жүйесінжасақтауда әлі де болса басқаны қойып, білікті мамандарға қол жеткізе алмайотырмыз. Бізде экономикалық айқындылық жоқ. Экономиканың жауы – жалған статистика.Осыдан құтылуымыз керек. Өтірікке құралған экономика ешқашан өсім бермейді.Тамыр-таныстық дендеген жерде қаржы саясаты дамымайды. Негізінен, қаржы саясатыасқан салқынқандылықты талап етеді. Ұлттық қоралынбалы-салынбалы болмауы тиіс. Мұнай қымбаттаса бітті, Ұлттық қорға қолсұғып, оны орталап сорлатуды доғару қажет. Бізде мұнайдан бөлек, Менделеев кестесіндегі барлықэлементтер бар. Бірақ көп елден кедей тұрамыз. Біз 30 жыл бойы неістедік?! Қандай жетістігіміз бар?! Болашақта билік осыған толыққанды жауап беругедайын болғаны жөн.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36