Мұнайын ойлаған билік Құдайын ұмытпаса екен

27.03.2020, 14:19

12

                                                                                                

Қазақстанда  «қарапайым заттар экономикасы» дегенбағдарлама бар. Бұдан екі жылдай бұрын қабылданған. Мән-мақсаты дұрыс. Отандықөнімді көбейту. Нарықта отандық тауардың санын арттыру. Бірақ бұл қазірқаншалықты жүзеге асырылып, нәтиже жоғары деңгейде болып жатыр? Екі жыл бұрынқабылданған үкімет бағдарламасы бүгін халыққа береке әкелді ме?

 Коронавирус қатері Қазақстанды жайлағалыбері «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы туралы жиі айтыла бастады.Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов емес, мұны Ақпарат және қоғамдық дамуминистрі Дәурен Абаев айтты.

— Қарапайым заттар экономикасының мәні неде? Оның мәні – біз күнделіктіқолданатын заттардың барлығы өз елімізде жасалуы керек. Тамақ, киім, жиһаз,тұрмыстық химия деген сияқты тауарларды біз өзіміз өндіре аламыз. Бірақ өндіріпқоя салужеткіліксіз. Ол тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы және қолжетімдіболуыкерек. Өз тауарымызды тұтыну арқылы біз болашағымыздықалыптастырамыз. Қазақстанда өндірілген затты сатып алып жатқан әрбір азаматбілуі керек – ол елдің келешегіне өз үлесін қосуда, – деді Дәурен Абаев.

Жалпы, мұндай әңгіме бүкілшенеуніктерге тән. Біз ұрандатып, жалаулатып сөйлеуге әуеспіз. Отандық өнімжергілікті дүкендер мен сауда нүктелерінде толып тұрса, қытай мен түріктіңкиімін киіп, затын алып  неміз бар?Біздікілер алып-сатуға әуес. Өйткені бәрі де тез байығысы келеді. Фабрикасалып, жеңіл өнеркісіпті дамытқаннан гөрі сырттан келетін дайын өнімдердентабыс тапқанды тәуір көреді. Қарапайым халық не киіп жүр, оған шенеуніктердіңешқашан басы ауырған емес. Егер мемлекеттік деңгейдегі қабылданған бағдарламажүзеге аспаса, оны бар деп жария етудің  керегі не? Мысалы, тоқылған жемпірлер менкеудешелердің 98,9 пайызы сырттан әкелінеді. Бар бол­ғаны 1,1 пайызы ғана  отандық өнім. Ал сыртқы киімдердің 97,9 пайызы шетелден келеді,  2,1 пайызы ғана қазақстандық өнім. Спорттықкиімдердің 83,1 пайызы импорттық тауарлар болса, 16,9 пайызы ғана отандықөнімнің үлесіне тиеді. Шұлық, тоқыма өнімдерінің 80,7 пайызы шетелден әкелінеді,19,3 пайызы ғана өзіміздің өнімдер. Міне, «қарапайым заттарэкономикасының» Қазақстандағы даму көрсеткішінің сиқы.

Өндірістен қасық та шығара алмайотырған  Қазақстан қайтіп дамыған 30елдің қатарына кіре алады?

 Рас, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасыкерек. Құптаймыз. Қарапайым халық үшін өте қажет. Өйткені бұл ұғымның аясындахалық күнделікті тұтынатын, тұрмысқа аса қажет заттар бар. Үкіметтегілердіңайтуынша, негізгі сұранысты осы «қарапайым заттар экономикасы» өтейді. Айтакетейік, мемлекет қазынасынан осы саланы дамытуға 600 млрд теңге бөлінетініайтылған. «Оның 400 млрд теңгесі – өңдеу өнеркәсібіне, 100 млрд теңге –агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеуге, тағы 100 млрд теңгесі – агроөнеркәсіптіккешендегі өндіріске бағытталады» делінген. Сөйтіп, «қарапайым заттарбағдарламасы» аясында отандық 365 өнеркәсіп тауары өзі­мізде шығарыла бастайды.Сонда бұл орасан зор ақшаға не шығарылады?  Отандық -365 тауар. Ол не? Шұлық па, көйлекпе, іш киім бе, жоқ әлде киім-кешек пе? «Күнделікті халық тұтынатын тауар»делінгенімен, үкімет еш жерде мұның атын атап, түсін түстемейді. Белгісіз.

Ресей «қарапайым заттар экономика­сын»дамытуды 5-6 жыл бұрын қолға алды. Соның арқасында бір ғана жеңіл өнеркәсіп59,7 пайызға өсім берді.

Ал біздің министрлер үкімет отырысынданемесе журналистер алдына шыққанда цифрларды түрлендіріп сөйлегенді жақсыкөреді. Одан нәтиже шықса, қанекей?!

— Бизнесті несиелеу 1 трлнтеңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы мөлшерлеме 6 пайыз болады. «Қарапайым заттарэкономикасы» бағдарламасында басымдыққа ие тауарлар тізімі кеңейтіледі. Микро және шағынбизнес үшін кредит сомасы 360 млн теңгеге дейін арттырылады. Салық жеңілдіктеріберіліп, тексеру саны төмендетіледі. Импорт алмастыру мақсатында қазірдіңөзінде 1 трлн теңге сомаға 258 жоба іріктеп алынды. Мұның өзі 25 мың жұмысорнын құрады, – деді Дәурен Абаев.

  Міне,төтенше жағдай кезінде халықтың алдына жиі шығып тұрған министрдің сөзі.

 Енді біз сөз етіп отырған бағдарлама«қарапайым заттар экономикасы» деп аталғасын тағы бір  қарапайым мысалға жүгінейік. Бізде тұтынылғансүт­ті адам басына есептегенде жылына 260 литрден (медициналық норма 405 литр)ғана айналады екен. Ал Германия, Франция секілді мемле­кеттерде көрсеткіш490-500 литр шамасында. Қазақстанға құрғақ сүттің 83 пайызы, сары майдың 31пайызы, ірімшіктің 61 пайызы шекараның ар жағынан келеді. Міне, 30 жылдаотандық 30 тауарды өндіре алмаған Қазақстан  алдағы бес жылда жаңадан бес тауар өндірсе қуанар едік қой. Бірақ…

 Мінберден айтылатын үкіметтегі шенеуніктердіңсөзіне сенсек, меже өте биік.

— Отандық тауарлардың көлеміартады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындарды әртараптандыру шараларыжалғасады. Осы бағдарлама аясында 365 тауар өндіру түріне, оның ішінде 118азық-түлікке және халық тұтынатын 247 тауарға жеңілдетілген несие беріледі, –дейді үкімет басшысы Асқар Мамин.

– «Қарапайымзаттар экономикасы»  бағдарламасыныңнәтижесінде 2025 жылға қарай барлық 365 өнімнің өндіріс көлемі 2,4 есеге артып,нарықтағы импорттың үлесі 59 пайыздан 37 пайызға дейін төмендейді. Олардыңішінде 247 азық-түліктік емес өнеркәсіп өнімдері бойынша өндіріс 1,5 млрд доллардан3,1 млрд долларға дейін (немесе екі есеге) өседі және импорт үлесі 82 пайыздан  59 пайызға дейін төмендейді, – дейдівице-премьер Роман Скляр.

     Қуанатын, көңіл көншітетін-ақ дерек. Рас,бізге халық тұтынатын қарапайым тауарлар керек. Бірақ 30 жылдың ішінде экономикадаәртараптандыруды жүргізе алмаған билік алдағы бес жылда күнделікті халық тұтынатынқарапайым тауарларды шын мәнінде шығара ала ма?

Экономика дәл қазір дағдарысалдында тұр. Әлемді жайлаған індеттің кесірінен шағын және орта бизнес ауыржағдайға тап болды. Инфляция бас көтерді, теңге девальвацияға түсті,жұмыссыздық көбейді. Мұнайдың бағасы құлады. Мұның бәрі мемлекеттің,экономиканың дамуына тұсау болады. Ал «қара алтынға» сенген Қазақстанныңбюджеті тағы да шұрық-тесік күйінде қалайын деп тұр. Мұндай жағдайда тағы да«қарапайым заттар экономикасы»   бағдарламасы қалыс қалады. Ендеше, мұнайғасенген билік Құдайын ұмытпаса екен.

Батыр ЖАСҰЛАН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34