Мырзахметов бақытын бау-бақшадан іздеп жүр

02.11.2019, 16:15

7

Осыдан бір жарым жыл бұрын үкіметте кооперативтер құруғабайланысты жұмыстарды ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары АрманЕвниев «саны бар, сапасы жоқ» деп сынағанда Жамбыл облысының әкімі АсқарМырзахметов қатты ыстықтап, бұған біраз қарсы дәлелдер келтірген болатын.

Сонда сол кездегі үкімет жетекшісі Бақытжан Сағынтаев «Жақсы, Асқар Исабекұлы, өзіңіздің ойыңызды Жамбыл облысында үлкен дәрежедекөрсетіңіз. Бәріне үлгі болсын» деген еді. Міне, содан бері Асқар Исабекұлыбасқа облыстарға үлгі болатын, ең бастысы ел-жұртқа шынымен пайдасы тиетінжобалармен бел шешіп айналысқан сияқты. Осы аптадағы үкімет жиынында ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылыЖамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іскеасыру жолдары қаралды. Яғни, үкімет мүшелері Жамбыл облысының әкімі АсқарМырзахметов дайындап алып келген жобаны арнайы талқылады. Осыдан-ақ Әулиеатаөңіріне әкім болған соңғы екі жарым жылда Асқар Исабекұлының ай қарап жатпағаныбайқалды.

Жасыратыны жоқ, біздің министрлер мен әкімдер ауылтұрғындарының табысын арттыру бағытында талай-талай тәтті әңгімелер айтқанымен,жеке қосалқы шаруашылық мәселесі көбінесе тасада қалып кете беретін. Жекеқосалқы шаруашылық дегеніміз үйдің іргесіндегі бау-бақша ғой. Шамасы «қосалқы»деген сөздің өзі бұл шаруашылықты кішірейтіп, көзге де ілінбейтін, тіптен,жеңіл-желпі дүние сияқты көрсететіні анық. Ал, бірақ, шынында еңбек етіп, табыстабамын деген адамның алғашқы қадамы осы бау-бақшадан басталып, оның іскерлігісол кетпен мен күректі қалай ұстауымен сыналмай ма? Міне, Мырзахметов жұрттыңбақытын осы бау-бақшадан іздеп жүр.  

— Ауыл тұрғындарының табысын жақсарту үшін қосалқышаруашылықтарды қолдауға бағытталған мақсатқа мемлекеттік саясат қажет депсанаймын, — деді Жамбыл облысының әкіміАсқар Мырзахметов үкімет жиынында. — Ауылды жердегі халықты жаппай жұмыспенқамтудың бірден бір жолы – ол қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту.Талдау көрсеткендей, қосалқы шаруашылықтар өндіріс пен табыс көзі екенінкөрсетіп отыр. Облыстың жалпы ауылшаруашылық өнімінің 43 пайызын, ал сүт пенеттің 60 пайызын осылар өндіреді. Бұл мемлекеттік қолдаусыз.

Жалпы алғанда Жамбыл облысындағы халық саны 1млн. 125 мың болса, олардың 60 пайызы, яғни 680 мыңы ауылда тұрады. Оныңішінде, еңбекке жарамдысы 328 мың адам. 177 мың адамның белгілі дәрежедетұрақты табысы бар. Ал, қалған 151 мың халық әлеуметтік төлемдер, маусымдықжұмыстардан, қосалқы шаруашылық есебінен күнкөріс кешуде. Енді осы пилоттықжоба жүзеге асатын болса жыл сайын 35-37 мың адам жұмыспен қамтуға болатынкөрінеді.

Асқар Исабекұлының айтуына қарағанда алдымен облыстағыбарлық елді мекендегі 138 мың аула толық зерделеніпті. Нәтижесінде бір үйдің айсайынғы қосалқы шаруашылықтан орташа табысы 25-30 мың теңгені құрайтыны анықталған.Сонымен бірге, айына 500 мың теңге тауып отырған қосалықы шаруашылықтар да бар.Табыстың төмен болуының себебі – негізінен орталықтандырылған сатып алу,сақтау, алғашқы өңдеу, тасымалдау, керек материалдық-техникалық жабдықтау,жем-шөптің жетіспеушілігі, қолжетімді қаражаттың жоқтығы.

Сондықтан Жамбыл облысының әкімі халықтың тұрмысынжақсарту үшін үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалануды, үй ауласында мал жәнеқұс өнімділігін арттыруды, ауыл сыртындағы пайлық үлес жерлерді ұтымдыпайдалану, сол арқылы жем-шөп, жайылым мәселесін шешуді, қосалқышаруашылықтардың тиімділігіне қол байлау болып отырған мәселелердікооперативтер арқылы шешу және ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыруды ұсынады.Осы 5 бағыт бойынша жалпы құны 46,4 млрд. теңге көлемінде 31 мыңнан астамжобаны іске асыру мүмкіншілігі анықталып отыр. Осының нәтижесінде 131 мыңотбасы немесе 600 мыңнан  астам адамайына орташа есеппен 128 мың теңге көлемінде тұрақты табыспен қамтылады. Бұлбүгінгі деңгейден 4 есе жоғары. 68 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар менжұмыссыздар жеке кәсіпкерге айналады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 34пайызға, сүт пен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 30 пайызға артпақ.Және жаңа өңдеу кәсіпорындарын құруға мүмкіндік ашылады. Ең бастысы, ауылдағыүй іргесіндегі және пайлық жерлердің тиімділігі артады.

«Осылайша жобаның ауқымын және қаржы мәселесін ескереотырып, бірінші кезеңде, биыл әр ауданнан бір ауылдық округта бастаудыұсынамыз, жалпы саны 10 ауылдық округ 23 елді-мекен. Бұған 7,2 млрд. теңгеқажет. Ал, екінші кезеңде, 2020-21 жылдары қалған 143 ауылдық округке 39,2млрд. теңге қажет болады» дейді А. Мырзахметов.

Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша 10пилоттық округтердегі 7 мыңнан астам аулада 1117 гектар үй іргесіндегі жерлербар. Олардың 853 гектары әр түрлі деңгейде пайдалануда, соның ішінде 157гектарына өнімділігі өте төмен жоңышқа егілген. Ал 264 гектар немесе 24 пайызыигерілмей жатыр. Бұған қоса қолданыстағы жердің де өнімділігі өте төмен.Себебі,  сапалы тұқым, тыңайтқыштар менпестицидтер қолданылмайды және өнім бір-ақ рет алынады. Енді жоба аясында кооператив есебінен тиімді дақылдардың сапалытұқымымен, пестицидтер және тыңайтқыштармен қамтамасыз етіледі. Және дақылдарекі айналымда егілетін болады. Бұның бәрі әр ауылдық округтың табиғаты, жері,суы ескеріле отырып саналды. Ол үшін  298тонна тұқым, 715 мың көшет, 3,7 тонна пестицид, 164 тонна тыңайтқыш сатыпалынады. Бастама ретінде 76 отбасылық жылыжай салынады және сумен қамтуға қатыстыжұмыстар жүргізіледі. Технологияны сақтау үшін ауылдық округтер агрономменқамтылады. Нәтижесінде өнімділік 2 есеге, өнім көлемі 3 есеге артатын болады.

Ауладағы мал шаруашылығы, оның да тиімділігі аз. Небәріаулалардың 56 пайызында ғана мал бар, бірақ өнімділігі өте төмен. Бұныңбірден-бір себебі жем шөптің, жайылымның жетіспеуінде және рационныңқұнарсыздығында. Қосалқы шаруашылықтың бұл бағытының тиімділігін көтеру үшін,аулалардың мүмкіншілігін ескере отырып, 44 мың мал-құс сатып алынбақ. Қолдағыжәне сатып алынатын мал-құсты тиісті жем-шөппен қамтамасыз ету үшін,тұрғындардың ауыл сыртындағы пайлық жерлері пайдаланатын болады. Осылайшабарлық бағыттар бойынша шынайы тірліктер атқарылмақ.

Әзірге әр ауылдық округте 10 пилоттық көпсалалыкооперативтер тіркеліпті. Әрбір кооператив жұмыс істеп тұрған 13 қайта өңдеукәсіпорнына байланатын болады. Жобаны іске асыру үшін ауыл шаруашылықбасқармасының штаттық саны 18 қызметкерге көбейтілген.

Мырзахметовтың бұл бастамасы ел ішінде де қызу талқыланып жатыр. Осыкөктемнен бері облыс әкімі ауыл-ауылдарды аралап, әңгіме арасында жамбылдықдүнгендердің тұрмыс-тіршілігін мысалға келтіріп, ауылдағы ағайынның намысынқайрап, санасын жаңғыртуға тырысып жүргені рас. Шынында ежелден еңбекқор дүнгенхалқы алдындағы алақандай жерден көл-көсір табыс тауып, отбасын асырап отыр.Ал, бұл бастама мал емген қазекемдерге қаншалықты оң келеді? Ауылдағы ағайыналдындағы бау-бақшаның қадірін түсініп, оны байлығым, бағым, несібем депесептей ме? Сондықтан алдымен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет сияқты. Әрине,Мырзахметовтың баяндамасына сенсек, бәрі керемет. Содан да болар бұл жобаны үкіметбасшысы Асқар Мамин бірден қолдады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы мен еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне қыркүйек айының соңына дейінпилоттық жобаны іске асыру тетігін қарауға енгізіп, сондай-ақ жарияланғанкөрсеткіштерге уақытылы қол жеткізудің тиісті бақылауын қамтамасыз етудітапсырды.

Сонымен «Ташкен көрген» Асқар Мырзахметов тағы бір бастаманы қолға алды.Оның нәтижесін енді тақсыр уақыт көрсетеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34