Несиені мұраға қалдыру Қазақстанда ғана бар

03.03.2020, 07:27

45

Қазір елімізде жұмыс істеуге қабілетті8,5 миллион адам болса, олардың 6,1 миллионға жуығының мойнында несиесі бар. Бұлелдегі әр үшінші адамның банк алдында қарызы барын көрсетеді. Ел тұрғындарыныңнесие бойынша банктер алдындағы қарызы 6 триллион теңгеге жеткен. Ал несиеалушылардың 2 миллионнан астамы алған қарызын қайтара алмай, банктердегіпроблемалық несие  қорын көбейтіп отыр. Бүгінгікүні елдегі қайтарылмаған несие көлемі 3 трлн теңгеге жетіп қалған. Демек, халықтыңнесиеге алған 6 трлн теңгесінің тең жарымы қайтарылмай жатыр.

    Несие жүйесіне қатысты экономист-ғалым ЖұмаділдаБаяхметов несиеге 24-28 пайыз үстеме, қайтарылмаған несиелерге елде жоқ пайызбенөсімпұл қосу біздің елде ғана бар үрдіс екенін алға тартты. Ж.Баяхметовтіңайтуынша, біздегі банктердің ұстанып отырған саясаты дамыған елдердің тәжірибесіненәлдеқашан алынып тасталған.

    Экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметовтіңпайымдауынша, біз осы уақытқа дейін үкіметтен қолдау қаржы бөліп, банктердідемеп келдік. Енді үкімет қарапайым халықтың жайын ойласа, банктерден пайыздық үстеменітүсіруді талап етуі керек. «2004-05 жылдары шетелдің қаржы институттары Қазақстандағыбанктерге 2 пайызбен қарыз бере бастады. Біздегі банктер 2 пайызбен алған қарызынхалыққа 22-24-28 пайызбен несиеге берді. Осындай жауапсыз саясат жүргізу арқылыбанктер 10-12 есе пайда көреміз деп ойлады. Бірақ 2008-09 жылдардағы дағдарыскезінде банктердің проблемалы несие портфелі өсе түсті. Жеке тұлғалар алған қарызынқайтара алмай, бірқатар банктер дағдарысқа ұшырады. Қазір елдегі қайтарылмағаннесиелер көлемі 3 трлн теңгеге жетті. Бұл банктер үшін өте қауіпті жайт. Жалпы,экономикаға бөлінетін қаржы  20 трлн теңгеболса, біз оның 16 трлн теңгесін банктерге береді екенбіз. Ал банктер қарапайымтұтынушылардың қалтасын қағып отыр. Мұны дереу доғарту керек. Үкімет деркезінде оларға қолдау көрсетті. Енді халықтың жайын ойлап, пайыздық үстемені төмендетутуралы талап қою керек», – дейді Жұмаділда Баяхметов.

     Мамандар біздегі «Банктер және банк қызметітуралы» заңының да солқылдақ тұстары көп екенін алға тартты. Мысалы, елімізде банктенқарыз алған адам бақилық болып кетсе, оның несиесін бала-шағасына қалдырып, заңдыұтымды пайдаланып отыр. Негізінде, көптеген елдерде мұндай саясат жоқ. Бұлретте экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов «өлсең несиеңді балаң төлейді» дейтінбанктерге тыйым болуы керек екенін айтады. «Дамыған және дамушы елдердіңбіразында несие тұтынушыға 2-3-4 пайызбен беріледі. Сондай-ақ  несие алушыға жазатайым жағдай болғанда сақтандырукомпаниялары қарызын өтейді. Ал бізде банктер несие аларда сақтандыру қызметінмәжбүрлеп тұрып тұтынушыға ұсынады. Ол үшін төлем алады. Ал жазатайым жағдай болса, сақтандыру қызметінің толық несиені өтепберетініне ешкім кепілдік бере алмайды. Өзге елдерде қайтыс болған адамныңнесиесін «бала 18-ге толғанда төлейді» деп, кәмелет жасқа толмаған баласына жүктепқою, артында қалған туыстарына төлету деген жоқ. Біздегі несие саясаты халыққаемес, банкке ғана тиімді», – деді экономист-ғалым.

    Осы орайда, қаржыгер Арман Мусин, расыменде, банктер ұсынатын сақтандыру қызметі көңілден шықпайтынын қоса айтты. «Қазір елдегі банктер кез келген тұтынушыны «тонап алып», қоя береді.Несие аламын десе, несиесінен комиссиялық төлемді бір, сақтандыру компаниясы арқылыбір ұстайды. Сосын тұтынушы қолына діттеген сомасын ала алмай дал болып қайтады.«Сақтандыру қызметі қымбат, мен басқаша сақтандырамын» десе, оны тыңдап жатқанешкім жоқ. Әр мемлекет өзінің қаржылық саясатын оңтайлы жолға қойып, халқының әлеуетінкөтеру үшін оған арнайы бір құрал-жабдық қажет. Мұндайда бірден-бірпайдаланатын құрал банк жүйесі екені белгілі. Ал біз осы саланы алдық та, жекеадамдардың қолына бердік. Ол жекешеленген банктер, әлбетте, халықтың мүддесін көздегенжоқ. Олар жекелеп баюды, ондағы басшылар өз қазыналарын қомақты етуді ғанаойлады. Осыдан барып халық пен банк арасындағы байланыс алшақтады. Оның нәтижесінбүгін өзіміз де көріп отырмыз. Рас, үкімет проблемалы, капиталы аз барбанктерді азайтуды жоспарлап отыр. Бұл да болса қысылтаяңнан жол тауып шығудыңбір түрі. Өз басым бұл ретте елдегі банктердің деніне мемлекеттік бақылауды, заңдыорындауға талапты күшейту қажет дер едім. Сонда тұтынушы тоналмас еді», – дедіАрман Мусин.

     Қаржыгердің айтуынша, проблемалық несиекез келген елдің банк жүйесінде бар. Бірақ оның пайыздық көрсеткіші белгіленгенмежеден асып кетпеуі керек. Бұл тұрғыда Арман Мусин: «Проблемалық несиенің көрсеткіші1-2 пайыздан аспаса, онда қауіп жоқ дер едік. Бізде бұл көрсеткіш 8 (!)пайыздан асып тұр. Сондықтан бұл арада банктер пайызын төмендетуі керек. Негізі,Ұлттық банктен қаржыны алғанда екінші деңгейлі банктер 9 пайызбен алады. Ал өздеріхалыққа 20-22-28 пайызбен несие береді. Оның артында несиені қайтара алмай халықшырылдайды да, жағымсыз несие қоржыны көбейе береді. Сондықтан бұл арада халықтыңжайына да қарау керек. Заңға өзгертулер енгізіп, қажетті талап қою керек. Мысалы,Түркия, Венгрия, Мажарстан, Әзірбайжан елдерінде несие алған адам мүлде жұмысқажарамсыз болып қалса, мойнындағы несиесінің 40 пайызын жұмыс беруші өтейді, 60пайызын сақтандыру компаниясы төлейді. Сол тәрізді несие алған адам бақилықболса, оның қарызы толық кешіріледі. Жұмысынан айырылса, әлеуметтік сақтандыру қорыкөмекке келеді.  Өкінішке қарай, біз мұндайжүйеге жете алмай отырмыз. Халық банктерге тоналып жатыр. Банктер қысылтаяңкезде үкіметтен көмек сұрайды. Оларды демеу үшін үкімет талай мәрте қолдау қаржыбөлді. Бірақ банктер халыққа тиімді жұмыс жасап отырған жоқ. Сондықтан болашақта банктерге халыққа тиімді қызмет көрсетугеқатысты талапты төтесінен қойып, пайызды төмендетуді нақты-нақты сұрау керек»,– деді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36