«Nur Otan» бақылауға алғаннан кейін Экология министрі Жетісайға барды

10.03.2020, 17:29

174

«Nur Otan» партиясы ел ішіндегі қордаланған мәселелермен танысып, оларды шешу үшін шалғай елдімекендерді аралап, әр мәселеге жеке-жеке көңіл бөлуде. Сондай кезекті мәселенің шешілу барысы туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің facebook-тағы парақшасында хабарлады.

 «Елбасының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» партиясы халықты толғандыратын түйінді мәселелерді және олардың шешу жолдарын бірге талқылау үшін еліміздің шалғайдағы ауылдары мен елдімекендерінің тұрғындарымен кездесуде. ⠀ Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарымыздың барысында Жетісай ауданына қарасты Абай ауылының тұрғындары 2600-ден астам шаруа қожалығы пайдаланатын К-30 суару каналын қайта қалпына келтіру жұмыстарының ұзаққа созылғаны туралы мәселені көтерген болатын.  Уәде еткенімдей, осы сапардан кейін партия мүшелері – ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар министрлерімен арнайы жиын өткіздім. Жақын арада уәкілетті мемлекеттік органдар партиялық бақылауға алынған мәселелерді шешудің жеке жол картасын енгізеді. Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сол жерде жағдаймен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз» делінген Бауыржан Қыдырғалиұлының жазбасында.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:40
Жаңа министр Қазақстан экономикасын қалай қуаттандыратынын айтты
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:38
Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 09:49
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП төрағасы қызметінен кетті
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 09:12
"Қазақстан халқына қоры" халықты жарылқай ма?!
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 09:08
Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 11:01
Сұлтанов азық-түлік бағасын реттей ала ма?

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына қоры" халықты жарылқай ма?!
    17.01.2022, 09:12
  • Жағдай күрделі. Соңғы тәулікте 11,5 мың адамнан коронавирус анықталды
    17.01.2022, 09:03
  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30