Нұрлан Атшабаров: «Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аса маңызды»

15.07.2020, 06:37

64


Бұл мемлекеттік бағдарлама алдағы 10 жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Бұл тиісті қаржыландыруды, оның ішінде, мысалы, су нысандарын қалпына келтіруді, суару жүйесінің құрылысын қамтамасыз етеді, — дейді "Қазақстанның су шаруашылығы қауымдастығының" президенті Нұрлан Атшабаров.

Еске салсақ, жуырда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа суды басқарудың мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берген болатын.
«Біз бұл бағдарламаны ғалымдарды, сала ардагерлерін кеңінен қатыстыра отырып, әзірледік», — деді Экология министрі. — Осы мемлекеттік бағдарлама төңірегіндегі негізгі көрсеткіштердің бірі — Жолдауда көрсетілген Сіздің суармалы жер көлемін 2030 жылға дейін бір жарым миллионнан үш миллион гектарға дейін ұлғайту туралы тапсырмаңыздың орындалуы.
Бұл оңай міндет емес, бірақ қол жеткізуге болады. Біздің әр облыстағы әкімдіктермен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен жоспарымыз бар. Егер былтыр 66 мың гектар жер енгізілген болса, биыл 500 мың гектарға жуық жерде жұмыс жалғасуда».
Мемлекеттік бағдарламаның басқа маңызды индикаторлары — су шығынын шамамен 3 есе азайту, сондай-ақ су қоймаларын салу. Бұл республикада қосымша 400 мың га суармалы жерді енгізуге, шамамен 130 мың жұмыс орнын құруға және 70-тен астам елді мекенде су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл су қоймаларын салу Қазақстанға көршілерімізден тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді: Қырғызстаннан 30%, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан 15%, деді министр.
Өз кезегінде Нұрлан Атшабаров: «Қазақстанның орналасқан жері мынадай — еліміздегі 8 өзен бассейнінің 7-еуі трансшекаралық болып келеді. — Біз ішінара суды сырттан аламыз. 50% республика ішінде қалыптасады, шамамен 50% — і — сырттан. Біз трансшекаралық өзендер туралы, суды бөлу туралы, оны жеткізу көлемі туралы келісімге келуіміз керек. Сонымен қатар, Қазақстан осы бассейндердің соңында орналасқандықтан, сумен қамтамасыз етуде үлкен айырмашылықтар туындайды. Су ресурстарын басқаруға ел басшылығының мұқият назар аударуы суды, оның ішінде көктемгі су тасқыны кезінде арнайы су қоймаларында үнемдеу қажеттілігімен түсіндіріледі. 
Бұл экономика, экология және ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттіліктері үшін су қорын құруға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелерді үнемі шешіп отыру қажет, олардың көпшілігі мемлекеттік деңгейде шешіледі. Бізде Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жұмыс істейтін арнайы комиссиялар бар».

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:48
HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ
Қарлығаш Зарыққанқызы 02.12.2020, 10:04
Мұнай бағасы 20 долларға құлай ма?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?

Аңдатпа


  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35