ОПЕК шешімімен Қазақстан мұнай өндірісін арттыратын болды

Сайт әкімшілігі

06.01.2021, 09:29

2414

Brent маркалы мұнайдың 2021 жылы наурыздағы жеткізілім құны Лондонның ICE биржасында алдыңғы сессияның жабылуы кезеңіндегі бағамен салыстырғанда 5,23% өсіп, бір баррелінің құны 53,76 долларға жетті, деп хабарлайды «Жас Алаш»  ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өз кезегінде WTI маркалы мұнай 5,2% қымбаттады, яғни бір баррелі 50,25 долларға дейін өсті.

Бұл 6 қаңтардағы Нұр-Сұлтан уақытымен 00: 22 уақытында алынған мәлімет екенін ескерте кетелік.

Кеше Қазақстанның мұнай өндірісін арттыратыны белгілі болды. Кездесу қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге, осы кезеңде өндірісті кезең-кезеңімен сәйкесінше күніне 10 және 65 мың баррельге ұлғайтуды көздейтін Қазақстан мен Ресей үшін бөлек шарттар жасалды. Осылайша, ОПЕК + шеңберінде Қазақстан үшін ақпандағы белгіленген міндеттемесі тәулігіне 1,427 миллион баррельді және наурыз айында тәулігіне 1,437 миллион баррельді құрайды.

Тегтер: мұнай бағасы биржа экономика нарық халық әлемдік экономика сарапшы талдау болжам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 12:00
Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 18:46
Қазақстанда зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия төленеді
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 14:00
"Қазақстан халқына" қорына ең ірі сома түсті
Оразәлі СӘБДЕН 20.01.2022, 17:41
Өзгеретін кез келді
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 20.01.2022, 14:13
Сенатор Ақылбек Күрішбаев: «Жалған статистика ауылдағы нақты жағдайды көрсетпей отыр»
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.01.2022, 08:50
Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48