Өркениет және қоғамды жаңғырту ілімі

30.06.2020, 12:52

38

                                                                                


    Әлем қауіп-қатерде, өркениет өзгеруде.Академик О.Сәбден ғалым ретінде әлем өркениетіне өз ойын айтып, жаңабағыт-бағдар беруге тырысады. Әлемдік өркениеттің өзгеруі, оның формацияға өтуфазасы, конвергентті даму жолы, интегралды қоғамды қалыптастыру идеяларыберіледі. Өркениет дамуының жаңа сатысы гуманистикалық ноосфералық және жаңапланеталық өркениет типіне көшуге аяқ басты деген пікірді алға тартады. Түркі халықтарын,мемлекеттерін біріктіріп, «Түркі тегі» атты одақ құруды ұсынады. Қоғамдыжаңғырту ілімі туралы ой қозғай келе, әлемнің үштұғырлы дамуын:  рухани, технология және қауіпсіздіктіұсынады.  Келешектің өркениетін экономика,технология, экология, руханият, космос және қауіпсіздік арқылы көрсетеді. Мұндайжобаларды, ой-пікірлерді автордың көп жылдар бойы ізденісінің нәтижесі ретіндебіз «Жас Алаш» газетінің келесі сандарында беріп отырамыз. Соңында мемлекеттібасқарудың 5-тік спираль моделін ұсынады.

                                            1. ӘЛЕМӨРКЕНИЕТІ

Қазіринтернет, цифрлық технология т.б. ақпарат құралдарының арқасында әлемалақандағыдай болып бәрі көрінеді. Әлем күрт өзгеруде, күнде бір жаңалық, ертеңне болары белгісіз, бір сағымдай болып тұр. Әлемде үлкен келеңсіздіктеркөбеюде. Олар: климаттың жылынуы, азық-түлік, су тапшылығы, аштық, миграция, әржерде соғыс оты, коронавирус сияқты дерттер т.б. Әлемдік кризис тамырын тереңгежаюда, соның салдарынан әлемнің дамуы 2020 жылы 6-7 пайызға, ал Еуропа12-15  пайызға төмендеп, жекемемлекеттердің дамуы одан да күрт шегеріледі деп күтілуде.

Мұныңсалдары көп жылға созылмақшы. Әлемнің қазіргі жағдайын ойлай келе, адамзатізгілікті даму жолынан адаса бастады ма деген ойға келесің. Формациялық дамудақателіктер кетуде. Біз білетін капитализмнің және социализмнің дамуы өзмүмкіндіктерін сарп еткен тәрізді. Екеуінің де кемшіліктері әлемді үлкендағдарысқа алып келді.

Қазіргіәлемде болып жатқан жаңалықтарға, интернет революциясы, жоғарғы технологиялар,жасанды интеллект, роботтандыру т.б. қоғам ілесе алмауда. Қоғам институттары(мемлекет, үкімет, парламент, БҰҰ, НАТО, ЕО, ШОС, БРИКС т.б.) жаңа дамуүрдісіне, жаңа өркениет дамуына адекватты жүйе жасай алмай дел-сал болуда. Әлембарлық жағынан бір тығырыққа тіреліп, үшінші дүниежүзілік соғыс алдындатұрғандай (айтқан жерден аулақ). Адамзатқа келетін ең жойқын қауіп – ядролыққару мен әртүрлі пандемиялық микробтар, биологиялық аурулар.

Бір нәрсеайқын: әлем жаңа әлеуметтік құрылымға, жаңа укладқа бара жатыр. Бірақ ол дамужолын қалай зерделемек? Біз алты формациялық даму жолынан өтіппіз. Олар:алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, азиялық құлдықтан кейінгі, феодалдық,капиталистік, социалистік. Ғалымдардың пікірінше, алда жетінші – «интегралдықоғам» табалдырықтан аттамақшы. Мәселе осы жаңа қоғамның құрылымында. Әрине,бұл қоғам алдағы өркениет, барлық формациялардың, әсіресе капитализм менсоциализмнің ең жақсы жақтарын алып, қазіргі жаңа өмір талабына сай құрылым, идеология,саясат, жаңа экономикалық модель жасаса әлем дамиды. Бұл жолды батыста конвергентті даму жолы деп те атайды,ол – социализмнің де, капитализмнің де мүмкіндіктерін пайдаланып, жаманжақтарын алып тастау деген сөз (латынша convergere – жақындау, біріктіру, негізібиологиядан шыққан сөз). Табиғаттың тілімен айтсам, капитализм мен социализмекеуін «пайуандау» арқылы олардың тек жақсы жақтарын алу. Ол оңай шаруа емес.

    Біз де кейбір ауылдастарымызға еліктеп,шетел насихатшыларын тыңдап, ә дегенде демократиялық қоғам құрамыз деп, бірақбасқа жаққа бетті бұрып, 30 жылда бюрократиялық-олигархиялық капиталистікжүйеге келіп тірелдік. Диагноз қойсақ, дағдарысқа түстік. Енді ештен кеш болса да,өркениеттің дұрыс жолына түсуіміз керек. Ол жол – жоғарыда айтылғанконвергентті жол, қоғамды жаңғырту. Бұл конвергентті жолды дер кезінде дұрыс пайдаланғанелдер: Қытай, Вьетнам және Скандинавия, Батыс Еуропа мемлекеттері, оның ішіндеЭстония да бар. Мысалы, бізге жақын, Совет Одағында болған Эстония Еуропаақылшыларын тыңдамай, бүгінде ең инновациялық, интернеттік жылдам ел болып тездамуда. Жан басына шаққанда табысы 25 мың АҚШ долларынан асады.

Біз болсақенді соңғы мүмкіндікті пайдаланып, ешкімге жем болмай, осы  дамыған елдердің озық тәжірибесін алып өзменталитетімізге, өз мүмкіндіктерімізге лайықтап, өз даму жолымызды белгілепалуымыз қажет. Бұл туралы келесіде арнайы тоқталамыз. Енді жалпы өркениеткекелейік.

Өркениет –адамзаттың материалдық, техникалық және рухани-тарихи жетістіктерінің жиынтығыплатформасында орын алатын тарихи үдерістің бірлігі. Бұл ұғым өмірдің белгілібір нысаны мен тәртібі, оның надандыққа қарсы болғаны ежелгі дәуірден белгілі.

Жергілікті тарихитұрғыда өркениет деп – кеңістік-уақыттық құрылымдармен шектелген сапалықтұрғыда сан алуан бірегей этникалық немесе тарихи ілімдерді атайды, бұлкөзқарасқа сәйкес әр халықтың өзінің бірегей өркениеті бар. Мәселен, Хантингтонөркениеттің он шақты түрін атаса, жалпы, ғалымдар 20-дан астам түрін көрсетеді: антикалық,араб, қытай, египет, иран, үнді, сирия, миной, шумер, түрік, хетт, вавилон,анд, мексика, юкатан, майяжәне т.б.

Әлемдік өркениет дамуында әлемге аты әйгілі тұлғалардыңалатын орны ерекше. Осыған байланысты әдебиетте жеке тұлғалардың көнеден бастап,қазіргі заманға дейінгі жіктелімдері бар. Біз олардың жалпыәлемдік өркениеткеқосқан үлестерін маңызды жеті басымбағыт бойынша жіктеуге тырыстық. Осыларға қысқаша көз жіберейік.

1.  Ең алдымен әлемдік діндердің адами өркениеттіңдамуына тигізген ықпалын, орасан қызметін айту керек. Бұл тұста Будда, Конфуций, Мұхаммед пайғамбар, ИисусХристос сынды әлемдік діннің басты өкілдеріне жете назар аудару қажет.Әлемнің рухани өкілдері ең алдымен сананы оятатын, оны стереотиптерденбосататын идеялар ұсынып, содан кейін ғана физиологиялық денені жетілдіретүсетін технологияларды қолдануды құптаған, бұл технологияларсыз адамның санасы материалдық әлемдетолықтай жүзеге аспайды. Өкінішке қарай, бұл ақиқатты дамыған елдер өкілдерітүсінбейді не түсінгісі келмейді. Көбіне олар алдымен баюды ойлайды, соданкейін ғана адамның ақыл-ойы мен рухани дамуына мән береді. Ғасырлар бойықоғамның, мемлекеттердің дамуы көбінше ақылға емес, нарықтық қатынас пен жекекапиталға бағынса, ал қазір, ХХІ ғасырда адами ақыл күш пен рухқа сенетін уақыткелді. Әлемдік кризистің түп тамыры осында жатыр. Енді ХХІ ғасырда, жаһандану дәуірінде қоғамды ізгілендіру жәнерухани-тарихи құндылықтарды жандандыру үшін конфессиалдық жүйелерді бірлестіру,халықтар, ұлттар және этностардың әлемдік кооперациясы қажет. КелешектеҚұдай біреу болғандықтан, әлемдік діндердің интеграциялануы, қайта жаңғыруыкүтілуде.Бұл пәниде жұмақ дегенімізадам өмірінде көптен бері өзімізді жетілдіру үшін жинап-терген ішкі жандүниеміз, рухани және материалдық мүмкіндігімізді толық пайдалану деп ойлаймын.

2. Барлықғылым бағыттары философиядан бастауалатыны рас. Ой мен сананың дамуы әлемдік өркениеттің негізіболып табылады. Осы тұрғыда адамзаттың Будда, Конфуций, Сократ,Платон, Архимед, Аристотель, әл-Фараби, ИбнСина, Абай және т.с.с. ұлы ойшылдарды айта кеткен жөн. Бүгінде әлемдікфилософия ғылымы тоқырау сатысында тұр. Қоршаған әлемде орын алып жатқанкөптеген жаңа процестер кешегі, бүгінгі және ертеңгі адамзат өркениетінтүбегейлі жаңа философиялық тұрғыда түсіндіруге мұқтаж. Қазір әлем экологиялықәлеуетті жүйе ретінде ғаламдық желі, ақпараттық ағындар және желілік экономика,интернет,кванттық есептеулер және т.б. шырмауында. Дей тұрғанмен «ақпарат» ұғымы әлі күнге шейін философиялық категорияретінде мақұлданбағанын айта кеткен жөн. Философиялық тұрғыда әлемді қазіргітаңда сызықтық емес, диалектикалық заңдар, тірітабиғат пен циклдық дамуды басқару заңдары бойынша өмір сүретін жаһандаөздігінен ұйымдастырылатын жүйе ретінде түсінген жөн. Сондықтан философияілімінеғылым жүйесін ұйыстыратын орталық ретінде жаңа міндеттер жүктеледі: бірқатар жаңалықтарды қарастыру,гуманитарлық ноосфералық және планеталық өркениеттің жаңа типіне көшужағдайында көпполярлы әлемнің ғылыми көрінісін ұғынудың жаңа парадигмасынәзірлеу.Адамзаттың жаһандық апатсыз сингулярлық нүктесі арқылы жаңаөркениетке өтуін көздеу керек.

3. Өркениет, табиғаткүштерін игерудің айтарлықтай жоғары сатысы ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық прогрестің қуатты әлеуетін қамтидыжәне бұл адамдардың өмір сүру сапасын және өмір сүру деңгейін жақсартуға,олардың  жайлы өмір сүруіне  ықпал ететіні сөзсіз. Бұл тұста Әбу Әли ибн Сина, Исаак Ньютон,Чарльз Дарвин, Адам Смит, Карл Маркс, Эрнест Резерфорд, Эйнштейн, Галилео Галилей,М.В.Ломоносов, М.Менделеев, А.Вернадский,  Мария Кюри, Т.Эдисон, Н.Тесло, Р.Оппенгеймер және басқалар сынды әлемге аты әйгіліғалымдарды айта кеткен жөн. Ғылым – екі жүзді семсер. Бәрі де мемлекетқайраткерлері ғылым нәтижелерін қалай қолданатынына байланысты, яғниөркениеттің жойылуы немесе дамуы үшін бе, бұған мысалдар жеткілікті. Олжаһандық сипатқа ие, сәл жаңылыстың арты тұтастай аймақтың немесе  бүкіл адамзаттың жойылуына әкелуі ғажап емес.Аты әлемге әйгілі бірқатар ғалымдар ғылым дағдарысы туралы айтқанда ғалымдардыңұлы жаңалықтарды ашып қойғанын айтады. Бұл пікірге таласпай-ақ, сонымен біргебіз әлі де жаңа ноосфера өркениетінде өмір сүруіміз керегін ескере отырып,ғалымдар адамзатқа әлі ұлы жаңалықтар ұсынады деп үміттенеміз. Мұны біз қоғамныңтабиғатпен өзара әрекеті, нанотехнология, гендік инженерия, ақпараттандыру,ғарыш технологиясы, жасанды интеллект, роботизация, күн және сутегі энергиясы,атомдардың телепорациясы, магнетизм және т.б. сияқты VI-VII технологиялыққұрылым өнімдерін өндіру сынды салаларда өркениеттік дамудың жаңа бағыттарынанкүтеміз. Ғылым ХХІ ғасырдағы қоршаған әлем өзгерісінің шешуші факторы  қоғамды өзгерте алады. Өкінішке қарай, мұндаймүмкіндікті Қазақстан ғалымдарына бермей жатырмыз.

4. Өркениетбелгілерінің бірі – мемлекеттік құрылым мен құқықтың пайда болуы. Мұнда тарихағымына сан қилы ықпал еткен, империялар, жеке мемлекеттер құрып, реформаторжәне ұлы мемлекет қайраткерлері болған «пассионарлық» тарихи тұлғалар туралысөз қозғаған жөн: Цинь Шихуанди, Мао Цзэдун, Дэн Сяопин, Бейбарыс, Шыңғыс хан, ЮлийЦезарь, Атилла, Томирис, Александр Македонский, Әмір Темір,Сүлеймен сұлтан, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Наполеон, Пётр I, Владимир Ленин, Иосиф Сталин, Адольф Гитлержәне басқалар. Бұларды үлгітұтатындар және теріс үлгілі тұлғалар деп жіктеуге болады.

5. Дүниежүзілікдамудың прогрессивті типтегі құндылықтары жалпыадамзатқа ортақ деп танылады.Бұл – нарықтың, құқықтық-демократиялықмемлекеттің, азаматтық қоғамның, адам құқықтарының даму нәтижесі.  Аталмыш бағыт бойынша мынадай тарихитұлғалардың қосқан үлесі зор: ДжорджВашингтон, Томас Джефферсон, Авраам Линкольн, Джон Кеннеди, Махатма Ганди, ДжавахаралНеру, Кофи Аннан, ПатрисЛумумба, Нельсон Мандела және басқалар. Біздегі прогрессившілхан, билерімізді, зиялыларымызды, Алаш тұлғаларын атап өткен жөн.

Х.Колумбжәне Джеймс Кук сынды дүниежүзін ашушылар мен теңіз жүзушілерін айрықша айта кету керек. Бергізаманнан ғарышқа ұшып, күллі әлемді дүр сілкіндірген, әлемдегі алғашқы ғарышкерЮрий Гагаринді, біздегі Тоқтар Әубәкіровті мысалға келтіруге болады. Таяукелешектегі жаңа ашылымдар ең алдымен ғарышты, планетааралық кеңістік пен басқада білім салаларын игеруде күтіледі, адамзат жаңа қаһармандардың, ноосфералықөркениетте планеталарды ашушылардың куәгері болмақ.

Өкінішке қарай, қазіргі билеушілерден, әлем мемлекетбасшыларының біреуін жоғарыда аталған көшбасшыларға жатқызу қиынға соғады, арықарай даму үшін қайшы келетін проблемалар тым көп. Әлемнің турбуленттіқозғалыста екенін және ештеңені болжай алмайтынымызды ескерсек, мемлекетбасшылары мен қайраткерлерінің рөлі маңызды болып табылады. Мұнда G7 G20, БҰҰ,ЕО сынды дамыған елдердің көшбасшылары мен басқа да халықаралық қоғамдықұйымдар интеграциясы сенім ісінде, бейбіт келісім мен адамзатты қынжылтатынөткір әлемдік проблемаларды шешуде жөн сілтеулері керек. Бұл тұрғыда әлемдік қауымдастық төніп тұрған климаттық өзгерістерден,катаклизмдерден, апаттардан, соғыстардан және т.б. қалай құтылады? Жер-анамыздыөскелең ұрпаққа аман табыстау үшін адамдардың басын біріктіретін, бұрынғыдайадамзаттың даму тарихындағы жаңа көшбасшыларды, өз заманының тұлғаларынайқындауға тиіспіз.

6. Көп жағдайларда мәдениетөркениеттің ажырамас бөлігіболып қарастырылады. Әрине, әлемдік мәдениет қазынасына үлес қосқандардыңұзыннан-ұзақ тізімін келтіруге болады, бірақ біз тек әлемге әйгілі кейбірөкілдермен шектелдік, олар: Моцарт, МаркТвен, Эрнест Хемингуэй, У.Шекспир, Оскар Уайльд, Теодор Драйзер, Л.Толстой, Ч.Чаплинжәне басқалар.Мәдениеттің ертеңі туралы айтатын болсақ, түрлі мәдениет, ұлт өкілдері жаңаөркениет дәуірінде туындайтын міндеттерді шешу қажеттігін білген. Біздіңойымызша, осы дәуірдің діңгегі – жаңа өркениетке деген рухани-технологиялық серпілісбола алады. Ең бастысы, жасандыинтеллект, адамзаттың роботталуы, яғни барлық жаңа технологиялық өзгерістерадамның өмірі мен өмір мәнінің дәстүрлі көздеріне, әлеуметтік-мәдени жүйеніқалыптастыруға зиянын тигізбесе болды. Қазіргі және болашақтағы тарихиқұндылықтарды біріктіретін мәдени ренессанс – катализатор бола алады. Оладамзаттың бірігуге, барлық діндердің, қоғамдық ұйымдар мен басқа да әлемдікқауымдастықтың халықаралық құрылымдарының ынтымақтастығына сүйенетін жаңаұжымдық және моральдық сана-сезімге қарай жоғарыға ұмтылуына негізделеді.

Адамзат қоғамдық дамудың түрлі сатысын бастан өткерді.Бүгінгі кезең постиндустриалды қоғам типімен сипатталады. Қазіргі заманғытіршілікті компьютерлік технологиялар мен цифрлық байланыс құралдарынсызелестету мүмкін емес. Мұнда жаңа ақпараттық технологиялардың іргесін қалаушылар– Билл ГейтспенСтив Джобс және т.б. айтпай кетугеболмас. Бастысы, келешек технологиялықөзгерістер, ақпараттық технологиялар ХХІ ғасыр мен кейінгі ғасырлардағыжалпыадами өркениет игіліктерін қалыптастыруға арналған маңызды құрал ғанаболса игі. Дегенмен барлығы әлемдегі ең ақылды адамдардың адами факторыныңсаналы өзара іс-қимылына байланысты.

Жалпы, ғылыми-техникалық прогресс ғаламдық ынтымақтастыққа,жалпыпланеталық ақпараттық жүйелерді, байланыс, көлік, сауда-саттықты құруға,елдер арасындағы көне айырмашылықтарды жоюға әкеп соқтырады. ХХ-ХХІ ғғ. жербетіндегі адамзаттың өмір сүруімен байланысты жаһандық проблемалардың – ядролықсоғыс қаупі, экологиялық апаттар, демографиялық проблемалар мен басқаларыныңтуындауы адами өркениеттің бірлігі туралы пікір, сондай-ақ әлемде бірыңғай өркениеттік белбеу қалыптастыру үшін қосымша негіз болады.

Өркениеткөбінесе урбанизация, ғылым, техника және технологиямен байланыстырылады.Ғалымдардың баға беруі бойынша, аталмыш бағыттарда ашылған жаңалықтар ментабыстар аз емес, мәселе жекелеген елдер үшін олардың қолжетімділігінде. Деседе,адамның интеллектісі әлі де әлемнің жасырын сырларын ашуға қабілетті. Бәлкім,келесі ашылулар мен «ноу-хау» ғарышпен, ғаламның басқа планеталарымен жәнет.с.с. байланысты болатын шығар. Осылайша әлемдік өркениет өз дамуының жаңасатысына, яғни гуманистік ноосфералықжәне жаңа планеталық өркениет типіне көшуге аяқ басты. Біз, қазақ халқы, ХХІ ғасырдың осы жаңа жүрістеріненқалып қоймай, әсіресе сананы өзгерту, білім, ғылым, мәдениет жағынан кенжелемей,жаңа технологияны да игеруде болайық.



Оразалы СӘБДЕН,

Қазақстан ғалымдар одағының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

э.ғ.д., профессор, академик                                                                  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27