Өскеменде 100-ге жуық Қытай кәсіпорыны жұмыс істейді

05.03.2019, 23:37

45

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Қытайға бірнеше рет сапарлап баруы «өз жемісін» бере бастады. Бүгінгі күнде облыс бойынша  индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық нәтижесінде 28 миллиард доллардан асатын 55 ірі жоба кіреді. Шығыс Қазақстан облысында  100-ге жуық қытайлық кәсіпорын тіркелген.Бұл ақпаратты ШҚО Сыртқы байланыстар және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Өскемендегі аймақтық-архитектуралық музейде «Көрікті Шығыс Қазақстан, ғажайып Қытай» бірлескен көрмесінің ашылу рәсімінде Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Чжан ВЭЙ жариялады. ШҚО әкімдігімен қатар ҚХР Бас консулдығы және Орта Азиядағы Қытай Мәдениет және туризм министрлігі қолдау көрсеткен көрмеде негізінен ежелгі Қытай мәдениетінің қалыптасу тарихынан хабар беретін жәдігерлер қамтылған.Бас консул Чжан Вэйдің сөзіне сүйенсек, Қытай үшін ұлттық экономиканы дамытуда туризм маңызды рөл атқарады екен. Осы тұрғыда алдымен бірлескен көрме өткізудің мәні зор көрінеді.Өскемендіктер бірлескен көрменің жәдігерлерін наурыздың 26-ына дейін тамашалай алады. Мұнда  ХІІ ғасырдағы Қытайдың фарфор вазалары, Пекин операсының кейіпкерлері мен костюмдері, ұлттық музыкалық құралдар, Жібек жолын бейнелейтін шиыршықтар сияқты ежелгі Қытай мәдениетін танытатын жәдігерлер бар.Фото: baribar.kz       
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09