Өз жұмыстарымның арасында мұқтаждарға көмек жеткіздім

11.08.2020, 16:21

13


Қиын кезде адамның басты қасиеті оянады, нағызқаһармандар пайда болады. Олар пандемия кезінде айналасына көмектесіп, әлемдіжақсырақ, мейірімді қыла түсетін медицина қызметкерлері, волонтерлар, әлеуметтікжауапты кәсіпкерлер.

Kaspi.kz әлеуметтік желіде «Алғысэстафетасын» іске қосты. Әрқайсымыз Kaspi.kz-тің instagram-дағы https://www.instagram.com/kaspi.kz/ресми парақшасында осындайқаһармандар туралы баяндап, оларға көпшіліктің «Рахмет!» айтуына мүмкіндік береаламыз.

Біз Ерлан Жұмағалиев туралы айтпақпыз. Ол жұмыс істейтінфирманы карантинге жапқан кезде Ерлан үйінде отырмай, мұқтаж жандарға азық-түлік тасуды шешкен.



Ерлан,волонтерлық қозғалысқа қосылу туралы шешімді қашан қабылдадыңыз?

-  Карантингедейін мен үш шағын фирманың бухгалтериясын жүргіздім. Оның біреуі жабылып,екеуі қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберді. Жұмыс азайып, бос уақыт пайдаболды.

Фейсбуктен Адель Смиттің (Адель Оразалинова) халыққакөмектесіп жатқанын, «Мен алматылықпын» деген қозғалыс барын оқыдым. БірдеАдель парақшасында азық-түліктаситын еріктілер керек деп жазды. Менде қала ішінде көлікпен жүруге рұқсат бареді. Оған «көмектесе аламын», деп жазып жібердім.

Бірінші рет менен әл-Фарабидегі балалардың онкологиялық орталығына азық-түлік жетізуді өтінді. Кейіндәрігерлерге (қазіркөпшілігі үйлерінде емес)арналған жатақханаға апардым, қолды жиі тазалай берген соң терісі құрғап,жарылып кетпес үшін ауруханаға қолға арналған крем жеткіздім. Қайырымдылыққоймасына зат салынған қораптарды апардым. Мұндай өтініш күнде болмайды, біраққай жерде көлікпен көмек керек, барлығына баруға тырыстым.

Карантинкезінде көптеген адамдарда көзбе-көз сөйлесу мүмкіндігі азайды. Сізде керісінше еріктілер менкөмекке мұқтаж адамдар арасында көптеген таныстар пайда болды. Сіздітолғандарған, таңқалдырған адамдар болды ма?

-  Ментек азық-түлік немесекиімді қажетті мекен-жайғажеткіздім. Сондықтан ешкіммен жақын сөйлеспедім. Бірақ, мені таңқалдырғаныкөмектесуге дайын адамдардың көптігі. Олар әртүрлі жаста болды — жас қыздар, жігіттер, меніңзамандастарым, үлкен кісілер. Бір жолы менен индустриалдық аймақтағы қоймаданазық-түлік алып кетудісұрады. Барсам бір топ спортшы азық-түлікті қапқа, қорапқа жинап, салып жатыр. Көріп, риза болдым.

Бір жолы кездейсоқ танысу болды. Қараңғы түсіп кеткен кез,әйелім екеуміз жаяу кетіп бара жатқан жас келіншекті көріп қалдық. Тоқтап,үйіне жеткізіп тастауды ұсындық. Жолда сөйлесіп бардық. Екі ұлын жалғыз өсіріпотыр екен. Карантинге дейін балабақшада жұмыс істеген. Балалары да сондаболған. Қазір жабылып қалған, жұмыс та, ақша да жоқ. Әйелім өз нөмірін қалдырыпкетті. Кейінірек әлгі әйел хабарласып, көмек сұрады.

Біз жас ананы аяп кеттік. Адельден азық-түлік кәрзіңкесін сұрап алып, апарыпбердім. Қазір әйелім екеуміз оларға әр ай сайын аз болса да көмектесіп тұруғатырысамыз.

— Сіз карантин кезінде көлігіңізбен азық-түлік тасимын дегендеәйеліңіз қолдады ма?

-  Үйдеол туралы айтпадым, өз жұмыстарыммен шығып, сонымен бірге көмекті жеткізіпжүрдім. Мұны ерекше әрекет деп ойламаймын. Бұрын да қолымнан келгенше адамдардыжеткізіп көмектесетінмін. Оның не ерекшелігі бар? Егер мен еріктілікпен тұрақтытүрде айналыссам онда айтуға болар еді. Мен тек еріктілер ұйымына қосылдым,өйткені бос уақытым болды. Әрі Ораза айы болды, жақсы іс істегім келді.

Үміт бұл туралы Kaspi.kz-тенхабарласып, әлеуметтік роликке бірге түсуді ұсынғанда бірақ білді. Бірақ қаттытаңқалмады, өйткені мені жақсы біледі, тек «Сен қашан үлгердің?» деп сұрады.

— Кейбір адамдар көмек сұраса бірден қол ұшын созады,біреулер бас тартады. Бұл неге байланысты?

-  Меніңшебір кезде өзі де қиын жағдайға тап болғандар жиі көмектеседі, өйткені қиындықтыңқандай екенін біледі. Бір жағынан тәрбиенің де орны бар.

— Өзіңіз туралы айтыңызшы. Қандай отбасынан шықтыңыз,өміріңізде қандай қиын сәттер болды?

-  МенӨзбекстанның Бұқара облысында, Тамды ауданында, қазақтар шоғырланған жердедүниеге келдім. Отбасында төртеуміз, үш әкпем және мен. Ата-анам екеуі де Ташкент университетінбітірген. Әкем жас кезінде химия, биология мұғалімі, кейін аудандық оқубөлімінің басшысы, атқарушы комитеттің хатшысы, маххалаллық комитеттің төрағасыболды. Анам орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 90-жылдардағы дағдарыскезінде сол кездегі көптеген адамдар сияқты базарда сауда жасады.                                                Мектептен кейін мен Алматыдағы Нархоздың «Қаржы және кредит» мамандығынаоқуға түстім. Соңғы курста қазақстандық банкте тәжірибеден өттім. Бірақ дипломалған соң ата-анамныңқасында қайттым. Өйткені жалғыз ұлымын. Зейнетақы қорында бас маман болдым,кейін ШОБ несие беретін қорда жұмыс істедім.

Кейін біртіндеп біздің үлкен отбасымыз Қазақстанға көшебастады. Әйелім екеуміз 2002 жылдың көктемінде келдік. Екі баламыз — ұл, қызымыз, мүліктен 20мың теңге, көрпе, ыдысымыз ғана болды. Оралман ретінде бізге екі бөлмелі үйберді. Көршім құрылыста істейтін, көмекші жұмысшы болуға сұранып, қолымабірінші рет түзеткіш ұстадым. Тағы бірнеше жерде қосымша табыс таптым.

Басында қиын болды. Кейін Үміт жұмысқа шығып (бастауыш сыныпмұғалімі), балалар мектепке барып, мен үйдің ішкі есіктерін сататын фирмағажұмысқа тұрдым.

Қазір төрт баламыз бар. Үлкен қызым ҚазПУ-ды бітіріп, әулетіміздегі ұстаздықжолды жалғады. Тұрмысқа шыққан, немереміз бар. Үлкен ұлым алматыдағы Политехтіңтүлегі, кіші ұлым мектепте оқиды, кенже қызым 6 жаста.

— Балаларыңызға адамдарға көмектесуге үйретесіз бе?

-  Арнайыүйретпеймін. Еріктілерге көмектескенімді де айтпадым. Меніңше бұл мақтаныш  емес, күнделікті қалыпты нәрсе.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39