Өз жұмыстарымның арасында мұқтаждарға көмек жеткіздім

11.08.2020, 14:09

67

Қиынкезде адамның басты қасиеті оянады, нағыз қаһармандар пайда болады. Оларпандемия кезінде айналасына көмектесіп, әлемді жақсырақ, мейірімді қыла түсетінмедицина қызметкерлері, волонтерлар, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер.

Kaspi.kzәлеуметтік желіде«Алғыс эстафетасын» іске қосты. Әрқайсымыз Kaspi.kz-тің instagram-дағы www.instagram.com/kaspi.kz/ресми парақшасында осындай қаһармандар туралы баяндап, оларға көпшіліктің«Рахмет!» айтуына мүмкіндік бере аламыз.


БізЕрлан Жұмағалиев туралы айтпақпыз. Ол жұмыс істейтін фирманы карантинге жапқанкезде Ерлан үйінде отырмай, мұқтаж жандарға азық-түлік тасуды шешкен.

Ерлан,волонтерлық қозғалысқа қосылу туралы шешімді қашан қабылдадыңыз?

-  Карантингедейін мен үш шағын фирманың бухгалтериясын жүргіздім. Оның біреуі жабылып,екеуі қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберді. Жұмыс азайып, бос уақыт пайдаболды.

ФейсбуктенАдель Смиттің (Адель Оразалинова) халыққа көмектесіп жатқанын, «Меналматылықпын» деген қозғалыс барын оқыдым. Бірде Адель парақшасында азық-түліктаситын еріктілер керек деп жазды. Менде қала ішінде көлікпен жүруге рұқсат бареді. Оған «көмектесе аламын», деп жазып жібердім.

Біріншірет менен әл-Фарабидегі балалардың онкологиялық орталығына азық-түлік жетізудіөтінді. Кейін дәрігерлерге (қазір көпшілігі үйлерінде емес) арналғанжатақханаға апардым, қолды жиі тазалай берген соң терісі құрғап, жарылып кетпесүшін ауруханаға қолға арналған крем жеткіздім. Қайырымдылық қоймасына затсалынған қораптарды апардым. Мұндай өтініш күнде болмайды, бірақ қай жердекөлікпен көмек керек, барлығына баруға тырыстым.

Карантинкезінде көптеген адамдарда көзбе-көз сөйлесу мүмкіндігі азайды. Сізде керісіншееріктілер мен көмекке мұқтаж адамдар арасында көптеген таныстар пайда болды.Сізді толғандарған, таңқалдырған адамдар болды ма?

-  Ментек азық-түлік немесе киімді қажетті мекен-жайға жеткіздім. Сондықтан ешкімменжақын сөйлеспедім. Бірақ, мені таңқалдырғаны көмектесуге дайын адамдардыңкөптігі. Олар әртүрлі жаста болды — жас қыздар, жігіттер, менің замандастарым,үлкен кісілер. Бір жолы менен индустриалдық аймақтағы қоймадан азық-түлік алыпкетуді сұрады. Барсам бір топ спортшы азық-түлікті қапқа, қорапқа жинап, салыпжатыр. Көріп, риза болдым.

Біржолы кездейсоқ танысу болды. Қараңғы түсіп кеткен кез, әйелім екеуміз жаяукетіп бара жатқан жас келіншекті көріп қалдық. Тоқтап, үйіне жеткізіп тастаудыұсындық. Жолда сөйлесіп бардық. Екі ұлын жалғыз өсіріп отыр екен. Карантингедейін балабақшада жұмыс істеген. Балалары да сонда болған. Қазір жабылыпқалған, жұмыс та, ақша да жоқ. Әйелім өз нөмірін қалдырып кетті. Кейінірек әлгіәйел хабарласып, көмек сұрады.

Бізжас ананы аяп кеттік. Адельден азық-түлік кәрзіңкесін сұрап алып, апарыпбердім. Қазір әйелім екеуміз оларға әр ай сайын аз болса да көмектесіп тұруғатырысамыз.

— Сіз карантин кезінде көлігіңізбен азық-түлік тасимын дегенде әйеліңіз қолдадыма?

-  Үйдеол туралы айтпадым, өз жұмыстарыммен шығып, сонымен бірге көмекті жеткізіпжүрдім. Мұны ерекше әрекет деп ойламаймын. Бұрын да қолымнан келгенше адамдардыжеткізіп көмектесетінмін. Оның не ерекшелігі бар? Егер мен еріктілікпен тұрақтытүрде айналыссам онда айтуға болар еді. Мен тек еріктілер ұйымына қосылдым,өйткені бос уақытым болды. Әрі Ораза айы болды, жақсы іс істегім келді.

Үмітбұл туралы Kaspi.kz-тен хабарласып, әлеуметтік роликкебірге түсуді ұсынғанда бірақ білді. Бірақ қатты таңқалмады, өйткені мені жақсыбіледі, тек «Сен қашан үлгердің?» деп сұрады.

— Кейбір адамдар көмек сұраса бірден қол ұшын созады, біреулер бас тартады. Бұлнеге байланысты?

-  Меніңшебір кезде өзі де қиын жағдайға тап болғандар жиі көмектеседі, өйткені қиындықтыңқандай екенін біледі. Бір жағынан тәрбиенің де орны бар.

— Өзіңіз туралы айтыңызшы. Қандай отбасынан шықтыңыз, өміріңізде қандай қиынсәттер болды?

-  МенӨзбекстанның Бұқара облысында, Тамды ауданында, қазақтар шоғырланған жердедүниеге келдім. Отбасында төртеуміз, үш әкпем және мен. Ата-анам екеуі деТашкент университетін бітірген. Әкем жас кезінде химия, биология мұғалімі,кейін аудандық оқу бөлімінің басшысы, атқарушы комитеттің хатшысы, маххалаллықкомитеттің төрағасы болды. Анам орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді.90-жылдардағы дағдарыс кезінде сол кездегі көптеген адамдар сияқты базардасауда жасады.                                                Мектептен кейін мен Алматыдағы Нархоздың «Қаржы және кредит» мамандығынаоқуға түстім. Соңғы курста қазақстандық банкте тәжірибеден өттім. Бірақ дипломалған соң ата-анамның қасында қайттым. Өйткені жалғыз ұлымын. Зейнетақы қорындабас маман болдым, кейін ШОБ несие беретін қорда жұмыс істедім.

Кейінбіртіндеп біздің үлкен отбасымыз Қазақстанға көше бастады. Әйелім екеуміз 2002жылдың көктемінде келдік. Екі баламыз — ұл, қызымыз, мүліктен 20 мың теңге,көрпе, ыдысымыз ғана болды. Оралман ретінде бізге екі бөлмелі үй берді. Көршімқұрылыста істейтін, көмекші жұмысшы болуға сұранып, қолыма бірінші рет түзеткішұстадым. Тағы бірнеше жерде қосымша табыс таптым.

Басындақиын болды. Кейін Үміт жұмысқа шығып (бастауыш сынып мұғалімі), балалармектепке барып, мен үйдің ішкі есіктерін сататын фирмаға жұмысқа тұрдым.

Қазіртөрт баламыз бар. Үлкен қызым ҚазПУ-ды бітіріп, әулетіміздегі ұстаздық жолдыжалғады. Тұрмысқа шыққан, немереміз бар. Үлкен ұлым алматыдағы Политехтіңтүлегі, кіші ұлым мектепте оқиды, кенже қызым 6 жаста.

— Балаларыңызға адамдарға көмектесуге үйретесіз бе?

-  Арнайыүйретпеймін. Еріктілерге көмектескенімді де айтпадым. Меніңше бұл мақтаныш  емес, күнделікті қалыпты нәрсе.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:05
2021 жылғы ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:48
HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ
Қарлығаш Зарыққанқызы 02.12.2020, 10:04
Мұнай бағасы 20 долларға құлай ма?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11