Пандемиямен күрес: қаражаттың жұмсалуына қатысты заңбұзушылық анықталды

Сайт әкімшілігі

17.10.2020, 03:10

867

 Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген дағдарысқа қарсы қаржының жұмсалуына жүргізілген тексеру жұмыстарының алдын ала нәтижелері және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді. 

Қазақстан Президентіне экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған қаражаттың Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының қатаң бақылауында екені айтылды.  Алдын ала қорытындылар бойынша 940 миллиард теңгеге жуық қаржының жұмсалуы тексерілген. Қазірдің өзінде қаражаттың тиімсіз жоспарлануына және жұмсалуына қатысты бірқатар қаржылық заң бұзушылық деректері анықталған.

Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына экономиканы және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған қаржыны тексеру жұмыстарының қорытынды нәтижелері биылғы желтоқсан айында Президентке ұсынылатынын хабарлады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалау қорытындысымен танысты.

Мемлекет басшысына квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиторлық жұмыстардың жалғасатыны, сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58