Павлодар: Ауыз су мәселесін 2021-жылы түбегейлі шешу керек

12.04.2019, 21:18

35

2020 жылы Павлодар облысы ауылдық жерлерінің 60 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Ал, жалпы 2016жылдан бері облыста жаңадан салынғаны бар, күрделі жөндеуден өткені бар,барлы, ы 555 километр су құбырлары тартылған. Су тарту жұмысы қарқынды жүребастаған үш жыл ішінде әсіресе ауылдық жерлерді сапалы ауызсумен қамтуға күшсалынып, 46 мыңнан астам тұрғын сапалы суға қол жеткізген.

Бұл жұмыстардыңбарлығы «өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында өткенін айта кету керек. Облыстың2016-2018 жылдар аралығында сумен қамту желілерін дамытуға 25,1 миллиард теңгебөлініп, бас-аяғы 33 жоба жүзеге асырылыпты. Бұл мәліметтер облыс әкімі БолатБақауовтың басшылығымен өткен аппараттық кеңесте есеп берген өңірлік жерқойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысыҚадылжан Сәтиевтің дайындаған баяндамасында айтылды. Басқарма басшысы ауылдықелдімекендерді сумен қамтамасыз етуді дамыту жайын айтып, атқарылған шаруалармен алдағы жоспарлармен таныстырды.

Оның айтуынша,облысты сумен қамтамасыз ету жұмыстарына бөлінетін негізгі қаражат –республикалық бюджетке тиесілі. Дегенмен, облыс бюджетінен де қаржы бөлініп,шаруалар атқарылып жатыр.

— Жұмыс нәтижесіндеауылдық елдімекендердің орталықтандырылған су желілеріне қосылу көрсеткіші19,4-тен 29,7 пайызға артты. Осы бағыттағы 52 жобаны жүзеге асыру мақсатында2019 жылы 13 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 10,4 миллиард теңге — республикалық бюджеттен, қалған 2,6 миллиард теңгесі – облыстық бюджеттенбөлінді, — дейді Қадылжан Сәтиев.

Су құбырларынтартып, жұртты орталықтандырылған су жүйесіне қосу мақсатында 2019 жылы іскеасырылмақ 52 жоба аясында 39 нысан пайдалануға беріледі. Бұл нысандар іскеқосылса облыстағы 35 мыңнан астам адам орталықтандырылған суға қосылады. Бұлоблыстың сумен қамтылудағы жалпы көрсеткішін 10 пайызға арттырып, 39,9 пайызғажеткізеді деп күтілуде.

Өңірлік жерқойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысыұсынған мәліметке сүйенсек, биылғы көрсеткішке сәйкес, облыс көлемінде 105ауылдық елдімекен орталықтандырылған су құбырынан су ішіп отыр. Бұл адам басынашаққанда 135 мың тұрғынды құрайды. Демек, биыл ауылдық жерлерде тұратынтұрғындардың 65 пайызы сапалы сумен қамтамасыз етілген.

Аудандарға шақсақ,орталықтандырылған желілерге жалғанған ауылдықтардың көрсеткіштері бойынша алдыңғыорында Тереңкөл ауданы тұр. Бұл ауданда тұрғындардың 82,3 пайызы сапалы ауызсуға қол жеткізген. Бұдан кейінгі орында 76,8 пайыз көрсеткішпен Железин ауданытұрса, 74,7 пайыз көрсеткішпен Ертіс ауданы үздік үштікті қорытындылап тұр.

Облыс әкімі БолатБақауов өз тарапынан бірқатар ескертпелер де жасап қалды. Оның негізгісі суқұбырлары тартылып болғаннан кейінгі жағдайлар ­– құбырлардың кімге тиесіліболатыны, қалай пайдаланылатыны, қандай тарифтер бойынша берілетінін назардаұстау мәселесіне тірелді.

— Кейбір ауылдарда2017 жылы іске қосылған су құбырларының небары 70 пайызы үйлерге жеткізілді.Әкімдер құрылыс жұмыстарының толық аяқталғанын күтіп, бір жылдан соң ғанақұбырларды үйлерге қосады. Адамдарға су керек болса, құрылыс жұмыстарымен қатароны үйлерге де жеткізуге болады емес п, — деп келіп, бірнеше мысал келтірді: — Қараоба ауылында бірде-бір нысан су желілеріне қосылмаған. Успен ауданынақарасты Константиновкада 662 миллион теңгеге жұмыс атқарылды. Бүгінде 325ауланың 201-і ғана құбырға қосылған. Бұл 62 пайыз. Аққулы ауданы Ямышево ауылындабұл көрсеткіш 55 пайыз, — деді әкім.

«Сонда сіздерге судыңкерегі жоқ па?» деген сұрақпен сөзін аяқтаған облыс әкімі Ақтоғай ауданында сутартылып, құбыр үй маңынан өтіп жатқан 1121 ауланың бар болғаны 232-сі ғанаорталықтандырылған су жүйесіне қосылғанын да айтты.

2021 жылға дейінпрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауызсу мәселесін түбейгейлі шешу туралытапсырмасын ауызға алған облыс әкімі Болат Бақауов су құбырларын тарту бойынша жобалық-сметалыққұжаттарды тез арада дайындауды қатаң тапсырды. Оның бұл тапсырмасының қалайорындаларын алдағы уақыт көрсете жатар, дегенмен, бұл тапсырмадан кейін осыкүнге дейін суды арнайы тазарту құрылғылары арқылы сүзіп ішіп отырған 52 ауылмен суды тасып ішіп отырған 8 ауылдың мәселесі шешіліп қалар деп сенеміз. Әкімде осыны айтты.

Әкімнің және бір ескерткені шағын ауылдарға үлкен жобаларды қор қылмау мәселесі. Шағын ауылдарға су тартуды сылтауратып қомақты қаржыны құрта бермей, бұрыннан бар су бұрғылары мен бұрыннан қолданып келе жатқан құрылғыларды жаңарту мәселесіне мән беру керек.

Фото: kzppp.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 17:29
Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42