01.06.2019, 15:33
327
Павлодар облысындақант зауыты ашылады дегелі өзге де шаруалар қолға алына бастады. Бір шаруабасталса оның өзге салаларға да ықпал ететіні белгілі. Әлбетте, өңдеуші зауытболған соң оны шикізатпен, өніммен қамтамасыз етіп отыратын өзге бір шаруа іскеаспаса, бәрі бекер. Осы жағынан алғанда облыстағы Ақсу қаласында ашылмақ қантзауытында өңделетін қант қызылшасын алыстан арбалағаннан жақыннан тасығаноңтайлы әрі шығыны да аз. Бұл бір жағы қан зауыты үшін пайдалы болса, екіншіденоблыс тұрғындары мен ауылшаруашылығының әртараптануы үшін маңызды.
«Павлодар»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қант зауытын салу туралы бірқатаринвесторлармен келіссөздерді бастап та кеткен. Арнайы зерттеулер нәтижесіндеанықталғандай Павлодар облысы қант қызылшасын дамытуға табиғи ресурстары сайкелетін бірден бір өңір. Суы мол, жері құнарлы аймақта жоспарға сәйкес жылына 144мың тонна қант өңдеп шығаратын зауыт салынбақ. Қазақстан қазіргі таңда өзеліміздің 27 пайызын қантпен қамтып отыр. Ал, Павлодардағы зауыт іске қосылсабұл көрсеткіш әлдеқайда арта түседі. Одан бөлек, қантты экспортқа шығару дакөзделген.
Қазір Ақсу қаласынанзауытқа арналған 70 гектар жер учаскесі бөлінген. Жобаныңтехникалық-экономикалық негіздемесі де дайын, инженерлік желілерге қосылуғатехникалық шарттар талапқа сай қолға тиген. Енді тек істі бастау қарсаңында тұрдеуге болады.
Жалпы жоспар бойыншақант зауыты келер жылы салынады. Демек, оған дейін облыста қант қызылшасынөсіру жұмыстарын жеделдете дамыту керек. Осыған орай Ертіс өңірінде қызылшаныңжаңа тұқымдары егіліп, эксперимент жүргізу басталып кетті. 10 бірдей фермерлікшаруашылықтарында KWS Герман бренді қант қызылшасы егілді. Бұл әзіргеэксперименталды түрде болғандықтан, көлемі соншалық көп емес. Дегенмен,мамандар бұл өнімнің Қазақстанды жақсы жерсініп кететінін, алдағы уақытта молөнім беретін негізгі брендке айналады деп сенеді. Жалпы Германиядан 8 сорттытұқым әкелінген. Және ол фермерлерге өтеусіз, тегін берілді. Осы қолдау арқылыфермерлер қант зауыты іске қосылғанға дейін тұқымдарын көбейтіп, істерін жолғақойып үлгерсе болғаны. Осыған орай жаңа кооператив те құрылған.
– Жобаны жүзегеасыру үшін АҚШ, Еуропа және Ресей Федерациясының үздік шетелдік тәжірибесіқарастырылды. Осы жобаны жүзеге асыру аясында аймақта “Павлодар Қант” ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Кооператив құрудың мақсаты – қантзауыты үшін шикізат базасын дамыту, — дейді “Павлодар” ӘКК басқарма төрағасыӘлбек НЕСІПБЕКОВ.
Айта кету керек, жалпықұны 150 миллион АҚШ долларына бағаланып отырған зауыт тәулігіне 6 мың тоннақызылша өңдейді деп күтілуде. Зауыт іске қосылса өңірде 200-ден астам жұмысорны ашылмақ. Қазіргі таңда Қытай, Ресей, Испания сияқты елдердіңинвесторларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Фото: pavlodar.gov.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР