Премьер-министр тоқыма және азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды ашты

05.12.2019, 12:05

89

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Шымкент қаласында үкімет басшысы «Қазақстанныңинвестициялық қоры» АҚ және «Alliance Textile» Өзбек жеңіл өнеркәсіпкәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны — «Alliance» Сауда-өнеркәсіппалатасы» ЖШС жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.

Жоба биыл маусымайында ҚР және ӨР үкіметтерінің арасында бірлескен тоқыма кластерін құру туралықол жеткізілген келісімдер аясында іске асырылды. Тараптардың күш-жігерініңарқасында қысқа уақыт ішінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп,коммуналдық қызметтер тартылды, бұл көп жылдардан бері жұмысы тоқтап тұрғанфабриканы іске қосуды қамтамасыз етті.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – ЕлбасыНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға «қарапайым заттар экономикасын»дамыту міндетін қойды, онда жеңіл өнеркәсіпке ерекше рөл беріледі. Біз оныңалғашқы нәтижелерін көріп отырмыз», — деді Мамин.

Премьер-министр фабриканы іске қосу Қазақстанның тоқымакластерін дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанэкономикасының шикізаттық емес секторларына шетелдік инвестицияларды тартудыңмаңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Өзбекстанның тоқыма өнеркәсібін дамытудағыоң тәжірибесін ескере отырып, биыл 22 маусымда өткен Қазақстан мен Өзбекстанарасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-шіотырысы аясында Шымкент қаласында тоқыма кластерін бірлесіп іске қосу туралыкелісімге қол қойылды», — деді Мамин.

Кәсіпорында біріншікезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мыңтоннаны құрайды. Жобадағы өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 млрдтеңге. 

Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіружөніндегі жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланған, бұлҚазақстанда өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттыруды қамтамасыз етеді және 800жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында АсқарМамин жылдам әзірленетін тамақ өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу рәсімінеқатысты. 

Әлемдегіаса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші — «CG Foods Central Asia» компаниясыжобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салды және 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспенқамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мыңтоннадан асады. Өндіріс процесінде тек отандық шикізат пайдаланылады. Өнімдіішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықтарға да жеткізу жоспарланған. 

Фото: primeminister.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51