Президент ең төменгі жалақы көлемін өсіруді тапсырды

Сайт әкімшілігі

01.09.2021, 12:52

1465

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Үкіметке еліміздегі ең төменгі жалақы көлемін 60 мың теңгеге көтеруді тапсырды,

Ең төменгі жалақы көлемі қайта қарастыратын уақыт келді деп санаймын. Ол 2018 жылдан бері қайта қарастырылған емес. Пандемияға байланысты жаһандық дағдарыс халықтың табысына қысым түсіріп отыр. Оның үстіне, ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елдері арасында қалыс келеді. Сондықтан 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шара 1 миллионнан астам адамға және барлық жұмысшыларға тікелей әсер етеді, — деді Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында.

Оның айтуынша, бұл көлеңкелі жалақы қорын азайтуға мүмкіндік береді, оның көлемі бүгіндері 30% -40% -ды құрайды. Сондай -ақ, ең төменгі жалақының өсуі ішкі тұтыныс өсімі түрінде оң экономикалық әсерге ие болады, бұл ЖІӨ -нің 1,5%-ға өсуіне түрткі бола алады.

Тегтер: Жолдау Мемлекет басшысы кезекті Жолдау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 09:49
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП төрағасы қызметінен кетті
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 09:12
"Қазақстан халқына қоры" халықты жарылқай ма?!
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 09:08
Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 11:01
Сұлтанов азық-түлік бағасын реттей ала ма?
Сайт әкімшілігі 10.01.2022, 11:15
Бизнеске келген шығын 94 млрд теңгеге жуықтады – «Атамекен»
Сайт әкімшілігі 05.01.2022, 10:20
Қ.Тоқаев инфляцияға жол берген кінәлілерді атады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08