22.07.2020, 12:56
77
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиянынтигізген заңбұзушыларға салынатын айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырды. Бұл туралыЭкология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәліметті.
«Бүгін менМемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиянын тигізген заңбұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағынқарастыруды тапсырды. Тек біздің бірлескен күш-жігеріміз ғана еліміздің бірегейтабиғи байлығын сақтауға көмектеседі. Сондықтан журналистерге, блогерлерге,экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың немқұрайлықарамайтындарға айтарым: барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбірқазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік», — дедіМағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР