Қайтқан малда қайыр бар. Jusan банк Ксell акцияларын қайтаруы тиіс

"Жас Алаштың" сараптама орталығы

20.09.2022, 08:37

1082

Өткен аптада Bloomberg мемлекеттің Jusan банк басшылығына Kcell акцияларының 10 пайызын алған бағасымен қайтару бойынша ультиматум қойғанын жазған болатын. Ақпарат расталды және араға уақыт салмай Jusan банк басшылары ұялы байланыс операторының акцияларын «Самұрық-Қазына» қорына сатуды ойластырып отырмыз деген сарында мәлімдемелер жасай бастады. Бұдан мемлекеттің Jusan банкке қаңтарға дейінгі жағымды көзқарасы, енді жағымсыз жаққа қарай өзгергенін байқауға болады.

Мұның барлығы 2021 жылы «Қазақтелекомның» Kcell-дың акцияларын Jusan банкке сатуынан басталды. Былтыр қыркүйекте Қазақстан қор биржасында акциялар саудасы жүреді. «Қазақтелеком» өзіне тиісті Kcell акцияларының 24 пайызын биржа арқылы (себебі жария компания) Jusan банкке сатып жібереді. «Қазақтелеком» Самұрық-Қазына әл-ауқат қорына қарайды және мемлекет меншігіндегі компания. Осы сауда-саттыққа дейін «Қазақтелеком» Kcell үлесінің 75 пайызын ұстап отырды. Келісімнен кейін 51% акциялары ғана қалды.

Бірақ осы сауданың заңсыз жолмен өткенін көрсететін көптеген белгілер пайда болды. Сондықтан экспертті қоғам арасында үлкен әңгімелер жүрді. Елдің дәл қазір мемлекеттің акцияларын қайтар деп отырғаны, осы келісімнің заңсыз жолмен жүзеге асқанын айғақтайды. Сол кезде Қазақстанның миноритарийлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) ҚНРДА-дан Қазақстан қор биржасында 28-30 қыркүйек аралығында орын алған Kcell-дың акцияларының саудасына қатысты тексеру жүргізуді сұраған болатын. Ол туралы QAMS өз сайтында да жазды. Ал оның ҚНРДА-ға жолдаған өтінішін Bloombergжариялаған болатын.

Естеріңізде болса, сол қыркүйекте Kcell ұялы байланыс операторының мемлекетке қарасты акцияларын FHS қаржылық тобы сатып алды. FHS Jusan банкіне иелік етеді. Және осы топтың түп қожайыны болып Нұрсұлтан Назарбаев саналады. Kcell-дің мемлекеттік үлесін FHS сатып алар кезде, Kcell акциялары белгісіз себептермен Қазақстан қор биржасында екі есе арзандап кеткен.

Kcell акцияларының биржадағы біртүрлі құбылыстары. Дереккөз: Bloomberg

2022 жылдың ақпанында Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы ҚНРДА-ға осы мәселеге қатысты ресми сауал жолдайды. ҚНРДА арнайы тексеріс жүргізіп, Kcell акцияларымен жасалған 200-ден астам мәміленің бір күннің ішінде жасалғанын анықтаған. Және онда бағалы қағаздар нарығын манипуляциялау мақсаты тіркелді. Осы мәмілелер 2021 жылғы 1 маусым мен 1 қазан аралығында 11 заңды және екі жеке тұлғамен жасалған. Аталған тұлғаларға қатысты Әкімшілік кодекстің 259-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, берілген арыздар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.

Сарапшылардың есебінше, акциялар өз құнынан 36 пайызға арзанға сатылған. Ал мемлекетке келтірілген шығынның сомасы 24 миллиард теңгені құраған.

Енді мемлекет осы олқылықтың орнын толтырмақ. Сол себепті Жусан банкпен барынша қатал сөйлесетін позициясын байқатты. «Jusan bank» акцияларды қалай және қандай шартпен қайтарады? Осы мәселені тек мемлекет емес, азаматтық қоғам да жіті бақылауында ұстауы тиіс.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 09:00
Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:14
ОПЕК+ мұнай өндіруді азайту келісімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:00
1 шілдеден бастап газ қымбаттайды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 01.06.2023, 10:11
Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
Сайт әкімшілігі 29.05.2023, 10:01
Зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жолдады
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11